«Ата-аналарды педагогикалық қолдау»
Мектебіміздің «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымената-аналар мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлін арттыру, отбасындағы эмоционалдық қолдаудың маңызын түсіндіру мақсатында «Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор кездесу-сабақ өткізілді. Сабақ барысында ата-аналармен ашық пікір алмасу, тренингтер, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.