Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 2019-2020 оқу жылының қараша айында мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, мөлшерін зерделеу жөніндегі анықтамасы.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 2019-2020 оқу жылының қараша айында мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, мөлшерін зерделеу жөніндегі анықтамасы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №598 бұйрығының 69-70-71 тармағын негізге ала отырып,мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын тексеру жөніндегі мониторинг жүргізу үшін арнай комиссия құрамы бекітілді.
Мақсаты:
- Мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығын сақтау, нығайтуды қамтамасыз ету жұмысының тұрақты қадағалануы;
- Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық талапқа сай жұмыс істеуін, тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу. Комиссия төмендегі құрамда бекітілген:
1.Р.Қамбарбаева-мектеп директоры-комиссия төрайымы
2.Г.Сатенова- мектеп-медбикесі, комиисия төрайымның орынбасары
3. Л.Әбілдаева- ата-аналар комитетінің төрайымы, комиссия мүшесі
4. Қ.Мұқылбекова – әлеуметтік педагог, комиссия мүшесі
5. М.Қазыбекова – қамқоршылық кеңесінің мүшесі
Нәтижесінде анықталғаны; мектепте әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 200 бала күнделікті бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Оқушыларға тамақтану кестесі бойынша өз уақытында тамақтануына жағдай жасалған.
І ауысым бойынша -68, ІІ ауысым бойынша 132 оқушы тамақтанады.
12.11.2019 жылғы асхана жұмысын зерделеу барысында ас әзірлеу үшін дайындалған ыдыс-аяқтың, тоңазытқыштың санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай екені анықталды. Асханада болған тағамдар мен көкөністердің көлемі көрсетілген мөлшерден төмен екендігі анықталды.
18.11.2019 жылғы қайта зерделеу барысында асханада болған тағамдар мен көкөністердің көлемі көрсетілген мөлшермен сәйкес екендігі анықталды.
Асхана жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар:
1.Мектеп асханасына жеткізілетін тамақ өнімдерінің жарамдылығына, сапасына аса назар аударып, әр он күн сайын тамақ өнімін жеткілікті мөлшерде қабылдау.
2. Буфеттік ассортиментті молайту.
Анықтама жазған: Қ.Мұқылбекова
19.11.2019 жыл