20
наурыз
2025
«Жаңару күні»
2025 жылдың 20 наурыз күні «Наурызнама» Онкүндігі аясында «Жаңару күніне» орай жас ұрпаққа ағаш егу дәстүрін насихаттау мақсатында, тал егу іс- шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Сарысу ауданының әкімі Мамытов Сәкен Үмбетұлы, Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Жарықбасаов Жуаныш Қалықбергенұлы, Жаңатас қаласының әкімі Домалақов Ілияс Әлімбайұлы, «Аманат» партиясының төрағасы Бұралқиев Мұратбек Бұралқыұлы, Сарысу ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері және мектеп басшылары оқушылармен бірігіп, 60 түп шырша талын отырғызды. Келген қонақтар 20 наурыз «Ұлттық спорт» күніне орай «Асық ату», «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындарға қатысып, іс-шара шағын мерекелік концертпен аяқталды. Осы тұрғыда Жаңатас қаласының 55 жылдығына орай, Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» аясында 55 домбырашы күмбірлетіп күй тартып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
























