Қоғамдық қабылдау
«Сарысу аудан әкімдігі білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы» управления образования акимата Жамбылской области
2019 жылдың 13 мартында мектеп директоры Р.Камбарбаева Попечительский совет мүшесі Қазыбекова Меруерт, мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы Ләззат Әбілдаевамен бірлесіп қоғамдық қабылдау жүргізді.
Қабылдау болатын күні мен орны туралы әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға алдын ала хабарланды. Қабылдауға қала тұрғындары, мектеп қызметкерлері келді. Кездесу кезінде тұрғындар мектеп оқушыларының тәртібі, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, қаладағы әлеуметтік сұрақтарды көтерді.
1.Ширимбаева Халида (1-6-52), Арысбаева Сәрсенкүл (6-22-23) өздері тұратын мекен-жайдағы жолдарда асфальт жоқ, лас, балалардың жүруіне қиындық тұғызатынын айтты.
2.Кошаева Шолпан (3-48-20) балаларға арналған ойын алаңының соғылуы туралы мәселе шешілмей келе жатқанын атады.
1.Белгібаева Алтынкүл (1-2-29) балаларына жұмыс қажет екенін айтып, сұраныс тастады.
2.Ахметжанова Дариға (1-3-92) қала көшелеріндегі жаяу жүргіншіге арналған жол белгілерінің (пешеходный переход) өшіп қалғанын айта келе, балалардың жолдан өтуіне қиындық туындайтынын,себебі көлік жүргізушілер көп жағдайда автокөліктерін тоқтатпайтынын атап өтті.
1.Смайлова Ақмарал (3-51-6) мектепке келер жолдарды («Үш алып» және «Самал» құрылыстары жақтан) асфальтамаса жүруге қиын, мектепке оқушылардың аяқ киімі ластанып келетінін атап өтті. Сонымен қатар шағынаудан ішінде жарық қажеттілігін баса айтты.
Қоғамдық қабылдау жүргізушілер көтерілген мәселелерді тиісті органдарға жеткізетінін хабарлай отырып, мектепішілік мәселелер бойынша ата-аналар мен оқушылар арасында тиісті іс-шаралар өткізуді жоспарлады.






