Оқушылар жетістіктері » Страница 4 » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия имени Мухтара Ауезова»
отдела образования сарысуского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72634) 6-26-32
Бухгалтерия
+7 (72634) 6-26-32
Версия для
слабовидящих
ІІІ Республикалық "Дарабоз"  өнер мен білім байқауы
11
декабрь
2019
ІІІ Республикалық "Дарабоз" өнер мен білім байқауы
2019-200 оқу жылы. Мәдениет үйінде ІІІ Республикалық "Дарабоз"  өнер мен білім байқауы өтті. Шәкірттеріміз Ануарбек Бақдаулет 1орын, Төрехан Жұлдыз, Мырзахан Арайлым 2 орынға ие болып, байқаудың  халықаралық 2 кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі Қоңырбекова Жаңыл алғыс хатпен марапатталды.
Аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау
10
декабрь
2019
Аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау
2019-2020 оқу жылы. Мектебімізде Аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау лездемесі өтті.  Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы. 1. Мейірбек Баян І орын, 11 "Ә" сыныбы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні, мұғалімі Г.Дүйсенова  2. Рашид Жұлдызай І орын, 9 "Ә" сыныбы, орыс тілі мен әдебиеті пәні,  мұғалімі Г.Уркенбаева 3. Алпысбай Арай І орын, 10 "Ә" сыныбы, шетел тілі, мұғалімі Ә.Нұрымбек 4. Кәрібек Нұршат І орын, 9 "Б" сыныбы, биология, мұғалімі К.Әбілқасымова 5. Калыкулова Құралай ІІ
"Жасыл әлем" ертегілер байқауы
09
декабрь
2019
"Жасыл әлем" ертегілер байқауы
2019-2020 оқу жылы. Мектеп жасындағы балалардың экологиялық дүниетанымын тәрбиелеу, оларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Жасыл әлем" ертегілер байқауы өткізіліп, үздік танылған суреттер ауданға жіберілді. Байқау нәтижесінде ІІ турға ертегі құрастыруға Мұхтар Ернұр, Дулыға Диас, Нұрлыбек Мерей, Абдикадир Балым атты оқушыларымыз өтті.
"Ұлттың ұлы мұрасы"
06
декабрь
2019
"Ұлттың ұлы мұрасы"
2019-2020 оқу жылы. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер фестивалінда мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушылары  Аяпберген Құттықадам бейнелеу өнері бойынша бас жүлдені иеленді. Жетекшісі: көркем еңбек пәні мұғалімі Сансызбаева Индира Жаппарқызы. Нұрланова Назерке қол өнер жұмыстары бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Абай Құнанбаевтың туған жері Семей қаласына жолдама алды.
"Талантыңды танып біл"
27
ноябрь
2019
"Талантыңды танып біл"
2019-2020 оқу жылы. 4 сыныптар арасында "Талантыңды танып біл" атты сайыс өтті. Нәтижесінде 4 "Б" сыныбы І орынға иеленді.
"Майкөт Сындыбайұлына 195 жыл"
22
ноябрь
2019
"Майкөт Сындыбайұлына 195 жыл"
2019-2020 оқу жылы. Аудандық кітапханада Майкөт Сындыбайұлының 195 жасына арналған әдеби кеш және ақынның жинақ кітабының  тұсау кесері өтті. "Ұлы даланың Гомері" атты кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға таратылды. Аудан мектептерінен оқушылар қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Тажибаеваның  10 "А" сынып оқушысы Майова Алина қатысып ақынның өлеңдерін жатқа оқып ,  бағалы сыйлықпен марапатталды. 
“Wanted talents”
19
ноябрь
2019
“Wanted talents”
“Wanted talents” 2019-2020 оқу жылы.   Шет тілі айлығы барысында мектебімізде «Wanted talents» атты тақырыпта дарынды , өнерлі балаларды іздестіру мақсатында кастинг өткізіліп, гала концертке жолдама алған оқушылар түрлі жанрларда: би , ән, оригами, қол өнер, домбыра , сурет салу , кубик-рубик жинау бойынша  өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесінде : Бас жүлде - Төрехан Арай, Төрехан Жұлдыз І орын - Мызахан Арайлым мен Аружан ІІ орын - Маликов Абдрахман ІІІ орын - Құсайнов Алихан, Рашидова
"Zhanatas Dance Battle"
15
ноябрь
2019
"Zhanatas Dance Battle"
Жастар саясатын іске асыру мақсатында 15.11.19 ж. аудандық "Zhanatas Dance Battle" атты замануи би байқауы өткізілді. Мектебімізден құралған "The talkyn" тобы ІІ орынға ие болды.
"Алтын күз - 2019"
11
ноябрь
2019
"Алтын күз - 2019"
2019-2020 оқу жылы.  Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту, күз мезгілінің берекелді екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілеттерін дамыту, балаларды еңбекқорлыққа  тәрбиелеу мақсатында 3-4 сыныптар арасында "Алтын күз" суретшілер байқауы өтті. Нәтижесінде 4 "Д" сынып оқушысы Қырғызбай Ердәуіт Бас жүлдені ұтып алды, 4 "Ә" сынып оқушысы Рашид Жания І орынды иеленді, 4 "Б" сынып оқушысы Исатай Алима ІІ орынды иеленді. Жауапты: Д.Ниетбекова, Э.Тойжанова.