"Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы"
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясы
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі бастау алды.
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын жетілдіру, оқушыларды жалпы адами құндылықтар, адами қарым-қатынас нормасымен таныстыру, азаматтық мәдениетке баулу және рухани адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру.
Онкүндік аясында іс - шара жоспары түзіліп,бекітілді. 01.02.2019 күні «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндіктің салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі - Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі - Адам болып қалыптасуының алғы шарты. Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту осы пәннің еншісіне тиді. Бұл істе –Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан! Үлкен жүректі Ел Анасының, сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделген ойлары мен тұжырымдарының жемісі. Хорошийны ұлықтай білу де, жайсанды қызықтай білу де ақылдың ісі. 02-.02.2019 жылы «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында бірыңғай ашық сабақтар өткізілді.
04.02.2019 жылымектеп кітапханасында «Өзін – өзі тану» адамгершілік – рухани бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың,педагог – гуманисттердің шығармалары көрмесі ұйымдастырылды.
6 февраль 2019 жылы «Алтын жүрек анамыз» атты мәтінді мәнерлеп оқу сайысы, «Руханилықтың мөлдір бұлағы » атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы шығармашылық жұмыстарының (сурет,ашық хаттар, қабырға газеті, қолдан жасалған бұйымдар) көрмесі және эссе конкурстары ұйымдастырылды.
2019 жылы 7 февраль күні - адамзаттық құндылықтары толысқан,мәдениетті ,білімді, шығармашылықпен айналысуға қалыптасқан,алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру мақсатында 7-8 сыныптар арасында «Бәрі сүйіспеншіліктен басталады» атты тақырыпта концерттік бағдарлама өткізілді.
2019 жылы 8 февраль күні - 9 – 10 сыныптар арасында жастардың мейірімділік, қайырымдылық,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту,өмірдегі болып жатқан түрлі жағдайларды ескеріп,жан – жағымызға мейірімділік ұялату мақсатында «Қайырымдылық – жер бетінде !» ұранымен флешмоб ұйымдастырылды.
11 февраль 2019 жылы - Демеушілер мен меценаттарды тарта отырып,аз қамтылған отбасынан шыққан,мүмкіндігі шектеулі балаларға «Жүректен - жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциялары мен марафондары өткізілді.
2019 жылдың 12 февраль күндері мұғалімдер онкүндікте әр сыныпта бірінші сабақ «Өзін – өзі тану» пәні бойынша «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге - отбасынан», «Кәусар бұлақ - тұнығынан», «Қызыққа толы бұл әлем» тақырыптарында тәрбие сабақтарын, «Анам және мен» тақырыбында ата-аналармен оқушылардың қатысуымен сыныптан тыс іс-шараларын өткізді. Онкүндік іс - шара соңында белсенділік танытып атсалысқан сыныптар, оқушылар дипломдармен марапатталды.