О нас » Страница 17 » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия имени Мухтара Ауезова»
отдела образования сарысуского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72634) 6-26-32
Бухгалтерия
+7 (72634) 6-26-32
Версия для
слабовидящих
"Кітап оқитын мектеп"атты облыстық онлайн байқау
05
май
2022
"Кітап оқитын мектеп"атты облыстық онлайн байқау
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында "Кітап оқитын мектеп"атты облыстық онлайн байқау 2022 жылдың 4 май күні "Менің сүйікті кітабым", "Абайдың қара сөздері", "Сөз маржанын терейік...", "Ізден, талаптан,оқырман!" номинациялары бойынша өткізілді. Байқаудың мақсаты- оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту,кітап оқуды насихаттау.   Қазылар алқасы шешімі
«Қызым үйде,қылығы түзде»
23
апрель
2022
«Қызым үйде,қылығы түзде»
2022 жыл апрель айының 22-і күні Мұхтар Әуезов атындағы  мектеп-гимназиясында  қыз  балаларға тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып,    білім нәрімен сусындаған мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын,  жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру мақсатында «Қызым үйде,қылығы түзде» атты қыз балаларымызға арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа 10- сыныптың қыздары аналарымен бірге, мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі
1-сыныпқа  қабылдау
20
апрель
2022
1-сыныпқа қабылдау
1-сыныпқа  қабылдау    2022-2023 оқу жылына білім алушыларды 1-сыныпқа қабылдау  1-апрель мен 1-август аралығында жүргізіледі. Қабылдау сайтының уақытша жұмыс жасамауына байланысты ата-аналардан  өтініш уақытша қағаз түрінде қабылданады. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: 1.Ата-ананың өтініші 2.Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі 3.Баланың 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама  4. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат  5.
"Ең үздік кітапхана"
04
апрель
2022
"Ең үздік кітапхана"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында облыстық "Ең үздік кітапхана" шеруіне белсенді қатысқаны үшін Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды
Марапаттау
17
март
2022
Марапаттау
16 март 2022 жылы аудан мектептері арасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қашықтан өткізілген "Кітап оқитын мектеп" атты аудандық байқауда Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10"Ә"сынып оқушысы Зейнетаева Аружан 1орын иеленді. Жоба жетекшісі кітапхана меңгерушісі Сапеева Бота.
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы » атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі
02
февраль
2022
«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы » атты
2021-2022 оқу жылының 1-11 февраль аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы » атты өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі өткізіліп жатыр. Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту. Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі  аясында іс-шаралар мен әртүрлі танымдық байқаулар, сайыстар ұйымдастырылатын болады.
Мектепішілік "Жас маман-2022" байқауы
29
январь
2022
Мектепішілік "Жас маман-2022" байқауы
Мектепішілік "Жас маман-2022" байқауы 28,29 январь күндері болып өтті. Мақсаты:Талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және жас педагог туралы оң пікір қалыптастыру. Міндеті:Жас педагогтарды жаңа интеллектуалды  және шығармашылық іс-әрекеттердің жаңа нысанын іздендіруге ынталандыру; Жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс жасайтын жас педагогтарға қолдау көрсету. Байқау екі кезеңнен тұрды 1-кезең  1.1 пәндік тест тапсыру 1.2 шығармашылық тақырыпты қорғау 2-кезең  2.1. "Мамандығым-мақтанышым"
Мектепішілік олимпиада
12
ноябрь
2021
Мектепішілік олимпиада
12 ноябрь 2021 жылы "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында (ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен) олимпиаданың І мектепішілік кезеңі өткізілді.
"ProEco" экологиялық жобалар конкурсы
12
ноябрь
2021
"ProEco" экологиялық жобалар конкурсы
12 ноябрь 2021 жылы Тараз қаласында өткен облыстық "ProEco" экологиялық жобалар конкурсында "Таза қала сізден басталады" номинациясы бойынша, мектебіміздің 8Б сынып оқушысы Бекберген Нұрай ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Кузтаева Айман.