27
наурыз
2019
Таңдау курсының тиімділігі
2018-2019 оқу жылы.
Жаңатас қаласы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының жылдық жоспарына сәйкес 2019 жылдың 27 наурызы күні "Таңдау курсының тиімділігі" тақырыбында семинар практикум болып өтті. Семинарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты таңдау курсының тиімділігі туралы мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу.
Семинардың көрнекілігі: интерактивті тақта, ноутбук, стикерлер, А4 парақтары, маркерлер, үлгілі дәптерлер.
Семинар барысында жоғары санатты ұстаз К.Ж.Әмреева таңдау курсының пайдасы мен тиімділігі туралы мағлұмат берді. Мұғалімдерді топқа бөліп сауалдар арқылы пікір алмасты сондай-ақ семинардың келесі бөлімі бастауыш сынып мұғалімі Р.З.Батырбекованың "Бастауышта оқушылардың каллиографиясын қалай қалыптастыруға болады?" тақырыбымен жалғасы тапты. Бұл бөлімде ұстаз білім алушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда "Көркем жазу" таңдау пәнінің рөлі ерекше екенін атап өтті. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлеріне тоқталды. Әдемі жазуды үйретудің негізгі әдістері мен принциптері жайлы айтты. Бөлім соңында оқушыларды әдемі жазуға қызықтыратын бірнеше ойын жаттығу түрлерімен таныстырды. Семинарға қатысушылар семинардың ұйымдастыруына оң баға берді. Бұл семинардың әсіресе жас мамандарға берер пайдасы мол болды.
Директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Табаншаева.