06
декабрь
2023
“XXI ғасыр көшбасшысы”
Тарих пәні мұғалімдері Н. Қосбаев пен Б. Түсіпбаевтың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында “XXI ғасыр көшбасшысы” тақырыбында интеллектуалды ойын өтті. Білімді , жан жақты XXI ғасыр көшбасшысына лайық деп танылған әр сыныптан жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар болып келген үміткерлеріміз өз білімдерін ортаға салды. Сайыскерлер белсенді қатысып отырды. Сайыс барысында белсене қатысқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды.




