Шығармашылық шыңына-дарынды баламен
Әдебиет – адам өнерінің ішіндегі ең ұзақ жасайтындарының бірі!
Ғабиден Мұстафин
2019 жылдың январь айының 25 жұлдызында Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г. Тулебаева мен Ә. Иманқұлова «Сахна шебері »мен «Жас олимпиадашылар»үйірмелерінің жарты жылдық қорытындысы бойынша 5-6 сынып оқушыларының арасында «Шығармашылық шыңына-дарынды баламен» атты тақырыбында бойындағы табиғат берген ерекше қабілеті бар жас жеткіншектермен әдеби – сазды кеш өткізді. Кешті өткізудің мақсаты - әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеп шығармашылыққа баулу.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
1. Өлең, мен сені аялап өтемін (мәнерлеп оқу сайысы)
2. Кейіпкердей толғанып, сыр айтамын (монолог оқу сайысы)
3. Театр мәні –шебер актер ( көрініс көрсету сайысы)
4. Құлақтан кіріп, бойды алар (жас әншілер сайысы)
5. Жырлайды жас жүрегім- жақсылықты (Жас ақындар сайысы )
Сайыс өте тартымды өтті. Оқушылар сайыста барынша жан-жақты өнерлерін ортаға салып Сонымен қатар, 27 январь Халықаралық интернетсіз «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясын жариялау мақсатында интернетсіз әдеби кітаптарды көп оқып рухани азығын байытқан оқушыларды да анықтадық.
Сайыстың соңында мектеп-гимназия директоры Р. Қамбарбаева дарынды білімгерлерге алғысын білдіріп, жүлдеге ие болғандарын марапаттады.