05
мамыр
2022
"Кітап оқитын мектеп"атты облыстық онлайн байқау
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында "Кітап оқитын мектеп"атты облыстық онлайн байқау 2022 жылдың 4 мамыр күні "Менің сүйікті кітабым", "Абайдың қара сөздері", "Сөз маржанын терейік...", "Ізден, талаптан,оқырман!" номинациялары бойынша өткізілді. Байқаудың мақсаты- оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту,кітап оқуды насихаттау.
Қазылар алқасы шешімі негізінде Сарысу ауданының Мұхтар Әуезов атындағы мектеп- гимназиясының 10"Ә"сынып оқушысы Зейнетаева Аружан 1 орынды иеленді. Жоба жетекшісі кітапхана меңгерушісі Сапеева Бота.
Қазылар алқасы шешімі негізінде Сарысу ауданының Мұхтар Әуезов атындағы мектеп- гимназиясының 10"Ә"сынып оқушысы Зейнетаева Аружан 1 орынды иеленді. Жоба жетекшісі кітапхана меңгерушісі Сапеева Бота.




