"Соғыс қаншалықты керек еді? дөңгелек үстел » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия имени Мухтара Ауезова»
отдела образования сарысуского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72634) 6-26-32
Бухгалтерия
+7 (72634) 6-26-32
Версия для
слабовидящих
25
декабрь
2018

"Соғыс қаншалықты керек еді? дөңгелек үстел

2018 жылдың 25 декабрьда тарих пәні мұғалімі Н.Жанбекова тереңдетілген сыныппен "Соғыс қаншалықты керек еді?" атты дөңгелек үстел өткізді.

Тақырыбы: "Соғыс қаншалықты керек еді?"
Типі: дөңгелек үстeл
Мақсаты:
Оқушылардың тоқсан бойынша алған білімдерін шындап,ойлау деңгейлерін дамыту.
Білімдік: Школьникам Ұлы Отан соғысының басталуының себебін соғыстың тигізген зардаптарының жойқындығын тусіндіру.
Тәрбиелілік: Оқушылардың Отанға, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру максатында халық қамын ойлаған тұлғалар мен елін қорғаған батырлардың ісін үлгі етіп, оқушыларды адамгершілікке, намысқойлыққа, ержүректілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту, XX ғ. КСРО халқының ел тарихындағы болған оқиғалардың, Ұлы Отан соғысының рөлін түсіндіру.
Әдісі: аралас (репродуктивті, баяндау, әңгімелеу, өлең, тақпақ, сұрақ -жауап ).
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Ұлы Отан соғысы жайлы слайдтар, бейнефильмдер «
Ұлы Отан соғысы»    және т. б. суреттері, портреттер, схемалар, окулықтар.
Қолданылған әдебиеттер: «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы 2, 2006 ж., 11, 2006 ж., 1, 2009 ж.,«Жеңіс» фотоальбом кітабы 2005 жыл «Өнер» баспасы, Сүлейменов Р. Б. "Тарихи тұлғалар”, Х. К. Ермұханова «Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер» Алматы 2007 ж. Қ. Аманжолов «Ерліктің жарқын беттері», «Дуние жүзі тарихы» 10 класс «Мектеп» баспасы. 2006 ж., «Қазақстандықтардың ҰО соғысына қоскан үлесі.
Жоспары:
      1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Конверттегі сұрақтар
3.Бейнефильм көрсету «Ұлы Отан соғысы».
4. Мұғалімнің сөзі:
(Кіріспе сөз, сабақтың мақсатымен таныстыру).
 а) 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс пен  Ұлы Отан соғысы кезіндегі
 шайқастар жайында мәлімет Соғыстың елге, халыққа әкелген зардаптары. ( оқушыларға  ой тастау)
 5. Тақпақ «Мен қазақпын», «Лининградттық өренім», «Ардагер атам»

6.  «Суреттер сөйлейді»  (постер қорғау).
7.  Қазақстандықтардың  Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі. Қазақстандық батырлар. «Соғыстың болуы заңдылық па, әлде кездейсоқтық па?».
Соғыс қаншалықты қажет еді? (пікірсайыс)
8. Ән Қуандық Рақым. «Мен қазақпын»

9.Мақал мәтел.

10.Мұнара құрастыру.(ақ парақтан)

11. Қорытындылау.  
  Барысы:
 1.Ұйымдастыру кезеңі.
 Интерактивті тақтаны дайындау, оқушыларды отырғызу

2. Конверттегі сұрақтар
3. Бейнефильм көрсету  «Ұлы Отан соғысы».
4. Мұғалімнің сөзі:
(Кіріспе сөз, сабақтың мақсатымен).
- Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.     «Соғыс қаншалықты керек еді?» деген тақырыпта дөңгелек үстөлге қош келдіңіздер.  Соңғы жылдары баспасөз беттерінде «Ұлы Отан соғысы» деп атау дұрыс емес, «Не бетімізбен тойлаймыз?», т. б. мақалалар басылып жатыр. Жеңіс күнін тойламай, керісінше аза тұту керек деген пікірлер айтылып жүр. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған бүгінгі сабағымызда осы мәселелерге де тоқталып өтеміз.
1940 жылы 18 декабрьда А. Гитлер құпия кеңесте "Барбаросса ” жоспарын бекітті. Герман қарулы куштері 6 - 10 аптаның ішінде Кеңестер Одағын тас - талқан етуді көздеді. Немістер "Солтүстік”, "Орталық”, "Оңтүстік” армия топтарын жасақтады.
1941 жылы 22 июньда таңғы сағат 4 - те гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы келісімшартты бұзып, соғыс жарияламастан тұтқиылдан Кеңестер Одағына соғыс бастады.
Соғысты 1941 жылдың күзінде аяктауды жоспарлады, КСРО ішкі бірліктен жұрдай көп ұлттың жасанды тұрақсыз бірлестігі деп есептеді.
КСРО - ның басшылары В. В. Молотов пен И. В. Сталин өздерінің сөйлеген сөздеріңде бұл соғысты "Отан соғысы” кейіннен "Ұлы Отан соғысы” деп атады. 1941 жылы 30 июньда И. В. Сталиннің төрағалық етуімен Мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылды.
Интернет мәліметтері:«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды».
Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс өртін тұтатушы фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Бас көтерер ел ұландары арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанды. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы 1941 жылы 22 июньда таңғы сағат 4 басталды. Фашистік Германия Кеңес еліне 190 дивизияға біріккен 5, 5 млн әскерімен, 3500 танкісімен, 4900 әскери самолетімен, 50000 - нан астамзеңбірек, минометтерімен басып кірді. Кеңес елі оларға 170 дивизияға біріккен 2, 7 млн әскер, 1475 танк, 1540 самолет, 37, 5 мың зеңбірек пен миномет қарсы қоя алды. Соғыс 1418 күнге созылды. 27 млн адам қырылды, ал әр тәулікте 14 мың 104 адам, әр сағатта 588 адам, әр минутта 98 адам опат болды. Соғысқа дейінгі Қазақстанда тұрған 6, 2 млн адамның 1, 2 млн - ы майданға аттанды. Сонымен қатар 700 мың адам еңбек армияларында қызмет еткен. Осы соғыс кезінде 410 мың қазақ мәйіт болған. 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры және "Даңқ” орденінің толық иегері атанды. Оның ішінде 97 - сі қазақ.
Әр 1 млн қазаққа 33 батырдан келеді. Салыстырып айтқанда, бұл көрсеткіш: түркмендерде 21 - ге, қырғыздарда 18 - ге, өзбектерде 16 - ға тең.
Халқымыздың зердесінде бұл күн: 1945 жылдың 9 - майы мәңгі есте сақталады. Өйткені, бұл күн - әлем фашистік құлдықтан құтылған күн.
   а) 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыс пен  Ұлы Отан соғысы кезіндегі  шайқастар жайында мәлімет Соғыстың елге, халыққа әкелген зардаптары. ( оқушыларға  ой тастау)

5. Тақпақ «Мен қазақпын», «Лининградттық өренім», «Ардагер атам»

6.  «Суреттер сөйлейді»  (постер қорғау).

7  . Қазақстандықтардың  Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі. Қазақстандық батырлар.  «Соғыстың болуы заңдылық па, әлде кездейсоқтық па?».

Соғыс қаншалықты қажет еді? (пікірсайыс).

8.Ән Қуандық Рақым. «Мен қазақпын»

9.Қазақ  еліміздің  адал ұрпағы болу үшін ертеден келе жатқан мақал –мәтелдерін де естен шығармай  жүруіміз қажет.

Мен халқымның ұлымын.

Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет.

Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын.

Жағадан алған дұшпаннан, етектен алған ит қауіпті.

Ел үшін аянба - ерлігіңе сын.

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Өліні қадірлемеген, тіріні құрметтемейді.

10.Мұнара құрастыру.(ақ парақтан)

11.Қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив