15
ақпан
2023
"Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері"
Информатика пәні мұғалімі Г.А.Смаилова 6 «Г» сыныбымен "Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері" атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Python тіліндегі сызықтық алгоритмді жазуды үйрету.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құрып «Шаттық шеңберінде» бір-біріне ыстық ықылас білдірді.
І топ «Алгоритм»
ІІ топ «Программа»
Үй тапсырмасын «Қар бұрқасыны» әдісі арқылы екі топ бір-біріне сұрақтар қою арқылы сұрады.
«LearningApps» бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап берді. «Кім жүйрік?» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Екі топқа, астында сан жазылған әріптерді таратты. Сандарды кему реті бойынша орналастырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Жаңа сабақты бейнебаян арқылы түсіндірді. Компьютерде практикалық тапсырмалар орындатты. «Kahoot» арқылы тест сұрақтарына жауап берді. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты, практикалық жұмысты тиянақты орындады. Сабақ қызықты, тартымды, өте жоғары деңгейде өтті. 15.02.2023ж.

- .... кереметсің!
- .....ғажапсың!
- .....тамашасың! т.б.