13
сәуір
2023
Қасым Қайсеновтың 105 жылдық мерейтойы
#Оқуға құштар мектеп
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен сәуір айының 13-ші жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры Қасым Қайсеновтың 105 жылдық мерейтойына орай " Жау тылындағы бала" повесі бойынша оқырмандар конференциясы 6"Д" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандарды қаһарман жазушы, Қасым Қайсеновтың шығармашылығы мен өмірімен таныстыру. Кейіпкерлердің іс- әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру. Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға насихаттау.
Қазақ халқының Халық қаһарманы,партизан жазушы- Касым Қайсеновтың туғанына биыл 105 жыл толып отыр. Ұлы Отан соғысы жылдары Белорусь пен Украинада партизан қозғалыстарын бастаған, ерен ерлігі аңыз болып айтылып жүрген батырдың мерейтойына орай бірнеше повестерінің ішінен "Жау тылындағы бала" повесі желісінде оқырмандар конференциясы өткізілді.
Қасым Қайсеновтың өмірі мен шығармашылығы бейнебаян ретінде таныстырылды.
Қасым Қайсеновтың ІІ дәрежелі "Богдан Хмельницкий" орденімен, І және ІІ дәрежелі "Отан соғысы партизанына" медальмен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медальмен,үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және І және ІІІ дәрежелі "За заслуги" орденімен марапатталған. Оған Қазақстан халық батыры (Халық Қаһарманы), "Отан" ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.
"Жау тылындағы бала" - Қасым Қайсеновтың 1961 жылы жазған повесі.Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.
Жас оқырмандарымыз Қасым Қайсеновтың "Жау тылындағы бала" повесі бойынша үш топқа бөлініп повестегі кейіпкерлер желісімен баяндады.
Қасым Қайсеновтың шығармасының желісі бойынша көрініс қойылды.
Қасым Қайсенов -Ұлы Отан соғысында Кеңес жерін жаудан қорғап, Белоруссияда, Украинада партизан қозғалысында қатысып, ерен ерлік көрсеткен жерлестеріміздің бірі Қасым ағамызды тек қана жауынгер, қолбасшы ғана емес, көрнекті жазушы, қазақтың тұлғалы азаматы деп айтуға болады Қасым Қайсенов атамыздың сөзімен айтсақ, соғыс зардабы осындай. Соғыс зор апат. Сондықтан дүние жүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді. Іс-шара соңында "Қазақтың қайсар Қасымы" атты кітап көрмесі библиографиялық шолу арқылы таныстырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлімбекова Патима.