14
сәуір
2021
"Оқыдың - басқа адамға бер"
Сәуір айының 12 жұлдызында мектебіміздің кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 9 "Ә" сыныбымен буккроссинг шарасы өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген ықыласын ояту және кітап оқуға қызықтыру, рухани мәдениетін көтеру, кітапханаға тарту, өзінің оқыған кітабын, басқаға ұсыну. Әрбір оқырман сөредегі кітапты алып, орнына басқа кітап қалдыруына болады.
"Bookcrossing" кітаптың өз оқырманын іздеп шығатын бұл қозғалыс, осыдан бірнеше жыл бұрын Америкада басталған болатын. Әлемдік жаһанданумен бірге біздің елге де аяқ басқан осы шараның ерекшелігі - кітап назардан тыс қалып қоймай, қайта айналымға енуінде. Кітаптар жаңа иелерін, ал қатысушылар - қызығушылық бойынша әңгімелесушіні таба алатын әлеуметтік жоба. Bookkcrossing үдерісі "Оқыдың - басқа адамға бер" қағидасына негізделген. Кітап алмасу (буккроссинг) - кітап оқуға кез келген адамның қызығушылығын арттырып, өзі оқып болған кітаппен алмасу болып табылады.
Буккроссинг (ағылшын тілінен аударғанда, "кітаптың айналыста жүруі") идеясын интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған болатын. Жарты жылдан кейін, оның сайтында еркіндікке жіберілген кітаптың жолын жалғастырған 300 белсенді пайдаланушы тіркелді. Буккроссинг " Өзің оқы да - басқаға бер" қағидасына негізделген қарапайым іс-әрекеттен тұрады. Буккроссинг адамдардың кітапқа және кітап оқуға деген қатынасын өзгертеді. Оның мәні - кітаптардың сөрелерде шаң басып жатпауы, басты мақсаты - пайда әкелу! Басқаша айтқанда, бұл жанды кітапхана болып табылады. "Буккроссингтің" бір ерекшелігі - біздің жастар өзінің оқыған кітабын басқа кітаппен алмастырады.
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда "буккроссинг" қозғалысын кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге айналдырудың ешқандай артықтығы жоқ. Егер адам кітапқа қарай жүргісі келмесе, онда кітаптың өзін адамға қарай жүргізіп, оны оқырман орбитасында шыр айналдыру, адамдардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру болып табылады. Осы мақсатта жасалып отырған "Буккроссинг" біздің кітапханамызда өз жалғасын табуда.


