Мектепте терроризмге қарсы қорғану жұмыстарын ұйымдастыру » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-гимназия имени Мухтара Ауезова»
отдела образования сарысуского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(72634) 6-26-32
Бухгалтерия
+7 (72634) 6-26-32
Версия для
слабовидящих
» » Мектепте терроризмге қарсы қорғану жұмыстарын ұйымдастыру
24
май
2024

Мектепте терроризмге қарсы қорғану жұмыстарын ұйымдастыру

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Cарысу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Тақырыбы: Мектепте  терроризмге қарсы қорғану жұмыстарын ұйымдастыру  бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстардың қорытынды талдауы. 
Мақсаты: Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және терроризм актісін жасау қаупі төнген кезде мектеп қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің  қорғану іс-әрекеттері жетілдіру.
          31 август 2023 жылы өткізілген педагогикалық кеңесте «Терроризмге қарсы қорғану жұмыстарын ұйымдастыру  бойынша 2023-2024  оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес, мектеп директорының тарапынан терроризмге жауапты тұлғалар мен олардың негізгі лауазымдық міндеттері бұйрық бойынша бекітіліп берілді.
Мектеп ұжымын, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 июльдегі №416-1 Заңы, «Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021 жылғы 6 майдағы №305 Қаулысы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 мартдағы №117 бұйрығымен таныстырып, тиісті «Күнделікті тіршілік жағдайында қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздігін, лаңкестікке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету бойынша» бастапқы нұсқама беріліп  танысқандықтары жөнінде тіркеу журналына қолдары қойлды.   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 мартдағы № 117 бұйрығының 1-тарау, 7-тармақшасына сәйкес, объектінің антитеррорлық қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагындыков Рауан  жүктелді. Ал, антитеррорлық қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагындыков Рауан және директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қыланова Дурияның лауазымдық міндеттеріне террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 мартдағы №117 бұйрығы) енгізілді. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 мартдағы № 117 бұйрығының 3-тарау, 23-тармақшасына сәйкес, профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында жұмысты үйлестіруді, сондай-ақ білім беру объектісінің педагогтерімен көрсетілген іс-шараларды өткізуді объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуге жауапты директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагындыков Рауан Макатовичке жүктеліп, төмендегідей жұмыстар атқарылды. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 мартдағы № 117 бұйрығының 5-тарау, 62-тармақшасына сәйкес, обьектінің терроризмге қарсы қорғалу паспорттын әзірлеу, оны сақтауға және төлқұжат деректерін уақытылы жаңартуға жауапты болып директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қыланова Дурияға міндеттеліп, мекеменің паспорты жаңадан жасалып, АІІ бөлімімен келісіліп, бекітілді.  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 мартдағы № 117 бұйрығының 2-тарау, 12-тармақшасына сәйкес, мекемеде  өткізу режимін ұйымдастыру тәртібіне жауапты қызметкерлер тізімі бекітіліп тиісті бұйрық шығарылды, жауапты қызметкерлер өздеріне міндеттелген жұмысты өз дәрежесінде атқарды.  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 мартдағы № 117 бұйрығының 2-тарау, 14-тармақшасына сәйкес, мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс кестесі және олардың жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта кіру тәртібі реті арқылы жүргізілді; 
1.Педагогтер – 07:30/ 19:35
2.Техникалық қызметкерлер- 09:00/20:00
3.Вахтерлер-07:00/19:00
4.Зертханашылар – 09:00/18:00
5. Білім алушылар – І ауысым 08:00/14:50,   ІІ ауысым  12:00/19:15.
3. Ауысымдар бойынша оқушылардың сабақтан соң үйлеріне жеткендігі туралы мәліметпен мектеп әкімшілігін хабардар ету сынып жетекшілеріне жүктелінсін, мәліметтерді жинақтау І ауысым бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Смайловаға, ІІ ауысым бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Момбекова жүктеліп уақытылы ақпараттар алынып отырылды.  
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың 1-қосымшасы бойынша   ұйымдастыру директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Жакупова Д, Момбекова Ж, Смайлова М жүктелді. Онда: мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш мектеп, негізгі орта мектеп және жалпы орта мектеп білім алушыларымен өткізілетін сабақтардың тақырыптарына байланысты барлық білім алушылармен уақытылы сабақтар өткізілді. 
Жыл басында жоспарланған іс-шаралардың барлығы уақытылы, өз деңгейінде өткізілді. Атап айтсақ, «Төтенше жағдайлар кезіндегі эвакуация және алғашқы медициналық   көмек шаралары», «Лаңкестік пен экстремизм нені ескеру керек, күмән туғызатын жағдайлар», «Күдікті зат табылған кезде қорғану іс-әрекеттері», «Мекеменің үй-жайларында және аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар», «Білім беру ұйымына телефон арқылы қауіптің түскен кездегі қызметкерлердің іс- әркеті» тақырыптарында практикалық және дәріс түріндегі сабақтар өткізілді. 
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің іс-қимыл алгоритмінің 2-тарау, 1-параграф, 8-тармағында Қауіпті немесе күдікті затты тапқан адамдар дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" (егер ол тәрбиеленуші немесе білім алушы болса, онда тәрбиешіге немесе сынып жетекшісіне) бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлайды және шұғыл ден қою күштері келгенге дейін заттан қауіпсіз қашықтықта болады және болған жағдайға қатысты айғақтар беруге дайын болуға тиіс деп көрсетілген, күдікті затты тапқан кездегі іс-әрекеттері бойынша білім алушылар мен қызметкерлерге дәрістер өткізіліп, тиісті нұсқамалар берілді.  
Бейне бақылау камералары: бейне камералар саны-47, жалпы монитор саны-6, мектеп-гимназияда-5, АІІ бөлімінде-1, аналогты бейнебақылау камерасы -7, ғимарат ішінде-6, ғимарат сыртында-1, сандық бейнебақылау камерасы-29, ғимарат ішінде-19, ғимарат сыртында-10, орталықтандырылған мектеп+АІІБ, камералар саны-11, ғимарат ішінде -7, ғимарат сыртында-4.
2Дабыл қаққыш қызыл түймешегі Бар
3Күзетші саны 1
4Резервте қосымша күзетші Жоқ
5Күзетшінің айлық жалақысы85000
6Күзетшінің арнайы киіміБар
7Жарықтандыру аспабы (фонарь) Бар
8Қорғаныс құралы (дубинка) Бар 
9Турникет Бар
10Металл іздегіш  детактор Бар
Қорытынды: 
Мектепте   терроризмге қарсы қорғану жұмыстарын ұйымдастыру  бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлық жұмыстар  уақытылы өз деңгейінде атқарылды. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив