«Даму» » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
қаңтар
2023

«Даму»

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ  МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2022-2023 оқу жылының І жарты жылдық бойынша серіктес мектептермен жүргізген жұмыстарының қорытындысы
      2022-2023 оқу жылында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп –гимназиясына Жайлаукөл ом, Жаңаталап ом, Т.Әубәкіров нм серіктес болып бекітілген. Серіктес мектептер арасында «Даму» желілік қоғамдастығы құрылған. Қоғамдастық мүшелері: серіктес мектептердің директордың оқу ісінің орынбасарлары, мектеп тренерлері,  мектеп үйлестірушілері, көшбасшы мұғалімдер.
   Қоғамдастық жұмысының жүру бағыты: кәсіби әңгіме, оқыту семинарлары, коучинг, шебер сынып, онлайн режимде вебинар, офлайн түрде серіктес мектептермен семинар-практикумдар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілді.
Желілік қоғамдастықтың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметтеріне және НЗМ-нің тәжірибесін таратуға ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау, жетекші мектептер мен серіктес мектептер арасында өзара тәжірибе алмасу болып табылады.
Міндеттері: 
-желілік қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, өзара тәжірибе алмасу.
- біріккен ортақ жоспарды жоспарлау,ортақ шешімге келу.
-мұғалімнің кәсіби қызметіне көмек көрсету, педагогтердің ақпарат алмасуына жағдай жасау,мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу.
-үздік, озат педагогикалық тәжірибелерді  тарату.
Жетекші мектеп пен серіктес мектептердің ақпарат алу және кері байланыс алу құралы: электронды почта, whatsapp, zoom платформасы.
 Жетекші мектептің жылдық жоспары мына бағыттардан тұрады:
  • Ұйымдастырушылық –әдістемелік.  
  • Зерттеушілік.
  • Оқу-әдістемелік.
  • Диагностикалық-талдама жасау.
  • Акпараттандыру-таратушылық.
Күтілетін нәтиже:
  • мұғалімдер үнемі   ізденісте болып,үздіксіз кәсіби   дамиды.
  • бірлескен жұмыс нәтижесін көре  алады.
  • іс-әрекеттегі зерттеу материалдарын, құжаттарымен танысады, тәжірибе алмасады.
  • мектептер арасында ынтымақтасқан орта қалыптасады, жаңашыл мұғалімдер саны артады.
     Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен 2022-2023 оқу жылының тамыз айында мектеп директоры К.Сарсекова серіктес мектептердің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен кездесіп, әңгіме, пікір алмасу жүргізілді. Жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы және жұмыс барысында басшылыққа алатын нормативтік құқықтық құжаттармен таныстырды. Коучинг тақырыбы: «2022-2023 оқу жылында ҚР Білім беру ұйымдарында оқу тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ӘНХ-пен таныстыру жүзеге асты. 2022-2023 оқу жылында жаңадан қосылған серіктес мектептерден ақпараттар жинақталып, семинар-практикумда өтетін тақырыптарды анықтап алдық. Жетекші мектеп жұмысы тамыз айында ұйымдастыру, қыркүйек айынан бастап жоспар жасалып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асты. Барлық жопарланған семинарлардың бағдарламалары жасалып, серіктес мектептерге таратылып отырды.
   Қазан айында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, жетекші мектеп жұмысына жауапты маман А.Алибекованың ұйымдастыруымен «Оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану», семинарда   «Лессон стади жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер» тақырыбы  /мектеп тренерлері Р.Жусипова, М.Макулбекова/, «Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және оның тиімділігін тексеру»/Н,Сыздық, А.Сындыбаева, Ә.Шалбаева/тақырыптарында шебер сынып, коучинг өтсе, қараша айында  «Сабақ құрылымы және тиімді әдіс-тәсілдер» /П.Әлімбекова, Г.Тұрлыбекова/, «Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ-ны пайдалану әдістемесі» /М.Кобжасарова, Г.Смайлова/ тақырыптарына апайлар жоғары деңгейде дайындықпен келіп, әріптестер алғысына бөленді. лардың ұйымдастыруымен өтті.
    Желтоқсан   айының 9 күні мектебіміз  серіктес мектептермен бірге аудан көлемінде семинар-практикум ұйымдастырып, озат тәжірибелі ұстаздарымыз өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 4-сынып «Ауаның маңызы қандай?» /Р.Сүлейменова/, 6-сынып, математика «Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті» /А.Уристенбекова/, 10-сынып,қазақ әдебиеті, «Ақбілек» романы /Г.Төлебаева/ пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізсе, «Ағылшын тілі пәнін тереңдетіп оқыту әдістері» /А.Махашева, А.Мырзахмет/ коучинг өтіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге шебер сыныптар мен ашық сабақтар ұйымдастырылып, әріптестермен топтық жұмыс түрінде жұмыстар жүргізілді. Семинар соңында әріптестермен кері байланыс орнатылып, қорытынды жасалды.
   Дәл осындай жұмыстар алдағы ІІ жартыжылдықта  да жалғасын табады.
    2023 жылдың қаңтар айынан бастап серіктес мектептермен жылдық жоспарымыз бірлесіп жасалғандықтан, серіктес мектептер Жайлаукөл ом, Жаңаталап ом, Т.Әубәкіров нм мұғалімдері де өз тәжірибелерімен бөлісетін болады. 
    Қорытындылай келе, өзгенің уақытын аялайтын, өзінің уақытын аямайтын ұжымдағы ұстаздарымыз алдындағы шәкіртін оқытып қана қоймай, өзінің іс- тәжірибесін өзгелермен бөлісе де біледі. Бұл қазіргі таңда ұстаз иығына артылған үлкен міндет! Бұл міндетті біздің мектеп ұжымыда адал, әрі абыроймен атқаруда. Ынтымақтастық аясында білім әлемінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім бағдарламасына сай іргелі істерді бірлесіп атқаратынымызға, кедергілерден бірлесіп шығатынымызға  сенімдіміз. 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив