17
наурыз
2022
"Ұлттың ұлы ұстазы" атты ауызша журнал
17 наурыз 2022 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп- гимназиясының кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойы қарсаңында "Ұлттың ұлы ұстазы" атты ауызша журнал 9"Г" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының рухани ұстазы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың артына қалдырған ғылыми, әдеби, мәдени мұраларын насихаттай отырып, жастар бойына адалдық, білімділік, отансүйгіштік қасиеттерді дарытып рухы мықты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде және елімізде атап өтеді. Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы.
ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы-өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспеншілдікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол-қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр,шуақ себумен өткен ағартушы. Халқымыздың рухани көсемі.