«Білім сапасы – мұғалім ізденісінде» » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
мамыр
2023

«Білім сапасы – мұғалім ізденісінде»

    «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 
    Сарысу ауданы білім бөлімінің Мұхтар Әуезов
    атындағы мектеп-гимназиясы» КММ                                                                                          
    мектеп-гимназия директоры
    Сарсекова Кенжекүл Дүйсенбекқызы
«Білім сапасы – мұғалім ізденісінде»
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі-мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі- педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 
Сондықтан, «Ұстазға жүктелетін міндет ауыр». Олай болса, болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» жеткілікті емес. Қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларға қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты  дамыған тұлға болуға тиіс. Біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Бұған білім сапалы болғанда ғана жетуге болады.  Себебі, Білім сапасы-қоғамдық білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген:«Мұғалім қандай болса, мектепте сондай». Яғни мұғалім білімді болса, мектепте балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан  хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тірегі-ұстаз. Сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі шығармашылық қызметі.Сапа өздігінен келмейді. Оны жоспарлау керек. Білім мекемесіндегі сапаға жету жолында негізгі жауап беруге тиісті сұрақтар:біздің негізгі мақсатымыз не? Міндетіміз ше? Көрсеткішіміз және оның мәні не болмақ? Біздің тұтынушымыз кімдер?   Олар бізден не күтеді? 
Сапаға жетуде білім мекемесі жұмысының құндылығы-бұл көзделген мақсатқа жету мен басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі:
-оқушыларды бірінші орынға қою;
-жоғары сапалы қызметпен қамту.
      Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты –білім беру үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен  қалыспай, жаңа педагогикалық   инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
      Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен қатар дүниетанымын кеңейтіп, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Бұл, әрине ұстаздан да көп ізденісті талап етеді. Өйткені, «Шәкірт – біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана...». Сондықтан әрбір ұстаз барлық жаңалықтар мен әдістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіріп, оларды тиімді қолдану жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру қажеттілігі заман талабынан өз-өзінен туындап отыр. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарп, интерактивті әдіспен оқытуды талап етеді. 
Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалануда. Ол оқушылардың ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған тұстарын еске түсіруге зор ықпал етеді және бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды.  
Электрондық оқулықтың ең қажет мүмкіндігі – аудиохабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатуға болады. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады. Бұл, әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді.
Оқытудың ажырамас бір бөлігі  қалыптастырушы бағалау. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. 
Оқушының шығармашылық дамуы, қабілетінің ашылуы мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, өз білімін жетілдіріп, жаңалыққа құмар, шығармашыл болуына байланысты. Мұғалім уақыт талабына сай жан-жақты шығармашылық ізденіс жолында болып,   өз білімін жетілдіріп, тәжірибеде оны қолдануы, табысты және сенімді оқытудың дағдылары мен түсініктерін дамытуы керек. 
Қазір мектептерде болып жатқан өзгерістер одан әрі жалғасын тауып отыруы үшін әріптестеріммен бірге іс-тәжірибемізбен алмасып, бір-бірімізді қолдап, кәсіби шеберліктерімізді үздіксіз үнемі жетілдіріп отыру қажет. Өзім де  мектеп директоры  ретінде мектепте енгізіліп жатқан жаңа оқыту әдістерін саналы түрде табысты пайдалану үшін жүйелі жұмыс жоспарын құрып, бірнеше дөңгелек үстелдер, коучинг сессиялар, панорамалық сабақтар, шеберлік сағаттарын ұйымдастыруға ұйтқы болып отырамын. 
Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, оның еңбегінің күрделілігі – әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Ал, бұл мақсаттар мен міндеттердің нәтижесі дарынды оқушымен жұмыстағы өткізілетін түрлі сайыстар,   пән олимпиада жетістіктерінен байқалатыны белгілі. Осы орайда өзім басқарып отырған мектеп-гимназия мұғалімдерінің тынымсыз еңбектері мен ізденістерінің нәтижесінде атқарылған істер барысында біраз нәтижелерге қол жеткіздік, сол қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтейін.
    Аудан көлемінде өткен байқау жетістіктері «Менің кіші Отаным» Аманжол Ұлсана І орын, Дүйсенғали Алина, Сапарбек Жібек «ProEco»облыстық экологиялық жобалар байқауы«Үздік экологиялық бастама» 1-орын, 5-6 сынып оқушылары арасында облыстық орыс тілі пәнінен олимпиада Серік Дәурен 1-орын, Мектепберген Айару 3-орын, Есен Ғабиден5-6 сынып оқушылары арасында облыстық ағылшын пәнінен 1-орын, Мұса Балауса, Асилбек Арайлым «Әбіш оқулары»байқауында 1-орын, «Мұқағали оқулары» байқауында Асилбек Арайлым 1-орын, «Экология балалар көзімен» Желдібек Аяулым,  Нұрланқызы Кәусар 1-орын, «Үздік ғылыми жоба» байқауында Нұржанқызы Әсел 3-орын, Тәжібай Ақсауле, Аманғалиқызы Ақниет «Зерде» байқауында  1-орын, Мұхтарқызы Жансая «Бауыржан Момышұлы нақыл сөздері» 1-орын, «ІҮ       Шерхан оқулары байқауы» Аманғалиқызы Ақниет 1-орын, Ағылшын тілінен олимпиада аудандық Кәрібек Нұрзия  2-орын, «ІҮ Шерхан оқулары байқауы» Құдайберді Дәуір 1-орын, Аудандық олимпиада 5-6 сыныптар жаратылыс пәні, Ержанұлы Бекжан 2-орын, Жомарт Айару 3-орын, орыс тілі пән олимпиада Көшербай Мейіржан Алғыс хат, Айтбай Арайлым қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасы 3-орын, «Абай оқулары» Қыдырбай Толғанай 1-орын, Сарыпбек Хантөре 1-орын, 9-11 сынып оқушылары арасында тарих пәнінен Оразтай Рамазан 1-орын, Сейілтай Айгерім «Мұқағали оқулары» байқауыда –орын,  Елеусіз Бекжан, Елепбай Айдана, Амантаева Анеля, Мырзақұл Балнұр Алғыс хат, Сәкенқызы Аруназ, Желдібек Арнұр «Табиғат сырлары» байқауында 1-орын, Серік Дәурен «Алтын сақа» 1-орын, Зейнетаева Аружан«Кітап оқитын мектеп» 1-орын,
5-6 сынып оқушылары арасында облыстық математика пәнінен олимпиада да Серік Дәурен, Есен Ғабиден  3-орын, Мұса Балауса, Асилбек Арайлым «Әбіш оқулары»байқауында 3-орын, Ерболқызы Нұрқамал «Мағжан оқулары» 3-орын, «Абай әлемі» байқауында 3-орын, «Экология балалар көзімен» байқауында Нұрланқызы Кәусар 3-орын, «ІҮ Шерхан оқулары байқауы» Құдайберді Дәуір 3-орын, «Абай оқулары» Қыдырбай Толғанай, Сарыпбек Хантөре Алғыс хат иеленді. 9-11 сынып оқушылары арасында тарих пәнінен Оразтай Рамазан 2-орын, «Табиғат сырлары» байқауында Сәкенқызы Аруназ 1-орын, Желдібек Арнұр 3-орын, «Алтын сақа» Серік Дәурен Алғыс хат, Зейнетаева Аружан 1-дәрежелі диплом иеленді. 
Республикалық «Кенгуру» байқауында 22 оқушы 1,2,3 орын, «Мұқағали оқулары» байқауында 11 оқушы 2-орындарды иеленді. Республикалық «Жасыл технология баланың көзімен» байқауында Сайлаубек Ақмаржан, Зарлыхан Ғалия Алғыс хаттармен марапатталды.
    Мектеп ұстаздары жетістіктеріне тоқталар болсам, аудандық кәсіби байқауларда 10 мұғалім, облыстық байқауда 15-мұғалім, республикалық байқауда 2-мұғалім, республикалық қашықтық байқауда 3-мұғалім қатысып, 1,2,3 жүлделі орындарды иеленді.
      Қорыта айтарым, бүгінгі күні оқушылардың білім сапасын арттырудағы педогогикалық шығармашылықтың алатын рөлі ерекше екенін заманның өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан әр мұғалім өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, алдындағы отырған шәкірттерді, өз пәнін шын жүрегімін сүйе білу қажет. Ұстаздың педагогикалық шығармашылығының жоғары болуы-тек оқушылардың білім сапасының жоғары болуына әкелмейді, сонымен қатар жалпы мектептің оқу- тәрбие процесінің жоғары деңгейде дамуына зор ықпал етеді.
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Бұл-уақыттың талабы. Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі-ұстаз.  Яғни, негізгі білім қазығы – бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтініне нық сенімдімін. 
Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол ұстаздардың  ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем бола берсін.

Похожие публикации:

30 желтоқсан 2022 Әдістемелік жұмыстар
25 қаңтар 2023 «Даму»
25 қаңтар 2023 «Даму»
21 тамыз 2018 Мектеп сайты
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив