22
қараша
2023
«Брейн – ринг» интеллектуалды ойын
22.11.2023 ж.
«Брейн – ринг» интеллектуалды ойын
Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.
Сабақтың түрі:интеллектуалды ойын
Жүргізуші: Тілеуқабылова Н.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы.
«БРЕЙН-РИНГ» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
Біз бүгін 10 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.
Әділқазылар мүшелері:
Алдымен ойынға қатысатын топтарымызды таныстырып кетейін
1 топ – 10 «А» сынып оқушыларынан құралған "SKY_PROBLEMS" тобы
2 топ - 10 «Ә» сынып оқушыларынан құралған "F 4" тобы
3 топ -10 «Б» сынып оқушыларынан құралған "AVANGARD" тобы.
Өмірге өзек болған нақты ғылым
Әлемге ақпараттың шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің,
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа дей келе қатысып отырған қатысушыларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі интеллектуалды сайысымызды бастаймыз!
Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?-
Бүгінгі сайысымыз 5 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырамыз.
(Слайд шоу)
Сайыс кезеңдері.
1-кезең. «Таныстыру»
2-кезең. «Сиқырлы пернетақта»
3-кезең. «Пазл құрастыру»
4-кезең. «Боулинг ойыны»
5-кезең. «Сөзді тап»
Көрермен жиналған бұл тамашаға ,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің бастаймыз.
I-кезең. Таныстыру (5 ұпай)
Әр топ өз тобын таныстырады. Жоғарғы ұпай 5 ұпай.
2 - кезең. ” Сиқырлы пернетақта ”.
Бұл кезеңде экранға ағылшын әріптерінен сөздер шығарылады. Сол сөздерді пернетақтаның көмегімен қазақша нұсқасын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
3-кезең. Пазл құрастыру. Бұл кезеңде оқушыларға компьютердің ішкі құрылғылары бойынша пазыл беріледі. Сол пазылдарды құрастыру керек. Жоғарғы ұпай 5 ұпай.
4-кезең «Боулинг ойыны». Бұл кезеңде Экранға тест тапсырмаларынан жасалынған боулинг ойыны шығарылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
5-кезең «Сөзді тап» Бұл кезеңде топ басшына құлаққап кигізіледі. Топ мүшелеріне информатика пәніне қатысты сөздер жазылған парақ беріледі. Топ мүшелері сол сөздерді топ басшысына айту керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Жетпесіне жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Информатикаға-мың алғыс-деп, әділқазылар алқасына сөз береміз.
Қорытындылау! Марапаттау!