Судағы қауіпсіздік шаралары » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
маусым
2025

Судағы қауіпсіздік шаралары

Жаңатас  қаласының жедел  құтқару   жасағының  құтқарушылары Кыдырәлі Ыкылас , Бекболат Абылайхан және   құқықтық  тәрбие  ісі –жөніндегі  орынбасары   А. Шадиярбекова сіздерге судағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы жазғы лагерь  балаларына   түсңндңрме  жұмыстар  жүргізді. 

Су – денсаулықты нығайтуға және демалудан барынша рахат алуға көмектесетін адамның одақтастығы, мейірімді досы. Бірақ, сонымен қатар ол алаңғасарлық ойға төзе алмай жоғары қауіптің көзі болуы мүмкін. Алаңғасарлықтың салдары ең ауыр болады. Оларды болдырмау үшін әрбір адам судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс.

Ең бірінші және басты ереже – мектепке дейінгі және бастауыш сыныптағы балалар ересектердің бақылауымен шомылуға тиіс. Балаларды бақылауды барынша күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Үлкендердің еріп жүруінсіз жасөспірімдер арнайы бөлінген орындарда ғана шомылуы мүмкін. Ең көп қайғылы оқиғалар суға шомылуға арналмаған су айдындарында орын алады. Ата-аналар балаға судағы қауіпсіздіктің барлық ережелерін айтып қана қоймай, оған қиын жағдайда өзін-өзі ұстау дағдыларын үйретуі қажет. Жасөспірімді үрейленбеуге және өзін қалай ұстау керек, не істеу керек екенін түсінуге үйрету өте маңызды.

Суға шомылу кезінде жол берілмейді:

1. Бейтаныс жерде, көпірлер мен бөгеттердің астында жүзуге.

2. Су түбінің тереңдігі мен бедерін білмей биіктіктен сүңгуге.

3. Арнайы қоршаулар мен буйкалардан жүзіп кетпеуге.

4. Қайықтарға салдарға және басқа да жүзу құралдарына жақындауға.

5. Қайықтан, кемелерден, айлақтардан суға секіруге.

6. Суда ойнау кезінде бір-бірінің қол-аяқтарынан жармасуға.

Жүзе алмайтындар тереңдігі 1-2 метрден аспайтын арнайы жабдықталған жерлерде ғана шомылуға болады.

«Суға шомылуға тыйым салынады!» ескерту аншлагымен жабдықталған су нысандарында шомылуға қатаң тыйым салынады.

Есіңізде болсын! Тек судағы қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау ғана қайғыға жол бермейді.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив