Оқушыларға » Страница 13 » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Патриот болу - парызың"
06
ақпан
2020
"Патриот болу - парызың"
"Патриот болу-парызың" 6"Г және 6"Д" сыныптарының бірлескен тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: қоғамда өздерін көрсететін және өз еліне пайда келтіретін, жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы- патриот тәрбиелеу. "Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі" үш айлық жоспар аясында өткізілді. Жауапты: А.Махашева, Ж.Шымболатова
"Мейірімділік жер бетінде"
05
ақпан
2020
"Мейірімділік жер бетінде"
2019-2020 оқу жылының ақпан айының 5 күні психологиялық кеңес беру айлығы барысында мектебіміздің  психолог Г.Боранбаева мен педагог ұйымдастырушы А.Нұртаеваның ұйымдастыруымен"Мейірімділік жер бетінде" тақырыбында  7 сынып оқушыларымен Флэшмоб ұйымдастырылды. Мұндағы мақсатымыз: Жастар арасында азаматтық және патриоттық сенімдерді дамыту. Іс-шара барысында бейнеролик түсірілді.
«Мейірімді жүрек-жылы тілек»
05
ақпан
2020
«Мейірімді жүрек-жылы тілек»
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназиясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жобасы аясында «Мейірімді жүрек-жылы тілек» тақырыбында ерекше бақылауды қажет ететін (денсаулығына байланысты үйден оқитын) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында 2020 жылдың 5 ақпан күні мектебіміздің психологы Г.Боранбаева, әлеуметтік педагог Қ.Мұқылбекованың ұйымдастыруымен танымдық  іс-шара жүргізілді. Іс шара барысында «Отбасылық
"Бір ел-бір кітап"
30
қаңтар
2020
"Бір ел-бір кітап"
Сарысу ауданы білім бөлімі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен  2020 жылы " Бір ел-бір кітап" республикалық акция аясында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған М.Әуезов  "Абай жолы - ұлы жол" роман-эпопеясын оқыту және насихаттау мақсатында М.Әуезов мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Тулебаева, Ә.Иманкулова, М.Отарбаеваның ұйымдастыруымен мектеп оқушылары көрініс көрсетті. Іс-шарада оқушылармен, ұстаздарды белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен
"Ғажайып фигуралар"
28
қаңтар
2020
"Ғажайып фигуралар"
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында "Ғажайып фигуралар" үйірмесі жұмыс жасауда. Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін үйірме өз жұмысын  жүргізуде.  Үйірмеге 5 сынып оқушылары қамтылған. Оқушылардың  шахмат ойынына деген  қызығушылығы жоғары. Сабақтан бос уақытында ұстаздар да өз шеберліктерін шыңдап , шахмат алаңында ойын өрнегін көрсетіп жүр.
"Жас өнертапқыштар"
27
қаңтар
2020
"Жас өнертапқыштар"
2019-2020 оқу жылы. ХБФГ айлығында өткен іс-шаралар: "Жас өнертапқыштар" 5-11 сынып.  "Бас қатырғыштар" 7-8 сынып. "Экокөрме" 9-10 сынып. Жауапты: география пәні мұғалімдері  Б.Дандибаева, Г. Сүйгенбаева, М.Турсунбаева.
"Ұланымыз  ұлы елдің"
20
қаңтар
2020
"Ұланымыз ұлы елдің"
"Ұланымыз ұлы елдің" атты 1-5 сынып оқушыларын "Жас Ұлан" , "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиын өткізілді.  Мектептің Ұланбасы  Берікбай Ақерке ант тапсырып, 7 сынып оқушысы Қамбар Ерболат "Ұландар" әнін шырқап , балаларға патриоттық рух берді. Жиын соңында мектеп-гимназия директоры Р.Қамбарбаева "Жас Ұландықтарды" ұйымға қабылдануларымен құттықтады. 
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу"
15
қаңтар
2020
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу"
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу" тақырыбында 9-11 сыныптар арасында А. Ермекбаева жиналыс өткізді.  Мақсаты : оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып , құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен , түрлері мен міндеттері мен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға , құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық" жайында бейнефильм көрсетілді.   
"Қысқы көріністер"
06
қаңтар
2020
"Қысқы көріністер"
2019-2020 оқу жылы. Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейтіп, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге, қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау, табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу мақсатында бастауыш сыныптар арасында  "Қысқы көріністер" атты сурет байқауы өтті.
ІІІ Республикалық "Дарабоз"  өнер мен білім байқауы
11
желтоқсан
2019
ІІІ Республикалық "Дарабоз" өнер мен білім байқауы
2019-200 оқу жылы. Мәдениет үйінде ІІІ Республикалық "Дарабоз"  өнер мен білім байқауы өтті. Шәкірттеріміз Ануарбек Бақдаулет 1орын, Төрехан Жұлдыз, Мырзахан Арайлым 2 орынға ие болып, байқаудың  халықаралық 2 кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі Қоңырбекова Жаңыл алғыс хатпен марапатталды.