20
ақпан
2023
"HTML тілінде мультимедианы енгізу"
Информатика пәні мұғалімі Н.Қ.Тілеуқабылова 10 «Ә» сыныбымен "HTML тілінде мультимедианы енгізу" атты ашық сабақ өтті. Оқушыларды топқа бөлу үшін «QR» код әдісін қолданды. Үй тапсырмасын «Ойлан-Бөліс» әдісі арқылы сұрады.
«Сәйкестендір» әдісі бойынша, https://learningapps.org сайтынан берілген тапсырмаларды орындатты. «Миға шабуыл» арқылы, тақырыпты анықтау үшін https://wordwall.net сайтында тақырыпқа сәйкес сөздер орны ауыстырылып берілді, дұрыс ретін тауып соған қарап тақырыпты анықтады. Тақырып анықталғаннан кейін, мұғалім оқушыларға сабақтың мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстырып кетті. Мұғалім тақырып бойынша мағлұмат беріп, практика жүзінде көрсетіп түсіндірді. Топтық жұмыс «Кластер» әдісі бойынша жүргізілді. Топқа HTML тілінде «Үй жануарлары»тақырыбы бойынша программа құрастыру беріледі. Сол тақырыпқа сәйкес балалар постер құрып, соны қорғап шықты. Топтық жұмыс барысында HTML тілінде құрастырған программаларын компьютерде орындады. Сабақты қорытындылау мақсатында https://learningapps.org сайтынан тест орындады.
