Ақыл ой гимнастикасы » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
қараша
2023

Ақыл ой гимнастикасы

Математика және информатика пәндерінен 9 сынып оқушыларына арналған
 «Ақыл ой гимнастикасы»

топтық сайысы 
Мақсаты: математика және информатика пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық және теориялық білімдерін нығайту.
Көрнекіліктер: проектор, үлестірмелі қағаздар, ноутбуктар, компьютерлер.
Сайыс барысы: 
Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! 
           “Таланттылар терін төгіп, толғансын,
 Тұлпарлары топ жарыста, жүлде алсын”, - деп бүгінгі «Ақыл ой гимнастикасы» атты топтық сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып «Ақыл ой гимнастикасы» атты топтық сайысымызды бастаймыз.
Ойын-толқын,  айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан, 
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген 9 сынып аралығындағы оқушылар. Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін. 
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей ендігі кезек оқушыларда. Топтарға өздерінің топ аты мен ұранын ойластыруға және топ басшысын сайлауға 1 минут уақыт берейік. (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады, топ басшысын хабарлайды). 
Мұғалім:
Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық. Бүгінгі ойынымыз 6 кезеңнен тұрады: таныстыру, жұмбақтар, тіл-өнер, қызықты тәжірибе, «Аниматорлар»,  конструктор.
           Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар
І – кезең. 5-10 ұпай. Ең алғашқы кезеңіміз көріңіз – деп алғашқы  “Таныстыру” кезеңімізді бастаймыз. 
ІІ – кезең. 1 ұпай «Жұмбақтар»
Бұл кезең бойынша сіздерге информатика, математика пәндерінен 20 сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға алғыр да тапқырлықпен жауап беру керек. Жауап беруші алдында тұрған белгішені көтереді. Әр дұрыс жауап үшін топқа 1 ұпайдан қосылады.
1 топ
1.Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)
2.Компьютердің  “ақыл-ойы”, ең басты бөлігі.  (процессор)
3. Оң сандарға қол шатырдай, 
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтасын сен оны.  (квадрат түбір)
   2 топ
1.“Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика – математика патшасы” сөзінің авторы кім?  (Гаусс)
2.Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
3.Қағазға басып шығару құрылғысы. (принтер)
     3топ
1.Сурет салуға арналған программа. (пайнт)
2.Компьютер ауруы. (вирус)
3.Айналған шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына
“Теңдеудің түбірлері нешеу?” – деген
Қандай сан жауап береді сұрағыма.  (Дискриминант)
     4топ
1.Тұңғыш қазақ геологы, қазақ тіліндегі тұңғыш алгебра оқулығының авторы. (Қ.Сатпаев)
2.Квадраттық функцияның графигі. (парабола)
3.Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы. (пернетақта)
5топ
1.Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс. (интернет)
2.Қағаздағы көріністі экранға түсіруші.  (сканер)
3.ax2+bx+c=0 қандай теңдеу?   (квадрат теңдеу)
6топ
1.Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипотенуза)
2.Бір қабырғасы 9 см, ал ауданы 108 см2 болатын тіктөртбұрыштың келесі қабырғасын табыңыздар.   (12) 
3.Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы. (модем)
    7топ
1.Тікбұрышты үшбұрыштының 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең? (гипатинузаның жартысына тең)
2. 1 байт неше биттен тұрады? (8 биттен)
3. Жою пернесі (Delete)
ІІІ – кезең.  3 ұпай «Тіл - өнер»
“Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте”, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас қырандардың тіл білімін тамашалайық. Демек келесі кезеңіміз  “Тіл - өнер”.
Бұл кезеңде сіздерге сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтың жауабын үш тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілінде.
  • Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
  • Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
  • Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ  (терезе – окно - window)
  • Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет – корзина - basket)
  • Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін даярлаймыз? (көшіру – копировать - copy)
  • Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.  (өшіру – удалить - delete)
  • 16+28 = ?(қырық төрт - сорок четыре - forty four)
  • 380 – a = 330 – 175 теңдеуін шеш. (екі жүз жиырма бес - двести двадцать пять  - two hundred twenty)
  • Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура?(шаршы – квадрат -  square)
  • 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(тоқсан сегіз - девяносто восемь  - ninety-eight)
  • Қандай санды оң оқысаң да, теріс оқысаң да сол сөз шығады?(қырық -сорок –forty)
ІV – кезең. 5 ұпай  «Қызықты тәжірибе» деп аталады.
Бұл кезеңде оқушылар математика және информатика пәнінен тәжірибелер орындап көреді. Информатика пәні бойынша: 3 топқа монитор, жүйелік блок, пернетақта, тінтуір және осы құрылғыларды қосатын шнурлар беріледі. Бұл құрылғыларды бір-бірімен тез әрі дұрыс жалғап, компьютерді іске қосқан топ жоғары ұпай алады.
Математика пәні бойынша: 
5 л ыдыс пен 3 л ыдыс бар.Егер басқа ыдыс болмаса,су ағатын шүмектен 4 л суды қалай дәл өлшеп аласың.
Жүргізуші: V- кезең «Аниматорлар»  деп аталады.
Ойынның шарты: Әр командаға информатикаға қатысты экранда құралдардың суреті немесе пәнге қатысты сөздер беріледі. 1 студент экранға теріс қарап тұрады, қалған 3 білімгер көрсетілген құралды іс- қимылмен көрсету қажет. Дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады.Ал егер іс- қимылмен жеткізе алмаған жағдайда балл қойылмайды. Әр білімгер 2 суреттен түсіндіру қажет.
Ал командалар сіздерге сәттілік, ойынның шарты түсінікті болса ойынды бастайық.
1 топ:
  • Пернетақта
  • Әлеуметтік желі
  • Тінтуір
  • Калькулятор
  • циркуль
2 топ:
  • Флешка
  • Qr -код
  • Интерактивті тақта
  • Сызғыш
  • квадрат
3 топ:
  • Веб камера
  • А4 парағы
  • Информатика кабинеті
  • Үшбұрыш
  • Транспортир
VІ- кезең  «Конструктор» деп аталады. Топтарға әр түрлі геометриялық  фигуралар беріледі. Осы фигуралар арқылы күнделікті өмірде  қолданатын бір заттың бейнесін  құрастырып, оны таныстырады.
Олай болса, сөз кезегін бүгінгі сайысымызды әділ бағалап отырған әділқазылар алқасына берейік.
(Әділқазылар топтардың бағаларын қорытып, орындарын анықтайды)
Мұғалім:
 Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын!. Бүгінгі «Ақыл ой гимнастикасы» атты сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз. Келген қонақтарға, қатысушыларға мың да бір алғысымызды білдіреміз! Алар асуларыңыз көп болсын!
Жауапты: Н.Тілеуқабылова, А.Шалбаева, А.Ильяс.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив