13
қазан
2022
"Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы"
Шерхан Мұртаза! Бұл есімнің халық жадында жатталғаны барша оқырмандарға белгілі. Бұл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған "Ұлт рухының жаршысы" тақырыбында аудандық мәдениет үйінің кітапхана қызметкерлері мен Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясы бірлесе отырып, кең көлемде дайындалған оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шараға мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Г.Тулебаевамен бірге қаламгердің "Бір кем дүние", "Қызыл жебе", "Ай мен Айша" шығармаларынан үзінділер оқып, жас қаламгерлер арнау өлеңдерін паш етті. Конференцияға жергілікті жазушыларымыз П.Дүйсенбин, Б.Нұрмаханұлы қатысып, Ш.Мұртазамен кездескен сәттерінен естеліктер айтып, кітап оқуға құштарлығы артып келе жатқан оқушыларға ризашылықтарын білдірді. Конференцияға қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.






