30
ноябрь
2019
Әлеуметтік педагог арасында семинар практикум
Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясында «Кәмілетке толмағандардың қараусыз, панасыз қалуын, құқық бұзушылықтары мен қоғамға қарсы іс-әрекеттерінің алдын алудағы әлуметтік педагогтың рөлі» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогтарының ұйымдастыруы мен семинар практикум отырысы өткізілді. Семинар практикумға білім бөлімінің әдіскері Б.Жұмағұлова және аудан мектептерінің әлеуметтік педагогтары қатысты. Семинар барысында «Бала тәрбиесінде кездесетін кедергілер мен қиыншылықтарды шешу жолдары» тақырыбында коучинг және «Менің құқығым мен міндетім» тақырыбында 9Г сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.





