21
ақпан
2022
Құрметті оқырмандар!
Құрметті оқырмандар!
Республикалық "Бір ел- бір кітап" акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты - ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жас өспірімдердің зияткерлік- рухани дамуына ықпал жасау.
2022 жылғы " Бір ел- бір кітап-2022" републикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқуға қолдау көрсетілді.
Осыған орай, Ахмет Байтұрсынұлының барлық шығармаларын жариялау туралы шешім қабылданды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде және елімізде атап өтеді. Қазақ елі үшін ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы.
Оқырмандарға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша оқу ұсынылады:
1."Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы"
2. " Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары"
3."Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері"
4."Қазіргі заманғы Ахметтану ғылымы."