25
қаңтар
2023
«Даму»
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2022-2023 оқу жылының І жарты жылдық бойынша серіктес мектептермен жүргізген жұмыстарының қорытындысы
2022-2023 оқу жылында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп –гимназиясына Жайлаукөл ом, Жаңаталап ом, Т.Әубәкіров нм серіктес болып бекітілген. Серіктес мектептер арасында «Даму» желілік қоғамдастығы құрылған. Қоғамдастық мүшелері: серіктес мектептердің директордың оқу ісінің орынбасарлары, мектеп тренерлері, мектеп үйлестірушілері, көшбасшы мұғалімдер.
Қоғамдастық жұмысының жүру бағыты: кәсіби әңгіме, оқыту семинарлары, коучинг, шебер сынып, онлайн режимде вебинар, офлайн түрде серіктес мектептермен семинар-практикумдар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілді.
Желілік қоғамдастықтың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметтеріне және НЗМ-нің тәжірибесін таратуға ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау, жетекші мектептер мен серіктес мектептер арасында өзара тәжірибе алмасу болып табылады.
Міндеттері:
-желілік қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, өзара тәжірибе алмасу.
- біріккен ортақ жоспарды жоспарлау,ортақ шешімге келу.
-мұғалімнің кәсіби қызметіне көмек көрсету, педагогтердің ақпарат алмасуына жағдай жасау,мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу.
-үздік, озат педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Жетекші мектеп пен серіктес мектептердің ақпарат алу және кері байланыс алу құралы: электронды почта, whatsapp, zoom платформасы.
Жетекші мектептің жылдық жоспары мына бағыттардан тұрады:
Қазан айында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, жетекші мектеп жұмысына жауапты маман А.Алибекованың ұйымдастыруымен «Оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану», семинарда «Лессон стади жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер» тақырыбы /мектеп тренерлері Р.Жусипова, М.Макулбекова/, «Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және оның тиімділігін тексеру»/Н,Сыздық, А.Сындыбаева, Ә.Шалбаева/тақырыптарында шебер сынып, коучинг өтсе, қараша айында «Сабақ құрылымы және тиімді әдіс-тәсілдер» /П.Әлімбекова, Г.Тұрлыбекова/, «Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ-ны пайдалану әдістемесі» /М.Кобжасарова, Г.Смайлова/ тақырыптарына апайлар жоғары деңгейде дайындықпен келіп, әріптестер алғысына бөленді. лардың ұйымдастыруымен өтті.
Желтоқсан айының 9 күні мектебіміз серіктес мектептермен бірге аудан көлемінде семинар-практикум ұйымдастырып, озат тәжірибелі ұстаздарымыз өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 4-сынып «Ауаның маңызы қандай?» /Р.Сүлейменова/, 6-сынып, математика «Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті» /А.Уристенбекова/, 10-сынып,қазақ әдебиеті, «Ақбілек» романы /Г.Төлебаева/ пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізсе, «Ағылшын тілі пәнін тереңдетіп оқыту әдістері» /А.Махашева, А.Мырзахмет/ коучинг өтіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге шебер сыныптар мен ашық сабақтар ұйымдастырылып, әріптестермен топтық жұмыс түрінде жұмыстар жүргізілді. Семинар соңында әріптестермен кері байланыс орнатылып, қорытынды жасалды.
Дәл осындай жұмыстар алдағы ІІ жартыжылдықта да жалғасын табады.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап серіктес мектептермен жылдық жоспарымыз бірлесіп жасалғандықтан, серіктес мектептер Жайлаукөл ом, Жаңаталап ом, Т.Әубәкіров нм мұғалімдері де өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Қорытындылай келе, өзгенің уақытын аялайтын, өзінің уақытын аямайтын ұжымдағы ұстаздарымыз алдындағы шәкіртін оқытып қана қоймай, өзінің іс- тәжірибесін өзгелермен бөлісе де біледі. Бұл қазіргі таңда ұстаз иығына артылған үлкен міндет! Бұл міндетті біздің мектеп ұжымыда адал, әрі абыроймен атқаруда. Ынтымақтастық аясында білім әлемінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім бағдарламасына сай іргелі істерді бірлесіп атқаратынымызға, кедергілерден бірлесіп шығатынымызға сенімдіміз.

- Ұйымдастырушылық –әдістемелік.
- Зерттеушілік.
- Оқу-әдістемелік.
- Диагностикалық-талдама жасау.
- Акпараттандыру-таратушылық.
- мұғалімдер үнемі ізденісте болып,үздіксіз кәсіби дамиды.
- бірлескен жұмыс нәтижесін көре алады.
- іс-әрекеттегі зерттеу материалдарын, құжаттарымен танысады, тәжірибе алмасады.
- мектептер арасында ынтымақтасқан орта қалыптасады, жаңашыл мұғалімдер саны артады.