13
сәуір
2021
"Әлдихан Қалдыбаевтың оқулары" атты аудандық байқау
Сәуір айының 13 жұлдызында аудандық орталықтандырылған кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Әлемді кітап арқылы танимын" ең көп оқитын оқырмандар тақырыбында "Әлдихан Қалдыбаевтың оқулары" атты аудандық байқау 5-6 сыныптар арасында өткізілді.
Мақсаты: Жамбыл облысының құрметті азаматы, белгілі балалар жазушысы, драматург өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныстыру, оқырмандардың көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіруге насихаттау.
Байқауда Әлдихан Қалдыбаевтың балаларға арналған сан алуан тақырыптағы көркем шығармаларымен таныстырылды. Байқауға аудан мектептері арасында 15 орта мектептің 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Осы байқауға қатысқан оқушылар 5 "А" сынып оқушысы Желдібек Аяулым, 5 "Б" Зарлыхан Ғалия, 6 "Б" Жусупбай Асылжан.
Аудандық байқаудың қорытындысы бойынша 5 "А" сынып оқушысы Желдібек Аяулым алғыс хатпен марапатталды. Бас жүлдені 6 "Б" сынып оқушысы Жусупбай Асылжан иеленді. Облыстық байқауға жолдама алды.




