21
апрель
2022
"Қаһарман қызы қазақтың-Хиуаз Доспанова" атты кітап көрмесі
2022 жыл "Балалар жылы" қарсаңында, апрель айының 21 жұлдызында мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қаһарман қызы қазақтың-Хиуаз Доспанова" атты кітап көрмесі 4"Д" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты:Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұрпақтың санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, соның ішінде қазақ қыздарының да, Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Хиуаз Доспанова -Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданда ерлікпен шайқасқан қазақ қызы. Солтүстік Кавказ, Кубань, Украина, Беларуссия мен Германияны фашистерден азат ету жолында үш жүзден аса әуе шайқасына қатысқан.