Мектептің тарихы
Мектептің құрылған жылы, орны
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының ғимараты 1974 жылы пайдалануға берілген. Жалпы жобалық сыйымдылығы - 1568 орын. Мектеп ғимараты типтік, мектеп 3 шағын ауданда орналасқан. Мектепте 43 оқу кабинеті бар, оның ішінде 23 ақылы кабинет жұмыс жасайды. Мектепте 5 интерактивті тақта, 1 лингофонды-мультимедиалық кабинет, 1 химия, 1 биология жаңа модификациялық кабинет бар. Мектепте 4 информатика кабинетінде 104 компьютер орналасқан. 1 компьютерге – 12 оқушыдан келеді.
Мектеп қазақ тілінде білім береді. Мектепте екі ауысымда 1295, МАД топтарында 148 оқушы дәріс алады. Бірінші ауысымда 668 оқушы білім алса, екінші ауысымда 627 оқушы білім алады. Мектепте 29 бастауыш , орта буында - 27, жоғарғы буында -5, барлығы 61 сынып бар. Оның ішінде 25 гимназия сыныптары.
Мектептің эмблемасы
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының эмблемасының сыртқы пішіні дөңгелек түрінде бейнеленген. Эмблеманың сыртқы жиегі қою жасыл түспен беріліп,жоғарғы және төменгі бөлігінде мектеп-гимназияның атауы ақ түспен жазылған. Жиектің екі бүйірі ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген. Эмблеманың ортасында қызыл түспен киелі шаңырақ және төменгі етегінде ақ түсті фонға орналасқан кітап суреттелген. Шеңбер бойымен "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы” деген сөздің ақ түспен жазылуы адалдық пен тазалықты, жаймашуақ қалыпты білдіреді. Кітап пен шаңырақтың жоғарғы бөлігінде сары түспен нұрын шашқан күн сәулесі бейнеленген.
Эмблемада бейнеленген шаңырақ баршамызды біртұтастыққа, береке-бірлікке шақырады. Киелілігімен мектеп-гимназиясының ауданымызда алғаш білім ошағы болып ашылғандығын айқындайды.
Мектептің гимні
Қасиетті қара шаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі басшылары, оқытушылары мен оқушыларының күнделікті шығармашылық еңбегінің арқасында қаланған. Бүгінгі таңда оқу-тәрбие саласында халыққа қызмет етіп келе жатқан қара шаңырақтың тарихи тағылымы сонау 1974 жылдан бастау алады.
Жалпы ғимарат туралы мәлімет
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 43 оқу кабинеті бар. Сентябрь айының басында барлық кабинеттерге рұқсат АКТ беріледі.
І қабатта кабинеттер саны-22, ІІ қабатта кабинеттер саны-10, ІІІ қабатта кабинеттер саны-9, технология пәндері бойынша 2 шеберхана жұмыс істейді. Оның ішінде ақылы кабинеттер саны-23. Мектеп-гимназия жаңа заманға сай күрделі жөндеуден өтті. Кабинеттер талапқа сай безендірілген. Мектеп мүлкі биылғы оқу жылында түгел жаңартылды. Мектепте қауіпсіздік шаралары сақталған. Мектеп ұжымы мен оқушылар үшін кітапхана қызмет етеді.
Мектеп-гимназиямызда физика, химия, биология кабинеттеріне интерактивті тақта ілінген. Оқу-зертханалық бөлмелері талапқа сай бөлінген. № 17 кабинет лингофонды мультимедиялық кабинет. Мектепте компьютер саны-105. Мектеп бойынша бала басына шаққанда 11,9 келеді. Мектепте 3 кабинет және 1 кітапхана INTERNET жүйесіне қосылған. Компьютер орнатылған кабинеттерде өрт қауіпсіздігі сақтау бұрышы бар. Ал қалған кабинеттерде қауіпсіздік бұрышы стенд жасалған.
Кабинет меңгерушілері және пән мұғалімдері қауіпсіздік ережелерін сақтап, бала өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапкершілікпен қарайды.
Мектептің сандық көрсеткіштері
<!--Мектептің салынған жылы -1974ж
<!-- Мектептің жалпы алаңы -2.5570 га
<!-- Асхананың аумағы -270
<!-- АКТ зал аумағы -241
<!-- Информациятық технология кабинеті -3
<!-- Жаңа модификациялық кабинет -39
Пайдалануға берілген жылы - 1974
Жалпы сыйымдылығы - 1568 орын
Мектеп ғимараты - типтік
Мектептегі оқу кабинеті - 42
Компьютер саны - 104
1 компьютерге - 12 оқушы
Мектеп сайты –zhanatas-auezov.mektebi.kz
Электронды пошта – auezov. zhanatas@mail.kz
Педагогикалық кадрлар саны - 126
Оқыту тілі - қазақ
Жұмыс тәртібі - 2 ауысымда
І ауысымда - 689 оқушы
ІІ ауысымда - 608 оқушы
1296 оқушы
Мектепалды даярлық тобында -148 бала тәрбиеленуде