Сәуір айының 23 күні 9-11сынып білім алушылары арасында заманауи қоғамда алаңдатушылық туғызып отырған діни ахуалдың қаупінен сақтану және оның алдын алу, келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында Жастар ресурстық орталығының аға инспекторы Б.Балғабай және аға инспекторы теолог маманы М.Тыныстың қатысуымен кездесу өткізіліп, деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.