11
ноябрь
2021
"Ертегілер әлеміне саяхат" атты 15 минуттық үзілісте кітап оқу сағаты
Ноябрь айының 11 жұлдызында мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ертегілер әлеміне саяхат" атты 15 минуттық үзілісте кітап оқу сағаты 4 "Б" сынып оқушыларымен өткізілді.
Мақсаты:
- ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, кайта жаңғыртып еске тусіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу...
Ертегі - әрқашанда да біздің оқырмандарымыз үшін ауыз айтып жеткізе алмас ғажайып дүние. Ертегі - баланың толық дамуы үшін қол жетімді құралдардың бірі болып табылады.
Ертегі жанры баланың ой өрісін жетілдіріп, сана сезімін оятып, қиялын қанағаттандырады, жаманнан жирендіріп, адамгершілікке имандылыққа тәрбиелейді. Әр алуан мазмұндағы "Ертегі" - деген аты ертедегі, ертеде ерте күндегі деген сөзден туған.




