15.11.2023ж. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында өтіліп жатқан, математика, информатика пән бірлестігінің айлығында, математика пәні мұғалімі Шалбаева Асел Серікқызы 9 «Д» сыныбымен десант сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
1) Арифметикалық прогрессия ,арифметикалық прогрессияның айырымының анықтамаларын білу;
2) Арифметикалық пргрессияның п-ші мүшесінің формуласы мен қасиеттерін білу;
3) Арифметикалық.прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын қолданып есептер шеше білу іскерлігін қалыптастыру Ұйымдастыру кезеңінде, атмасфералық жағдайды қалыптастырды.
Үй тапсырмасын "Тұрып жауап бер» сұраққа жауап әдісін қолданды. 1) 2; 5; 8; 11;14; 17;… Келесі мүше 2) 3; 9; 27; 81; … Келесі мүше 3) 1; 6; 11; 16; 21;… 7-мүшесін тап 4) –4; –8; –16; –32; … Тізбектің берілу тәсілін айт 5)15; 25; 35; 45; 55;… 8 мүшесін тап |
Прогрессия тарихынан мағлұмат Прогрессия –(латын сөзі) алға қарай қозғалыс, өрлеу деген мағынаны білдіреді. Прогрессиялар мен тізбектер жөніндегі ілімнің алғашқы нысаны мысырлықтар мен вавилондықтардан басталды. Ә)Айталық 3-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең натурал сандар тізбегін қарастырайық. 1; 4; 7; 10; 13 ; 16; ...... Не байқадыңдар ? Бұл тізбек 2-ші мүшесінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге 3-ті қосу арқылы алынатынын көреміз. Бұл тізбек арифметикалық прогрессияға мысал бола алады. Анықтама егер а1.а2,...аn,.. тізбегінің 2-ші мүшесінен бастап әрбір мүшесі өзінің алдындағы көршілес мүшеге бірдей тұрақты санды қосқанға тең болса, онда бұл тізбекті арифметикалық прогрессия деп атаймыз. Яғни, кез-келген п натурал саны үшін ап+1= ап+d `(1)теңдігі орындалса, онда тізбегін арифметикалық прогрессия деп, d санын арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды. Сонымен арифметикалық прогрессияның айырмасы үшін d=ап+1-ап(2)теңдігі орындалады. Жоғарыда келтірілген мысалдан ап=3п-2 , ап+1=3n+1 болғандықтан, d=an+1-an=3n+1-(3п-2)=3 Арифметикалық прогрессияның п- мүшесінің формуласы Енді арифметикалық прогрессияны бірінші мүшесі а1 мен айырмасы d арқылы толық анықтауға болатынын көрсетейік.Ол үшін п-ші мүшесі ап-ді d мен а1 арқылы өрнектесе жеткілікті Арифметикалық прогрессияның анықтамасы бойынша . a2=a1+ d a3=a2+d=(а1+d)+d=a1+2d a4=a3 +d=(а1+2d)+d=a1+3d a5=a4 +d=(а1+3d)+d=a1+4d Осыдан мынадай болжам шығады.ап=a1+(п-1)d
|
Тапсырмалар. №1 1) 19,15,11,... арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар. а1=19 a2=15 d= a2- a1=15-19=-4 a5=a1+4d=19+4*(-4)=3 Жауабы . 3 2) -1;3; 7; .... а5-? d=3+1=4 a5=a1+4d=-1+4*4=15 Жауабы: 15 №2 арифметикалық прогрессия, алғашқы 4 мүшесін жазыңдар.
- a1=10 d=0.7 болса, а11= a1+10d=10+10*0.7=17
- a1=186 d=-0.5 , a20=a1+19d=186+19*(-0,5)=176.5
Оқулықпен жұмыс жасады. |
Бейнежазбадағы есептерді шығартты. |
Деңгейлік тапсырмалар орындатты. 1. a1 = - 2, d = 3, а6 = ? 2. – 3; - 6; ... Арифметикалық прогрессияның 25-ші мүшесін табыңдар. 3. a1 = 10, d = - 0,1, а4 = ? 4. 3; 7; ... – арифметикалық прогрессия. а10 – ды есептеңдер. 5. a1 = 5, d = 2, а3 = ?а5 = ? |
Бүгінгі сабақта: Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласын пайдалану арқылы тақырыппен жұмыс істеуді анықтайды,есептерді шығаруға, үйреніп практикада қолданады. Рефлексияда "СМС" әдісін қолданды. Десант сабақ өте жоғары деңгейде өтті. |





