Тал егу акциясы
Оқушыларды еңбекқорлыққа, бірлесіп жұмыс жасауға баулу мақсатында мектебімізде 11 сынып оқушылары және 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен тал отырғызу акциясы өткізілді. 65 түп қаратал көшеттері отырғызылды. Мектеп ауласындағы жеміс ағаштарының түптері қопсытылып, әктеу, суару жұмыстары жүргізілді. Бұл акция алдағы уақытта жалғасын табады.