Ұланбасы
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында 18 сентябрь күні "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының"Ұланбасы" мен мектеп "Президент" сайлауы өтті. Мектеп Ұланбасы мен Президенті оқушылардың қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту үшін өзінің және оқушылар атынан ұсыныстар енгізеді. Сайлау жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ , бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өткізіледі.