Тамақ сапасының мониторингісі
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназиясында 2021-2022 оқу жылының наурыз айында мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, мөлшерін зерделеу жүргізілді.
Зерделеу барысында мектепте әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 295 бала күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және асханаға кіргізу жағдайы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 қаулысына сәйкес Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын талаптарын сақтай отырып қамтамасыз етілген. І ауысым бойынша-95 оқушы / 3 топқа /, ІІ ауысым бойынша - 200 оқушы / 4 топқа/ бөлініп әр 30 минут сайын тамақ ішеді. Оқушыларды тамақтандыру кезінде асхана қызметкерлері белгіленген кесте бойынша оқушыларға дер кезінде қызмет көрсете алады. Асхана жұмысын тексеруде санитарлық-гигиеналық жағдайы таза талапқа сай екендігі анықталды. Асханадағы шикізат өнімдерін сақтайтын қойма ішінің таза, өнімдердің реттілігі, жинақылығы анықталды. Ыстық тамақтардың сапасы жақсы, күнделікті ас мәзіріне сәйкес жасалатындығы анықталды.