Оқушыларға » Страница 14 » Жамбыл обласы Сарысу ауданы "Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Сарысу ауданының білім бөлімінің
«Мұхтар әуезов атындағы мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 6-26-32
Есепші бөлімі:
+7 (72634) 6-26-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу"
15
қаңтар
2020
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу"
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу" тақырыбында 9-11 сыныптар арасында А. Ермекбаева жиналыс өткізді.  Мақсаты : оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып , құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен , түрлері мен міндеттері мен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға , құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық" жайында бейнефильм көрсетілді.   
"Қысқы көріністер"
06
қаңтар
2020
"Қысқы көріністер"
2019-2020 оқу жылы. Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейтіп, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге, қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау, табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу мақсатында бастауыш сыныптар арасында  "Қысқы көріністер" атты сурет байқауы өтті.
ІІІ Республикалық "Дарабоз"  өнер мен білім байқауы
11
желтоқсан
2019
ІІІ Республикалық "Дарабоз" өнер мен білім байқауы
2019-200 оқу жылы. Мәдениет үйінде ІІІ Республикалық "Дарабоз"  өнер мен білім байқауы өтті. Шәкірттеріміз Ануарбек Бақдаулет 1орын, Төрехан Жұлдыз, Мырзахан Арайлым 2 орынға ие болып, байқаудың  халықаралық 2 кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі Қоңырбекова Жаңыл алғыс хатпен марапатталды.
Аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау
10
желтоқсан
2019
Аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау
2019-2020 оқу жылы. Мектебімізде Аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау лездемесі өтті.  Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы. 1. Мейірбек Баян І орын, 11 "Ә" сыныбы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні, мұғалімі Г.Дүйсенова  2. Рашид Жұлдызай І орын, 9 "Ә" сыныбы, орыс тілі мен әдебиеті пәні,  мұғалімі Г.Уркенбаева 3. Алпысбай Арай І орын, 10 "Ә" сыныбы, шетел тілі, мұғалімі Ә.Нұрымбек 4. Кәрібек Нұршат І орын, 9 "Б" сыныбы, биология, мұғалімі К.Әбілқасымова 5. Калыкулова Құралай ІІ
"Жасыл әлем" ертегілер байқауы
09
желтоқсан
2019
"Жасыл әлем" ертегілер байқауы
2019-2020 оқу жылы. Мектеп жасындағы балалардың экологиялық дүниетанымын тәрбиелеу, оларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Жасыл әлем" ертегілер байқауы өткізіліп, үздік танылған суреттер ауданға жіберілді. Байқау нәтижесінде ІІ турға ертегі құрастыруға Мұхтар Ернұр, Дулыға Диас, Нұрлыбек Мерей, Абдикадир Балым атты оқушыларымыз өтті.
"Ұлттың ұлы мұрасы"
06
желтоқсан
2019
"Ұлттың ұлы мұрасы"
2019-2020 оқу жылы. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Ұлттың ұлы мұрасы" Халықаралық өнер фестивалінда мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушылары  Аяпберген Құттықадам бейнелеу өнері бойынша бас жүлдені иеленді. Жетекшісі: көркем еңбек пәні мұғалімі Сансызбаева Индира Жаппарқызы. Нұрланова Назерке қол өнер жұмыстары бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Абай Құнанбаевтың туған жері Семей қаласына жолдама алды.
Кәмелетке толмаған арасындағы құқық бұзушылық
05
желтоқсан
2019
Кәмелетке толмаған арасындағы құқық бұзушылық
2019-2020 оқу жылы. Кәмелетке толмаған арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебімізде Сарысу АПБ-нің ЖПКБ ЮПТ-нің инспекторы аға лейтенанты Байшораева Аяулым Сағынтайқызы оқушылармен құқық бүзушылықтың алдын алу , қоғамдағы келеңсіз жағдайларға байланысты дәріс оқыды.
"Талантыңды танып біл"
27
қараша
2019
"Талантыңды танып біл"
2019-2020 оқу жылы. 4 сыныптар арасында "Талантыңды танып біл" атты сайыс өтті. Нәтижесінде 4 "Б" сыныбы І орынға иеленді.
"Майкөт Сындыбайұлына 195 жыл"
22
қараша
2019
"Майкөт Сындыбайұлына 195 жыл"
2019-2020 оқу жылы. Аудандық кітапханада Майкөт Сындыбайұлының 195 жасына арналған әдеби кеш және ақынның жинақ кітабының  тұсау кесері өтті. "Ұлы даланың Гомері" атты кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға таратылды. Аудан мектептерінен оқушылар қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Тажибаеваның  10 "А" сынып оқушысы Мамырова Алина қатысып ақынның өлеңдерін жатқа оқып ,  бағалы сыйлықпен марапатталды.