"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАРЫ" АТТЫ АУДАНДЫҚ VIII СПАРТАКИАДА
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ СПОРТ СҮЙЕР ҰСТАЗДАРЫ" АТТЫ АУДАНДЫҚ VIII СПАРТАКИАДА
Жуырда 2019 жылдың cәуір айының 9 жұлдызында Сарысу ауданында білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»мақаласы мен 2019жыл Еліміздің тұңғыш президентінің ұйығаруымен аталған жастар жылына арналған «Тәуелсіз елдің спорт сүйер ұстаздары» атты VIII спартакиада өтті.
Жаңатас қаласының спорт кешенінде өткен жарыстың салтанатты ашылуына «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»қоғамдық бірлестігінің филиалы Сарысу аудандық комитеті Г.Н. Сұлтанбекова мен ойын түрлеріне сайланған төрешілер бақ сынасқан 22 ұжым командаларына жанкүйер болды. Спартакиадаға 49 білім беру мекемесінен барлығы 18 команда жасақталып, қатыстырылды. Бұл спартакиаданың өзіндік ерекшеліктері болды, себебі әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымы 40 адамнан кем емес команда жасақтап, спорттың 9 түрінен (жеңіл алетика, үстел теннисі, бильярд, волейбол, , тоғызқұмалақ, гир көтеру, армреслинг,асық ату, шекемтас) бақ сынасты. Бұл бағытта мекеме басшылары да, ұстаздар және ұжымның техникалық қызметкерлері де құрама мүшелігіне тартылды.
Жарыстың салтанатты ашылуында сөз сөйлеген «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»қоғамдық бірлестігінің филиалы Сарысу аудандық комитеті Г.Сұлтанбекова Қ.Р тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында халықтың жаппай дене шынықтырумен және спортпен айналысуына баса назар аудару керектігін айтып, жиналғандарды спорттың жандануына атсалысуға шақырды.
Спартакиада тартысқа толы болды. Қатысушылар тек өз саласының мамандары ғана емес, спортты да серік еткен саңлақтар болып шықты.
Нәтижесінде аса үлкен дайындықпен келген командалар жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыс қорытындысы бойынша Жаңатас қаласы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп - гимназиясының командасы 1 орынға ие болып, жарыс жеңімпазы атанды. Жеңімпаз командаға «Моноблок» компьютерін сыйға тартты. Ұлағатты ұстаздар мен қызметкерлер арасында өткен спартакиада жеңімпаздарын Сарысу ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Г. Сұлтанбекова жеңімпаздарды кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен және медальдармен марапаттады. Сонымен қатар жарыстың тоғыз түрінен өткізілген сайыста бас жүлдені жеңіп алған Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының спорт сүйер ұстаздарын мектеп-гимназия директоры Р.Қамбарбаева үздік ойыншыларға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Тулебаева Гульжан
Сарысу ауданы Жаңатас қаласы
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп- гимназиясы бастауыш кәсіподақ
комитетінің төрайымы








