Мектеп асханасының қаңтар айының мониторингісі » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қаңтар
2020

Мектеп асханасының қаңтар айының мониторингісі

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 2019-2020 оқу жылының қаңтар айында мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, мөлшерін зерделеу жөніндегі анықтамасы.
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №598   бұйрығының 69-70-71 тармағын   негізге ала отырып,мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын тексеру жөніндегі мониторинг жүргізу үшін арнай комиссия құрамы бекітілді.
 Мақсаты: 
 
 
  1. Мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығын сақтау, нығайтуды қамтамасыз ету жұмысының тұрақты қадағалануы;
  2. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық талапқа сай жұмыс істеуін, тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу. Комиссия төмендегі құрамда бекітілген:
1.Р.Қамбарбаева-мектеп директоры-комиссия төрайымы
 2.Г.Сатенова- мектеп-медбикесі, комиисия төрайымның орынбасары
 3. Л.Әбілдаева- ата-аналар комитетінің төрайымы, комиссия мүшесі 
 4. Қ.Мұқылбекова – әлеуметтік педагог, комиссия мүшесі
 5. М.Қазыбекова – қамқоршылық кеңесінің  мүшесі
 Нәтижесінде анықталғаны; мектепте әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 194  бала күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оқушыларға тамақтану кестесі бойынша өз уақытында тамақтануына жағдай жасалған.
 І ауысым бойынша -66, ІІ ауысым бойынша 128 оқушы тамақтанады.
 Барлық ыдыстар маркировкаланған. Тағамға пайдаланылатын ет,сүт, жұмыртқа өнімдерінің сертификаттары бар, тағамдардың ас мәзіріне сәйкес сапасы жақсы, дайындалуы жоғары деңгейде екендігі анықталды. Мектептің асханасында жұмыс жасайтын қызметкерлерінің аспаздық құжаттары бар, барлығы да медициналық тексерістен өткен.  Аудандық СЭС мектеп асханасында тамақ өнімдерін дайындауға, сатуға рұқсат берген. Оқушыларды тамақтандыру кезінде асхана қызметкерлері белгіленген кесте бойынша оқушыларға дер кезінде қызмет көрсете алады. Асхана жұмысын тексеруде санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай екендігі анықталды. Сонымен бірге асхананы таза ұстау керектігі күнделікті қадағаланып, кемшеліктер дер кезінде жойылып отырады. Асханадағы шикізат өнімдерін сақтайтын қойма ішінің таза, өнімдердің реттілігі, жинақылығы анықталды. Буфеттік тағамдардың дайындалу сапасы жақсы, ас мәзірі апта сайын өзгертіліп отырады. Ыстық тағамдардың сапасы жақсы, талапқа сай. Азық-түліктер күнделікті пісіріліп, мүмкіндегінше ертеңгі күнге қалдырылмайды. 
 Асхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар:
 1.Мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің жарамдылығына, сапасына аса назар аударып, әр он күн сайын тамақ өнімін жеткілікті мөлшерде қабылдау.
 2. Буфеттік ассортиментті молайту. 
 Анықтама жазған:               Қ.Мұқылбекова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив