8 Март Халықаралық әйелдер күні
Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясы 2018-2019 оқу жылы март айының
7 жұлдызында 8 март –Халықаралық әйелдер күніне арналған «Таң шапағаты» атты мерекесіне арналған іс-шараның қорытындысы
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
2018-2019 оқу жылының март айының 7 жұлдызында сағат 7:30 дан бастап, мектеп дәлізін безендіріп, 8 март –Халықаралық әйелдер күніне арналған «Таң шапағаты» атты мерекелік құттықтау іс –шарасы өткізілді. 5 «В» сынып оқушысы Тынышбек Алихан әдемі әнімен мерекелік іс- шарамызды ашып, мектептің ер мұғалімдері ұстаздарға ізгі тілектерін айтып құттықтау сөздерін айтты. 9 «Г» сынып оқушысы Бұралқиева Ақнұр "Ана" әнін орындаса, 6 «Ә» сынып оқушысы Қамбар Ерболат «Әке- ана» әнін орындап , мұғалімдерді мерекемен құттықтады.
"Аяулы ана, асыл жар, ардақты ұстаз» атты мерекелік іс-шара
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаз- аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушылардың ұстазға, ата – анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
2018-2019 оқу жылының март айының 7 жұлдызында 8 март –Халықаралық әйелдер күніне арналған 11 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен «Аяулы ана, асыл жар, ардақты ұстаз» атты концерттік бағдарлама өткізілді. 1 «Б» сыныбының бүлдіршіндері ұстаздарға арнаған өлең-шумақтарын тарту етті. Осы сыныптың бүлдіршіні Ануарбек Бақдаулет «Апатайым» әнін орындап, барша аналарды, ұстаздарды мерекемен құттықтады 11 «Ә» сыныбының оқушысы Биболатова Айдананың «Самға» әнін орындаса, 5 «Ә» сынып оқушысы «Балбырауын» күйін тартып көңілді бір марқайтып жіберді. Ал 11 сынып қыздары «Испан», «Джаз» билерімен көрермендерді таң қалдырды. Және де ұлдардан құралған топтың музыкалық көріністері де тамаша әсер қалдырды. Ардагер ұстаздарға алғыс білдіру мақсатында ұстаздарға арналған гүл шоқтарымен, оларға арнап дайындаған фотоальбомдарын да көрсетті. Абдрасилова Айдананың «All of me» әнімен ортада вальс билеп, ойындар да ойнатылды. Кеш соңында қорытынды сөз айтылып, мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде өткізілді.
Күні: 07.03.2019 ж.
Педагог – ұйымдастырушы: А.Нуртаева

























