31
январь
2023
"Төлен Әбдік - 80 жыл"
#Бір ел-бір кітап
#Төлен Әбдік 80 жыл
Құрметті кітап сүйер оқырмандар!!!
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп -гимназия кітапханасы
"Бір ел-бір кітап"республикалық акциясының жыл кітабы болып жазушы драматург ,қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.
Төлен Әбдік -қазақ прозында ерекше қолтаңбасы бар қаламгер.
Жыл бойы жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларын бірге оқиық!!!
Мақсаты:Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларын оқу және насихаттау,Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту,қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру,сонымен қатар оқырмандардың зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.
Белгілі қаламгер Төлен Әбдік 1942 жылдың 4 қыркүйегінде Қостанай облысы,Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002).1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.1965-1970 жылдары "Қазақстан пионері"(қазіргі Ұлан) газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.1970-1977 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі,бас редактордың орынбасары1977-1979 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактордың орынбасары,1979-1990 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы ,Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды.1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі,1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары.
Төлен Әбдіктің шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады.Бірінші "Көкжиек" жинағы 1969 жылы,одан кейін "Күзгі жапырақ",1971 жылы жарық көрді.1974 жылы "Ақиқат" атты повестер жинақтары,1980-1981 жылдары орыс тілінде"Истина" әңгімелері мен повестері жарық көрген.1985 жылы "Өлі ара","Біз үшеу едік"пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды.Грек аңыздары "Эллада ерлерін" қазақ тіліне аударған.Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.1987 жылы "Ақшоқыда қыс қатты" және 2002 жылы"Парасат майданы" романдары жарық көрді."Оң қол" әңгімесі халық арасында ерекше сүйіспеншілікке ие болған туындысы."Оң қол"-Төлен Әбдіктің жиырма бес жасында жазған алғашқы әңгімелерінің бірі.Осы"Оң қол" шығармасы желісінде қысқаметражды фильм түсірілген.2002 жылы жазуға отандық әдебиетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін "Қазақ Республикалық еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.Ал,соңғы жылдары "Ардагер"атты пьеса мен "Тұғыр мен ғұмыр" атты повесі жарыққа шықты.Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған драматургиялық байқауында бас жүлдені жеңіп алғандығын оқырмандар жақсы біледі.
Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға шақырамыз!!!!
Кітап оқып рухани бай болайық!!!