Попечительский совет отырысы
№ 3 Хаттама
Попечительский совет отырысы
14.02.2020 жыл
Қатысқандар: Попечительский совет мүшелері, мектеп директоры Р. Қамбарбаева, мектеп психологі Г. Боранбаева мен әлеуметтік педагог Қ. Мұқылбекова, ДҚТІЖО А. Ермекбаева.
Режим днянде:
1. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында құқықтық тәрбие жұмысы мен қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстың есебі. (мектеп инспекторы Г. Сатыбекова)
а) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау бағытында жүргізілген жұмыстардың есебі. (А. Ермекбаева)
б) Мектеп психологі мен әлуметтік педагогтың атқарған жұмыстарының есебі. (Г. Боранбаева, Қ. Мұқылбекова)
2. Мектептің педагогикалық әдеп кеңес құрамын бекіту. (Р. Қамбарбаева)
3. Оқушылар сабаққа келу тәртібінің орындалуы жайлы (Тұзақбай Сүлейменнің ата-анасының міндетін орындалуы 8Г сынып жетекшісі К. Абилкасымова)
Тындалды:
Попечительский советінің төрағасы С. Абдималиков жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Белгілі бір себептермен мектеп инспекторы Г. Сатыбекова жиналысқа қатыспады.
Мектептің әлеуметтік педагогы Қ.Мұқылбекова 2019-2020 оқу жылында сентябрь айында 05.09-15.09.2019ж аралығында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында жағдайы төмен отбасы, көп балалы, жетім, жартылай жетім отбасы оқушыларының тұрмыстық жағдайы зерделеніп, сынып жетекшілердің өткізген тізімдеріне қарай отырып, оқушыларды әлуметтік санаттары бойынша тізімдерін анықтап, мектептің әлеуметтік төлқұжатын әзірлеген. Соның нәтижесінде анықталғаны көп балалы отбасының оқушы саны-420, толық емес отбасының оқушы саны-185, тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балалары-200, қомқорлыққа алынған оқушы саны-8, ерекше білімді қажет ететін оқушы саны-15 екендігін айтып өтті.
Мектеп мұғалімдерін мазалайтын мәселе тәртібі қиын, сабақтан себепсіз қалатын, ұстаздардың талабын орындамайтын, ашуға бейім оқушылардың барлығын атап өтті. Баланың қиын мінезіне ата-анамен қарым-қатынас екені анықталған. Отбасында қараусыз, панасыз қалған оқушыларды анықтау мақсатында АІІБ есебінде тұрған 2 оқушының үйіне бақылау жүргізілген. Оқушылардың ата-аналарының қарым-қатынасы дұрыс еместігін атап өтті. Мектеп психологі тарапынан анасы Ж. Искаковаға кеңестер берілген. Оқушылардың тұрмыс жағдайы өте жақсы. Барлық жағдайлары жасалған. Аталған оқушылар бос уақытында қосымша үйірмемен қамтылған. А. Ермекбаеваның оқу жылының басында мектепішілік есепке 15 оқушыны қойғанын, бірақ ешқандай құқықтық кеңес отырысын өткізбейтінін айтты. Оқушылардың әлеуметтік ортасын зерделеу барысында анасы ішімдік ішетін оқушылар анықталған. Отбасын құрған өгей әке мен шешемен тұратын 20 оқушынын барын айтты. Уақытша қамқорлықта немесе сенім хатпен тұрып жатқан 40 оқушы бар.
Сөйледі: С. Адбималиков (кеңес төрағасы)
Кеңес төрағасы тәртіпке бағынбайтын, зиянды әдеттерге бейім оқушылармен алдын алу жұмысын жүргізуді мектеп инспекторына тапсырды.
Сөйледі: Қ. Мұқылбекова (әлеуметтік педагог)
Тәртіп бұзуға бейім, агрессиясын қолда ұстай алмайтын 8Г сынып оқушысы А. Әбді қазіргі күндері «Жаңатас жастары» еріктілер тобына қосылып жұмыс жасап жүргенін айтып, тәртібі біршама жақсарғанын мәлімдеді.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау бағытында жүргізілген жұмыстармен А. Ермекбаева таныстырды. Өз сөзінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша есеп берді. Кеңес төрағасы С. Абдималиков тәртіп бұзуға бейім оқушылармен қандай жұмыс жасап жатқанын сұрады. А. Ермекбаева сентябрь айында жоспар жасап, оны бекітіп жұмыс жасап отырғанын айтты. Жолда жүруге байланысты қауіпсіздік ережелерімен таныстырғанын, бала құқығы туралы конвенция құжатымен бастауыш сынып оқушыларын таныстырып, мектеп психологы Г. Боранбаева тренинг өтіп, пікір алмасқанын айтты. «Ұрлық» тақырыбында дәріс жүргізгенін айтты, Халықаралық темекі шегуге бас тарту күніне орай бірнеше іс-шаралар (тәрбие сағаттары, тренинг, кездесу) өткенін айтты. Ерте жүктіліктің алдын алу бағыты бойынша «Қыз бала отбасы ұйытқысы» тақырыбында сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткенін, аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырғанын, «Жасөсірпірім және заң» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтты. 15 оқушы мектепішілік есепке алынғанын айтып, осының ішінде 1 оқушы Т. Сүлейменнің сабаққа келу тәртібі қиын болып отырғанын , ал қалған оқушылардың тәртібі жақсы екенін мәлімдеді.
Сөйледі: С. Абдималиков (кеңес төрағасы)
Аталған і-шаралар оқу жылының басынан атқарылған жұмыстар ма? Тоқсанына қанша рет жиналыс өткізгенін сұрады. Зиянды әдетке үйір оқушылармен, ата-анасымен қандай жұмыс жүргізіліп отырғанын сұрады.
Сөйледі: А. Ермекбаева (тәрбие орынбасары)
Жоспардан тыс, жоспарға байланысты оқушылармен жиналыс өткізетінін мәлімдеді. Ата-анасына айыппұл салдыртпағанын мойындады. Ондай оқушылар мектеп қабырғасында зиянды әдеттерін көрсетпейтінін айтып, ол нәрсені үйінде немесе сыртта жасайтынын мәлімдеді. Бірақ ата-анаға балаларының зиянды әдетке үйірлігін айтқанда, ескерткенде, ол кісілердің мойындамайтынын айтты.
Сөйледі: С. Абдималиков (кеңес төрағасы)
Ол оқушылардың зиянды әдетке үйірлігін қайдан білгенін сұрады. А. Ермекбаева өз сөзінде сырттан естігенін мәлімдеді.
Сөйледі: Р. Қамбарбаева (мектеп директоры)
Мектеп психологының есебін тындағанан кейін А.Ермекбаеваның жұмысы жайлы мәлімдеме жасайтынын айтты
Сөйледі: Г. Боранбаева (мектеп психологі)
2019-2020 оқу жылының сентябрь айында балалардың сабаққа қатысуы, мектеп ережелерін сақтауы, өзін-өзі басқаруы, эмоциялық жай-күйлері туралы сынып жетекшілері тарапынан, мектеп әкімшілігі тарапынан да бақылау жұмыстары жүргізіліп, бақылау нәтижесінде балалардың жүріс-тұрысындағы тәртібіне байланысты құқық бұзушылыққа бейім, есепке алынған оқушылардың тәуекел топтары анықталған. 2019-2020 оқу жылында 17 оқушы есепке алынған. Оның ішінде 15 мектепішілік есепте, 2 оқушы аудандық есепте. Есепке алынған оқушыларды әртүрлі тәуекел топтарына жатқызған. Сонымен қатар есепке алынған оқушылардың тәртібі, сабаққа қатысулары үнемі бақылауға алынған. Жасаған психологиялық жеке жұмыстарына тоқталып өтті. Жұмысының нәтижесін көріп отыру үшін мониторинг жасап отырған.
Сөйледі: С. Абдималиков (кеңес төрағасы)
Тәртіпке көнбейтін қанша оқушы барын сұрады?
Сөйледі: Г. Боранбаева ( мектеп психологі)
Агрессиясын қолда ұстай алмайтын оқушылардың себебін анықтау барысында, вербальді агрессия оқушыларда басым екені анықталған. Баланың мінез-құлқына байланысты сұраныспен келген ата-аналардың жоқтығын айтты.
Сөйледі: С. Абималиков (кеңес төрағасы)
Мектеп қабырғасында оқушылар арасында ақша сұрайтын фактілер кездескенде қандай жұмыстар жүргізілгенін сұрады.
Сөйледі: А. Ермекбаева (тәрбие орынбасары)
Ондай жағдайлар кездесіп отыратынын мойындап, оқушымен сөйлесіп, ата-аналарын шақыртып жұмыс жасап отырғанын сұрады.
Сөйледі: Р. Қамбарбаева ( мектеп директоры)
Мектеп басшысының құзіретін айта келе, Айнұр Кендебайқызын лауазымдық міндеттерінен босататынын айтты. А.Ермекбаева оқу жылының басынан лауазымы бойынша жұмыс жоспарын әкеліп бекітпеген. Өз міндетін тек мектептегі кезекшілігімен (бейсенбі күні оқушыларды түгендеу, олардың формасын бақылаумен) шектелетінін, өз уақытысында лауазымдық міндеттеріне қол қоюдан бас тартқанын айтты. А. Ермекбаева орындаушылық тәртіп бойынша жұмыстарды уақытылы атқармайтынын мәлімдеді. Берілген 54 тапсырманың 2-еуін ғана орындаған. Акимат района білім бөлімінің алқа отырысында орындаушылық бойынша (құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша) ескерту алғанын айтып өтті. Уақытысында берілген хаттарға жауап бермейтінін айтты. Мекеме басшысы ретінде жиналыста (ДЖК) индикаторлық көрсеткіш бойынша атқарған жұмыстарды сұрағанда, есеп беруден бас тартып, педагогикалық этиканы сақтамай жиналыстан шығып кеткенін айтты. Лауазымдық міндетін өз деңгейінде орындай алмайтынын айтып А. Ермекбаеваны жұмыстан шығаруды көздеп отырмағанын, тек лауазымдық қызметінен босататынын мәлімдеді.
Сөйледі: С. Абдималиков (кеңес төрағасы)
Қай пәннен сабақ беретінін сұрады! Кез-келген келеңсіз оқиға орын алса ең бірінші мектеп басшысынан жауап сұрайтынын айтты. Кез-келген мәселеде ауыз біршілікпен жұмыс жасауға шақырды. Екеу ара келісіммен шешуге шақырды.
Сөйледі: А. Ермекбаева (директордың орынбасары)
Мектеп басшысының жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отырғанын айтты. Өзінің ішімдік, темекі қолданбайтындығын, уақтылы жұмыс жасап жатқандығын мәлімдеді. Өзің мектептің педагогикалық кеңесіне, директор жанындағы кеңестің жиынына да салғанын айтты. Бұл мектепте ішімдік ішетіндер, көшеде жататындар жұмыс істейтіндігін айтып, педагогикалық этиканы сақтамай сөйледі. Мектеп басшысының берген тапсырмаларын алмағанын мойындайтынын айтып, бірін жазатынын, бірін жазбай қалып кететінін мәлімдеді.
Жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отырғанын, сөз соңында өз тарапынан заңға жүгінетіндігін айтып, кеңес мүшелерінен рұқсат сұрап жиналыстан шығып кетті.
2. Екінші мәселе бойынша мектеп басшысыР.Қамбарбаева мектептің педагогикалық әдеп кеңес құрамымен таныстырып, тізімін атап, бекітіп беруді сұранды.
1. Сағынтаева Роза (бірлестік жетекшісі)
2. Уристенбекова Арай (бірлестік жетекшісі)
3. Батырбекова Раушан (бірлестік жетекшісі)
4. Сүлейменова Салтанат (бірлестік жетекшісі)
5. Жүсіпова Роза (бірлестік жетекшісі)
6. Жұмағұлова Бекзада (білім бөлімінің әдіскері)
7. Шаяхметова Ирина (ата-ана)
Сөйледі: Р.Қамбарбаева ( мектеп директоры)
Әдеп кеңестің жұмыс бағыты, қағидаттарымен таныстырды.Попечительский совет мүшелерінің алдына әдеп кеңес мүшелерін шақырып жеке жеке таныстырды.
3. Оқушылар сабаққа келу тәртібінің орындалуы жайлы (Тұзақбай Сүлейменнің ата-анасының міндетін орындалуы 8Г сынып жетекшісі К. Абилкасымова)
Сөйледі: К. Абилкасымова (8Г сынып жетекшісі)
Тұзақбай Сүлеймен оқу жылының басынан сабаққа кешігіп келетінің, үнемі себепсіз қалатынын айтты. Үйіне барса есік ашпайтынын, анасының (Г. Үмбетова) жұмыс орнына барғанда мардымды жауап бермейтінін, Акт толтырғанда қол қоймайтынын мәлімдеді. Телефонға дұрыс жауап бермейтінін де айтып өтті. Телефонмен айқайлап жауап беретінін айтты. Денсаулығына байланысты ауырып келемесе, ол күндерге анықтама әкеп бермейтінін мәлімдеді. Үйіне, жұмыс орнына барғаннан нәтиже шықпайтынын айтты. Сынып жетекшісі үйіне мектеп психологы Г. Боранбаева, әлеуметтік педагог Қ. Мұқылбекова мен А.Есенбаев, тәрбие орынбасары Л. Абуова, мектеп инспекторымен де барған. Көршілері Тұзақбай Сүлеймен деген баланың тұратынын да білмеген. 1,5 ай сабақ келмеген, сол уақытқа дерматолог Ә. Қалманбаева «Микоз гладкой кожи» деген анықтама жазып берген.
Кеңес шешімі:
1.1. Аудандық ішкі істер бөліміне мектеп инспекторы мен қамтамасыз ету туралы сұраныс жасау.
1.2. Мектеп тәртібіне бағынбайтын, тәртіп бұзатын, зиянды әрекеттерге бейім балалар, олардың ата-аналарымен жеке жұмыс жүргізу.
1.3 Ата-аналардың жауапкершілігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру. Ата-ана , оқушылардың арасында құқықтық сауаттылық жұмысын жүргізу.
1.4. Мектеп директоры Р.Қамбарбаеваның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ермекбаеваның лауазымы бойынша жұмыс тәртібі туралы хабарлама назарға алынсың.Мектеп директорына заң шеңберінде өз құзіреттілігінің аясында шешім шығару ұсынылсын.
2.1. Мектептің педогогикалық әдеп кеңес құрамы ұсынылған тізіммен бекітілсін.
2.2. Кеңес жұмысының барысы қамқоршылық кеңесіне директордың есебімен бірге тыңдалып отыру ұсынылды.
3.1. Тұзақбай Сүлейменнің мектепке келу тәртібін қадағалау жалғастырылсын. Оқушының анасы мен пікірлесу міндеттерін түсіндіру жүргізілсін.







