18
октябрь
2022
"Айбыны асқақ, беделі биік Қазақстан!"
Октябрь айының 19-шы жұлдызында мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "2022-Балалар жылы" қарсаңында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 25- октябрь Республика күніне орай "Айбыны асқақ, беделі биік Қазақстан!" атты кітап көрмесі 3"А" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптастыру тарихымен таныстыру, болашақта Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосатын тұлғалар екендігін ұғындыру, елін сүюге, құрметтеуге, Отанын қастерлеуге насихаттау.
1990 жылы 25 октябрьда Республиканың жоғарғы кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне батыл қадам жасалған күн. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері, еліміз талай-талай асқарлы асуларды бағындырды.Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп,оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы нарықтық экономикалық-демократиялық ел ретінде таниды.
Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймыз,
Өйткені ол-Ұлт күні, Қазақ күні.
Көк байрағым елдігім, еркіндігім!
Республика күні құтты болсын!!!