23
қараша
2022
“Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні”

25қараша бүкіл әлемде “Әйелдерге қатысты зорлық -зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні”
Әйел –отбасының ұйытқысы. Ол қай кезеңде болмасын бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады.
Бірақ, бүгінгі заманда бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербеткен әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналып, қысым көретіндігі, соққыға жығылып, өз құқықтарын білмеуі қоғамдағы маңызды проблеманың біріне айналып келеді.
Осы мәселеге тосқауыл болу мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшелері Г. Тулебаева , А. Уристембекова, Н. Қоспаев, И. Сансызбаева , Э. Саухановалардың ұйымдастыруымен мектебіміздегі жас отбасы ұстаздарымен «Зорлық –зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» 25 қараша бүкіл әлемде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні»тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына жастар отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлеріне тоқталып, адам құқықтарын қорғау бойынша күш-жігерді біріктіру қызметін жандандыру екенін түсінді.
Сондай-ақ, мектеп-психологі Боранбаева Гульзира жас отбасын құрған ұстаздардан «Зорлық зомбылық туралы мен не ойлаймын?»сауалнама алып, күнделікті өмірде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемасына қоғамның назарын аударатын іс-шаралар көбірек өткізуді ұсынды.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының
бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Гульжан Кенжебековна Тулебаева