23
сәуір
2022
«Қызым үйде,қылығы түзде»
2022 жыл сәуір айының 22-і күні Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында қыз балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, білім нәрімен сусындаған мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру мақсатында «Қызым үйде,қылығы түзде» атты қыз балаларымызға арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа 10- сыныптың қыздары аналарымен бірге, мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологы, сынып жетекшілері қатысты.
Сынып жетекшілер С.Сулейменова мен К.Абилкасымова Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың әдемі қанатты сөздерінен бастап, қыздарымызға тәрбие жайында ой салды.
Мектеп психологы Г.Боранбаева аналары мен қыздарының арасындағы дұрыс қарым-қатынас туралы айтса, тәрбие ісі орынбасары Л.Абуова қыздардың сыртқы келбеті, мектеп формасы туралы айтты. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Есенбаев кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға қатысқан аналар қыз тәрбиесі бойынша пікірлерін ортаға салып, ақыл-кеңестерін айтты.