18
наурыз
2023
Наурыз тойы құтты болсын !
Наурыз тойы құтты болсын ! 2023 жылы 18 наурыз күні еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуін одан әрі дамытуға бағытталған ұлттық бірліктің басымдықтары бойынша қазақстандықтарды рухани-адамгершілікке біріктіру және ұлттық құндылықтарды (салт-дәстүр) дәріптеу мақсатында "Қош келдің- әз Наурыз!" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласында жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келеді. Наурыз- бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Мерекелік іс-шараға 3- мөлтек аудан тұрғындары, ата-аналар және Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Е. Есмаханов келіп тамашалады.Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Е.Есмаханов іс-шараға қатысушыларды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Іс-шарада оқушылар түрлі ұлттық спорт ойындарына қатысып, ән салып , би билеп өз өнерлерін көрсетті. Ұжымның ұйымдастыруымен дастарқан жайылып, наурыз көже таратылды.