02
қыркүйек
2024
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз!
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабының 1-тармағына және 36-бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі;
салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл- қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым- қатынасы, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады;
тәрбиеленушілердің физикалық, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркем- эстетикалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Отанға, ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиеленеді;
баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беріледі.
Дене шынықтыру ата-аналардың балаларға ерте жастан күтім жасауы мен оларды дамыту дағдыларына ие болуына жәрдемдесу, тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін меңгеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдылар, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру, дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту, әртүрлі ойындарды, оның ішінде ұлттық, қимылды ойындарды, командамен жарыс сипатындағы ойындарды өткізу, спорттық жаттығуларды орындау, спорттық ойындардың элементтерімен таныстыру, шығармашылық қабілеттер мен командамен бірге әрекет ету дағдыларын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің түрлі іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, балалар көркем әдебиетімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеу, шығарманы бірге оқу мен айтып беру, талдау, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын байыту, тілдік нормаларды, қарым-қатынас мәдениетін меңгерту міндеттерін шешеді.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорлық эталондар туралы түсініктерді, қарапайым математикалық ұғымдарды; құрастыру іс-әрекеті тәсілдерін меңгеру; креативті және сыни ойлауды дамыту; азаматтық және патриотизмге баулу, ұлттық мәдениетті құрметтеуді қарастырады.
Шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық қиялын, эмоционалды-сезімдік саласын, дүниетанымын, ойлауын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалады.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу; дербестікке тәрбиелеу; өмірдегі жағдайларды шешу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, өз отбасының мүшесі екенін сезіну, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыру; тәрбиеленушінің адамгершілік қасиеттерін көрсетуге қабілеттілігі мен дайындығын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды, моральдық нормалардың талаптарына жауап беретін іс-әрекеттерге; Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, заттар, жанды және жансыз табиғат құбылыстары жөнінде білімдерді кеңейту, креативтік ойлауды дамыту бойынша міндеттерді қамтиды.
Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту:
бастамашыл; табанды;
бейімделуге қабілетті, көпшіл; өзіне сенімді;
командада жұмыс істей біледі; эмоционалды жауапты;
өзі, отбасы, қоғам (жақын қоғам), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсініктерге ие.
мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.
№ 348 бұйрығына 2-қосымша
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.
айқындайды, өзінің жауабына/таңдауына негіздеме береді; автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби көркемдеуіш құралдарын айқындайды; жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы қорытынды жасайды; мәтіндерді белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды; шығармалардағы оқиғалар барысын болжайды; мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды; әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; көркем әдебиет туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
"Қазақ тілі" (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда,)/ "Орыс тілі" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтінсыныптарда):
"Шетел тілі":
№ 348 бұйрығына 3-қосымша
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
Инвариантты компоненттен таңдалған вариативті компоненттінің таңдау бойынша пәндеріне "сыналды" / "сыналмады" қойылады.
"Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)
/ "Орыс тілі мен әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)
дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады;
"Тәжік әдебиеті":
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
қояды; оқу тапсырмаларын орындау үшін құрбы-құрдастарымен (жұпта, топта) бірлесіп жұмыс жасайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндерді салыстырады және қарама-қарсы қойып салыстырады; өз көзқарасын негіздей отырып, пікірін білдіреді;
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси географиялық жағдайын, аумақтық- әкімшілік бөлінуін; Қазақстан аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерін; халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын біледі;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына 4-қосымша
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
Пәннің мазмұны образдық және талдамалық ойлауды дамытуға, шығармашылық қиялдауға, оқырман мәдениеті және автор ұстанымын түсінуге; білім алушылардың ауызша, жазбаша сөйлесімін дамытуға; әдебиет теориясының түсініктерін және негізгі тарихи-әдеби мәліметтерді, көркем шығарма мәтінінің
мазмұны мен түрін бірлікте түсінуге бағытталады. Әдебиет тарихына қажетті мәліметтерді және әдебиеттану түсініктерін қатыстыра отырып пәнді оқыту процесі барысында көркем шығармаға терең талдау жасау.
Оқу пәндерін оқыту сөздік қорын байыту мен қолданылатын грамматикалық құралдардың аумағын кеңейтуді, стилистикалық ресурстарды, сөйлеу этикеті мен әдеби тілдің негізгі талаптарын, тілдің қызметі мен қолданылуын түрлі қарым- қатынас аялары мен жағдайларында білім спектрін кеңейтуді қарастырады. Білім алушылардың тілді оқу процесінде алынған дағдыларды тиімді пайдалану тілдік бірліктер талаптарына, қарым-қатынас жағдайына сәйкестігі деңгейін бағалау.
Тұлғаны рухани жағынан тәрбиелеуді дамыту, гуманистік дүниетанымын, азаматтық сана-сезімін, патриоттық сезімін, әдебиетке және отандық құндылықтарға, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілігі мен сыйласымдылығын қалыптастыру пән мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады;
Аталған оқу пәндерін оқыту тілді оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік жасауды, білім алушылардың Қазақстан халықтарының мәдениетімен араласуы олардың ұлтаралық қарым-қатынасқа дайын болуын қамтамасыз етеді.
Оқу пәндері мазмұнының негізі тәжірибе мен қызығушылыққа сәйкес қарым- қатынастың кез келген саласы мен жағдайындағы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін және ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетінің негіздерін, тілді қолдануда білік пен дағдыны меңгеруге бағытталған.
Тіл мен әдебиетті оқыту процесінде білім алушылар тіл туралы тілдің таңбалық жүйесі және қоғамның құбылысы ретінде, оның құрылысы, дамуы мен қызметі туралы білім алады.
Тіл мен әдебиетті оқыту әдеби тіл нормаларын меңгеру деңгейін жетілдіре түсуге, білім алушылардың сөздік қорын молайтуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді және әдеби шығармаларды талдау және оларға баға беру қабілеттерін дамытуға бағытталған;
"Шетел тілі" оқу пәнінің мазмұны талдау икемділіктерін дамытуға, тәжірибені таратуға, маңызды ақпаратты кәсіби тұрғыдан саралауға, тілді ғылыми және кәсіби іс-әрекеттегі қарым-қатынас үшін тиімді пайдалануға, сонымен қатар жеке, іскерлік хаттарды жазу, түйіндеме құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу, шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
"Шетел тілі" оқу пәнінің кіріктірілген мазмұнын басқа пәндермен қатар білім алушыларға пәнаралық байланыс арқылы икемділіктерін қалыптастыру үшін дәлел аралық байланыстың себеп-салдарын, шет тіліндегі дереккөздерден негізгі және фрагментті алып, ақпаратпен жұмыс жасау үшін, орналастырып іске асыруға мүмкіндік беріледі.
"Шетел тілі" оқу пәнінің құралы ретінде рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды, өз Отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеуді, өз халқына және басқа мәдениеттің өкілдеріне төзімділікпен қарау қарым-қатынасын, отбасында тұлғааралық қарым-қатынас әдебін тәрбиелеу, мектепте құрбы-құрдастарымен, мұғалімдерімен, тіл үйретушілермен қарым-қатынас барысында әлеуметтік мәдениет материалдарын қолдану икемділіктерін дамыту жүзеге асырылады;
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеу және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер тәжірибеде барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне бағытталған.
Оқу пәні мазмұнында жалпы зияткерлік және танымдық, оқу біліктерін одан әрі дамыту көзделген. Математикалық заңдылықтарды түсіну барысында гипотезаны тексеру және ұсыну проблемаларын тұжырымдау үшін салыстыру, саралау, тарату, талдау, жинақтау, дерексіздендіру, нақтылау сияқты біліктер қолданылады.
Оқу пәнінің мазмұны мектептегі математика курсының тақырыптарын қамтитын математиканың негізгі бөлімдерінен тұрады: "Сан", "Алгебра", "Статистика және ықтималдық теориясы", "Математикалық модельдеу және анализ", "Геометрия";
Курстың оқу бағдарламасымен нақты объектілер мен процестердің ақпараттық модельдерін қолдану, талдау және түрлендіру дағдыларын дамыту; алгоритмдік және есептік ойлау; компьютерлік модель құралдарымен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді.
Оқу пәнінің мазмұны компьютерлік технологиялар арқылы ақпараттық процестерді іске асыруды, компьютерлік жүйелер және модельдермен жұмыс атқаруды, ақпаратты сақтау әдістерін зерделеуді, интерактивті компьютерлік модельдерді пайдалана отырып модельдеу, визуализациялау және формализациялау үшін тәсілдерді қарастыруды болжайды.
Курс мынадай мазмұндық бағыттарды қамтиды: "Компьютерлік жүйелер", "Ақпарат және ақпараттық процестер", "Алгоритмдеу және бағдарламалау" және "Денсаулық және қауіпсіздік";
Берілген курс түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
"Қазақстан тарихы" пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялыққызметіпатриотизмдіқалыптастырумен,ұлттықжәне
жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсету қасиетін дағдыландырумен жасалады;
"Дене шынықтыру" оқу пәні білім алушыларға пән бойынша алған білім, біліктілік және дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға; қимыл-қозғалыс құзыреттілігі мен дене дамуларын жақсарту қажеттілігін бағалауға; адамгершілік қасиеттерін дамытуға және әділ ойын мен үздіксіз өздік дамуды сезінуге; жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; адамның денелік және энергетикалық жүйесіне дене жаттығуларының әсер ету дәрежесін, өздік дене дамуы және қимыл-қозғалыс дайындығы деңгейі, ағзаның қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін бағалауға;, қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді;
қалыптастыруды; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, оның дәстүрлері, әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктері, жалпы әскери мамандыққа деген қызығушылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Оқу пәні білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, олардың сана-сезімі мен танымдық қызығушылықтарын, қарым-қатынас орната білу қабілеттерін, жігер сапаларын, әскери іс, робототехника, автомобиль жүргізу бойынша теориялық негіздерін, білік және дағдының, сандық фото және бейне жабдықтарды пайдаланудың алғышарттарын дамытудың жалпы жүйесінде маңызды орынға ие.
Оқу пәні қазақстан әскерінің даму тарихымен танысу және оның бүгінгі жай- күйін оқу арқылы әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты, білімді тұлғаны дамытуға бағытталған.
"Биология" оқу пәнінің тереңдетілген курсы мазмұны табиғи биологиялық көріністер мен процестердің болмысын, білім алушылардың тереңірек түсінуін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде адамның іс-әрекетінің алатын орнының мәнін ұғынуды, сондай-ақ адам денсаулығына қатысын қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және тірі әлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды.
"Биология" оқу пәнінің негізгі құрылымдық мазмұнын мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың құрылысы мен қызметі, көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық және эволюциялық дамуы; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар;
эксперименттік біліктерін кең ауқымда дамытуға; табиғи құбылыс ретінде химия туралы білімдерін тереңдету негізінде білім алушылардың түсінігін кеңейтуге бағытталған.
Оқу пәні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға баулиды және өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады.
Тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді.
"Химия" оқу пәні бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: "Бөлшектер және олардың құрылысы", "Химиялық реакциялардың заңдылықтары", "Химиядағы энергетика", "Біздің айналамыздағы химия", "Химия және өмір";
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың табиғаттың жалпы заңдары ретіндегі механиканың, жылу физикасының, электр және магнетизмнің, оптиканың және атомдық физиканың заңдары туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Танымның ғылыми әдістері негізінде білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктері кеңейеді және ғылыми көзқарастары қалыптасады.
"Физика" курсы табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді.
Тереңдетілген курстың мазмұнында эксперимент нәтижелерін жинау мен талдау негізінде эмпирикалық байланысты айқындауға бағытталған экспериментті жоспарлау және жүргізу мүмкіндігі туғызылады.
Физикадан тереңдетілген жалпы білім беруге дайындық білім алушылардың игерген білімдерін әртүрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіруге, модельдер құруға және болжам жасауға қолдануларын ұйғарады;
Оқу пәнінің мазмұны география тұрғысынан ойлануды дамытуға, адамзаттың және қоршаған ортаның қазіргі және болашақтағы жағдайына жеке жауапкершілікті сезінуге, осының барлығы білім алушылардың құндылықтарды бағалауын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Оқу пәнінің географиялық мазмұны заманауи әлемнің кеңістіктегі көптүрлілігін, оның жалпы және өңірлік ерекшеліктері мен серпіні туралы түсінігін қалыптастыру; кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын, себеп-салдарлық байланысын түсінуге дағдылану, кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының географиялық құбылыстар мен процестердің аралығын; географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстар мен процестерді, түрлендіру мен географиялық ақпараттарды күнделікті өмірде қолдануды қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
Оқыту пәнінің мазмұнының жиынтығы мынадай білім беру желісімен анықталады: "Ақпаратты визуализациялаудың әдістері мен тәсілдері", "Кескіндердің негізгі түрлері және оларды құрастыру. Кескіндерді түрлендіру", "Пішінді қалыптастыру және құрастыру. Пішінді қайта түрлендіру", "Техникалық, архитектуралық-құрылыстық және ақпараттық графика элементтері", "Жобалау. Жобалау графикасы. Шығармашылық тапсырмалар";
Осы курс білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған.
"Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады.
Аталған оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады;
Пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
"Құқық негіздері" құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыруға негізделген.

Пәннің оқу бағдарламасы елтану туралы түсініктерін қалыптастыру тұрғысынан құрылып, бүгінгі күнгі географиялық ерекшеліктерін танытуға және өңірлердің сипаттамасын беруге құрылған.
География курсы білім алушылардың ғылыми көзқарасын қоғамның табиғатпен бірлікте болатынын түсіндіру негізін қалыптастыруға, географияның адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынастағы рөлін танытуға бағытталған.
Аталған курс қоғамдағы заманауи адамзаттық және ғаламдық мәселелерді зерделеу негізінде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын және оларда туындаған мәселелерді шешу жолдарын түсінуді дамытады; әлемде және Қазақстан көлемінде географиялық мәселелер бойынша тұрақты дамуды, табиғатты тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге арналған;
"География" оқу пәнінің мазмұны кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және географиялық нысандардың қызмет ерекшеліктері мен қызметін, процестер мен құбылыстарын, географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және геосаяси құбылыстар мен процестерді қалыптастыру және дамытуға бағытталған;
Пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
"Құқық негіздері" стандарттық деңгейде құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықтылығын құқықтық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыруға негізделген;
Аталған курс білім алушылардың өмірдің түрлі жағдаяттарымен араласу барысында өздеріне сенімдерін күшейтеді, Қазақстанда ғана емес шетелде жоғары білім алуға мүмкіндік береді, әдеби шығармалардың аутенттік мәтінін түпнұсқа тілінде оқуға мүмкіндігін кеңейтеді.
Бұл оқу пәні мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті, басқа тілге және мәдениетке позитивті көзқараспен қарауға, жалпы мәдениетін көтеруге, көзқарасын және оқылып отырған тілдің елі туралы білімін кеңейтуге, тілдік қабілеттілік пен тілдік болжамын, сөйлеу мәдениетін дамытуға, шетел тілін оқуға қызығулышылығы бар, негізгі екінші тілдік сипатты тұлғалық қасиеттері бар, өз бетімен шетел тілдерін оқуға қабілетті және дайын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктерін кеңейтуге және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.
Физика курсы табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай алу және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді.

Тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді;
"Биология" оқу пәнінің тереңдетілген курсының мазмұны табиғи биологиялық көріністер мен процестердің болмысын, білім алушылардың тереңірек түсінуін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде адамның іс-әрекетінің алатын орнының мәнін ұғынуды, сондай-ақ адам денсаулығына қатысын қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және жанды әлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі "Биология" оқу пәнінің негізгі құрылымдық мазмұнын мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың құрылысы мен қызметі, көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық және эволюциялық дамуы; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні қазақстандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіпкерлік саласындағы негізгі түсініктер мен заңдарды зерделеуге бағытталған, кәсіпкерлік ойлау мен оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың практикаға бағытталған үлгісі енгізілген.
Бұл пән Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауына сәйкес ұсынылған басымдықтардың бірі – Өніммен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті
дамыту бағдарламасын іске асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту контекстінде Қазақстан Республикасы мектептері үшін әзірленді.
Оқу пәнінің мазмұндық желісі коучингтік және тренингтік элементтерді пайдалана отырып Бизнес, Кәсіпкерлік бойынша кіріктірілген материалды, мүлде жаңа курсты ұсынады.
Пән оқушылардың бизнестік ойлауын және кәсіпкерлік, бизнес және экономика негіздері туралы базалық білімді қалыптастыруға; өз таңдауы бойынша жауапкершілікке баулу және кәсіпкерлік ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға; қазіргі нарықтық жағдайда болашақ өзіндік қызметі үшін практикалық дағдылар базасын құруға бағытталған.
"Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ "Орыс әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың өнегелік идеалы туралы түсінігін талдай отырып, әдебиет туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
"Шетел тілі":
пайдаланады; оқиғалар мен құбылыстардың уақытша және себеп-салдарлық өзара байланысын анықтайды; кітаптар және электронды ресурстарды пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және салыстырады; түрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің мазмұнын сын тұрғысынан бағалайды.
"Алгебра және анализ бастамалары", "Геометрия":
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша координаталар әдісінің мәнін; алмастырулар саны, теру, қайталанбалы орналастыру формулаларының мәнін түсінеді;
теңсіздіктерді шешудің түрлі тәсілдерін; кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары және өзара кері функциялардың қасиеттері негізінде кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайды;
"Информатика":
геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін талдайды;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына 5-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін:
"Информатика", "Қазақстан тарихы", "Дене тәрбиесі", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" жатады.
Мамандық бейініне байланысты ТжКБ ұйымдары оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлерінің екі пәнін таңдайды.
Жаратылыстану-математикалық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне "Физика", "Химия", "Биология", "География" жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандарттық деңгейдегі пәндерге "Дүниежүзі тарихы", "Биология", "География" жатады.
Қоғамдық-гуманитарлық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне "Дүниежүзі тарихы", "Химия", "Биология", "География" жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандартты деңгейдегі пәндерге "Физика", "Химия", "Графика және жобалау" жатады.
"Өнер және мәдениет" бейіні бойынша тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне "Шетел тілі", "Дүниежүзі тарихы", "География", "Химия" жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандарттық деңгейдегі пәндерге "Физика", "Биология", "Графика және жобалау" жатады.
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты дербес айқындайды.
Жалпы білім беру пәндері 1-2 курстарда оқытылады және базалық және/немесе кәсіптік модульдерге біріктірілуі мүмкін.
"Дене шынықтыру" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және теориялық оқыту кезеңінде аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады, оның ішінде факультативтік сабақтар немесе спорт секциялары есебінен аптасына 2 сағат жоспарлауға жол беріледі.
ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады. Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Жоғары дене жүктемесін көздейтін мамандықтар (хореография, спорт, цирк, актерлік өнері) үшін "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар арнайы пәндер немесе кәсіптік модульдер шеңберінде іске асырылады.
Білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар қыз балаларға ұлдармен бірге, "Медициналық білім негіздері" бөлімі бойынша – бөлек өткізіледі. "Әскери іс негіздері" бөлімі бойынша практикалық сабақтарға қыз балалар тартылмайды. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін білім алушылармен оқу-далалық (лагерьлік) жиындар
("Өнер және мәдениет" бейінін қоспағанда) өткізіледі. Оқу-дала жиындары кезінде қыз балалар медициналық қызметкердің жетекшілігімен білім беру ұйымдарында медициналық-санитарлық дайындықтан өтеді. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" кіріктірілген білім беру бағдарламасының мазмұны "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсы шеңберінде жүзеге асырылады (ӘАОО-ны қоспағанда).
Білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:
"Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану" модулін қосуды орта буын мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларында көздеу қажет.
ТжКБ ұйымының қалауы бойынша базалық модульдер әскери мамандықтарды қоспағанда, мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.
ТжКБ ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Дуальды оқытуды пайдаланылатын ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.
ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтар сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуда және далалық жорықтарда жоспарланады. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған.
Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
ӘАОО-да кәсіптік практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.
ӘАОО-да барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделген, оның негізгі түрі емтихан болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілінде оқытатын топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; орыс тілінде оқытатын топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және тереңдетілген деңгейдегі пән бойынша емтихандар өткізуді көздейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихандар "Жалпы білім беретін пәндер" модуліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.
Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында ТжКБ ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттау шығармашылық тапсырмалардың орындалуын көздейді.
Шығармашылық тапсырма туралы ережені ТжКБ ұйымы дербес әзірлейді.
ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсырудан және дене тәрбиесі пәні бойынша емтихан тапсырудан тұрады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (ақыл-ойы сақталмаған) үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында, өткізіледі, басқа санаттағылар үшін ТжКБ ұйымы айқындайды.
орта буын маманын игере отырып, оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді.
жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі
Ескерпе:
*** Біліктіліктің күрделілігіне және (немесе) санына байланысты анықталады.
**** Білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін бөлінген оқу уақытының көлеміне байланысты анықталады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
2-қосымша
Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлері үшін техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі
Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына 6-қосымша
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:
Қосымша базалық модульдерді қосуға рұқсат етіледі.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Дуальды оқытуды пайдаланылатын орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.
Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттауды өткізу кезінде шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген. Шығармашылық тапсырма туралы ережені орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес әзірлейді.
Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында өткізіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.
әзірлеу және ұсыну шеберлігі мен дағдысы), ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзетуді орындау.
қосымша
Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі
Ескерпе:
* өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдің кемінде 40% -ын құрайды.
** орта буын маманының мәндес біліктілігінің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы "3" тамыздағы
№ 348 бұйрығына
7 қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

- Мыналар:
- осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
- осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс- шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 24, 29, 34, 44 тармақтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министріА. Аймағамбетов Қазақстан Республик Оқу-ағарту министрі 2022 жылғы 3 тамызд
№ 348 бұйрығына
1-қосымша
- Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына, 56-бабына сәйкес әзірленді және мыналарды:
- тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына;
- тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;
- тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды.
- Стандарт:
- білім беру бағдарламаларының вариативтілігін қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік және вариативтік оқу жоспарларын әзірлеу;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік және білім беру (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) бағдарламаларын әзірлеу;
- меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарында (бұдан әрі - мектепалды сыныптар) тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда әдістемелік материалдар әзірлеу;
- мектепке дейінгі ұйымдағы жас топтарының күн тәртібін әзірлеу;
- әрбір баланың жан-жақты дамуы мен әлеуетін ашуға қолайлы жағдайлар жасау;
- балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасау, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арнайы жағдайлар жасау;
- баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру;
- балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.
- Осы Стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:
- білім алу үшін арнайы жағдайлар – оқу, сондай-ақ арнайы, жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, өмір сүру ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдауды, медициналық, әлеуметтік және ерекше балалардың, сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін қажетті өзге де іс-әрекеттерді қамтитын жағдайлар;
- дамытушы орта - заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар (бұдан әрі – ерекше балалар) – тиісті деңгейде және қосымша білім алу үшін арнайы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілігі бар балалар;
- баланы толыққанды дамыту - қимыл белсенділігіне жағдай жасау, пайдалы және құнарлы тамақтандыру, жағымды қарым-қатынас орнату және дамытушы
- оқу бағдарламасы – меңгерілуі тиіс білім, біліктердің, дағдылар мен құзіреттіліктердің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
- тарау. Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
- Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:
- осы стандартқа;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына 1-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы);
- мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
- Тәрбиелеу-білім беру процесінде:
балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі;
салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл- қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым- қатынасы, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады;
тәрбиеленушілердің физикалық, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркем- эстетикалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Отанға, ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиеленеді;
баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беріледі.
- Тәрбиеленушілердің құзыреттіліктерін, физикалық және жеке қасиеттерін дамыту олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
- Физикалық қасиеттерді дамыту.
Дене шынықтыру ата-аналардың балаларға ерте жастан күтім жасауы мен оларды дамыту дағдыларына ие болуына жәрдемдесу, тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін меңгеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдылар, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру, дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту, әртүрлі ойындарды, оның ішінде ұлттық, қимылды ойындарды, командамен жарыс сипатындағы ойындарды өткізу, спорттық жаттығуларды орындау, спорттық ойындардың элементтерімен таныстыру, шығармашылық қабілеттер мен командамен бірге әрекет ету дағдыларын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды.
- Коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің түрлі іс-әрекетінде Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, балалар көркем әдебиетімен таныстыру арқылы ауызекі байланыстырып сөйлеу, шығарманы бірге оқу мен айтып беру, талдау, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын байыту, тілдік нормаларды, қарым-қатынас мәдениетін меңгерту міндеттерін шешеді.
- Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту сенсорлық эталондар туралы түсініктерді, қарапайым математикалық ұғымдарды; құрастыру іс-әрекеті тәсілдерін меңгеру; креативті және сыни ойлауды дамыту; азаматтық және патриотизмге баулу, ұлттық мәдениетті құрметтеуді қарастырады.
- Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту.
Шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық қиялын, эмоционалды-сезімдік саласын, дүниетанымын, ойлауын, көркем-эстетикалық талғамды дамыту, тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмді тәрбиелеу үшін жағдайлар жасалады.
- Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу; дербестікке тәрбиелеу; өмірдегі жағдайларды шешу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, өз отбасының мүшесі екенін сезіну, эмоционалды елгезектікті, жанашырлықты қалыптастыру; тәрбиеленушінің адамгершілік қасиеттерін көрсетуге қабілеттілігі мен дайындығын дамыту бойынша міндеттерді қамтиды, моральдық нормалардың талаптарына жауап беретін іс-әрекеттерге; Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру, заттар, жанды және жансыз табиғат құбылыстары жөнінде білімдерді кеңейту, креативтік ойлауды дамыту бойынша міндеттерді қамтиды.
Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту:
- балалардың сезімдері мен эмоцияларын қабылдау, тану және қолдау;
- баланың және айналасындағы адамдардың сезімдерін сөзбен жеткізу;
- өзіне және айналасындағы адамдарға қамқорлық танытуға қолдау көрсету;
- балалармен мәнді өзара қарым-қатынас орнату;
- командада жұмыс істеу;
- балалардың түрлі іс-әрекетінде топтағы қарым-қатынасты, бастаманы және дербестікті қолдау;
- балалармен мазмұнды диалог жүргізу;
- еркін ойын кезінде балаларға пікірлерін айтуға мүмкіндік беру арқылы жүзеге асырылады.
- Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік- эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру:
- дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене шынықтыру);
- жүзу (жүзу бассейні болған кезде);
- сөйлеуді дамыту;
- көркем әдебиет;
- сауат ашу негіздері;
- қазақ тілі (оқыту басқа тілдерде жүргізілетін топтарда);
- сенсорика;
- математика негіздері;
- құрастыру;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады.
- Тәрбиелеу-білім процесін жоспарлау кезінде вариативтілік және балалар іс-әрекетін ұйымдастырудың әртүрлі формаларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану ескеріледі.
- Ерекше және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту кезінде баланың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес үлгілік оқу, арнайы, жеке/бейімделген білім беру бағдарламалары қолданылады.
- Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнында:
- тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру;
- ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны;
- білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру;
- сабақтастық принциптерін, тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері қарастырылады.
- Білім беру бағдарламалары (вариативтік, жеке, бейімделген, қосымша) Үлгілік оқу бағдарламасының негізінде әзірленеді және оларда:
- Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнында айқындалған міндеттерге қол жеткізу;
- мектепке дейінгі ұйым таңдаған бағытқа және баланың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес келетін мазмұн;
- тәрбие мен оқыту мазмұнының сабақтастығы және үздіксіздік қағидаттарын қамтамасыз ету;
- ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша күтілетін нәтиже;
- білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру;
- тәрбиелеу мен оқытудың сынақтан өткізілген және бейімделген инновациялық әдістемелері мен технологияларын қолдану қарастырылады.
- Тәрбиелеу-білім беру процесінде мектепке дейінгі ұйымдағы іс- шаралардан тұратын күн тәртібіне (балаларды қабылдау, таңертеңгі жаттығу, тамақтану, серуендеу, күндізгі ұйқы, шынықтыру шаралары, балалардың үйге қайтуы) сәйкес балалар іс-әрекетінің түрлері (ұйымдастырылған, ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, заттық, қимылдық, бейнелеу) қарастырылады.
- Тәрбиеленушілердің эмоционалдық жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың белсенділік түрлерін және бірге әрекет етуге қатысушыларды таңдау мүмкіндігін, ойын аймақтарының қанықтылығын, қолжетімділігін, вариативтілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дамытушы орта құрылады.
- Ерекше балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бағалау көрсеткіштері білім беру траекториясын дамытуға және түзету жұмыстарын жоспарлауға негіз болып табылады.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын игеру деңгейі Үлгілік оқу бағдарламасына қосымшада ұсынылған баланың туғаннан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейінгі біліктері мен дағдыларының тізбесіне сәйкес мүмкін жетістіктерін айқындайтын нысаналы нәтижелерге бағдарланады.
- Мектепке дейінгі ұйымның және мектепалды сыныбының түлегі: физикалық дамыған;
бастамашыл; табанды;
бейімделуге қабілетті, көпшіл; өзіне сенімді;
командада жұмыс істей біледі; эмоционалды жауапты;
өзі, отбасы, қоғам (жақын қоғам), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсініктерге ие.
- тарау. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
- Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі бөбек жасындағы (1-2 жастағы) және мектепке дейінгі жастағы (3-5 жастағы) балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларында айқындалады.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік оқу жоспарларын әзірлеу кезінде тәрбиеленушілердің жас, психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктері мен ерекшеліктері ескеріле отырып, оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сақталады.
- тарау. Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар
- Жас кезеңдері мынадай:
- бөбек жасы – 0 (жаңа туған балалар ) – 2 жастағы балалар;
- мектепке дейінгі жас – 3-5 жастағы балалар.
- Жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, оқу жылының басында жасақталады:
мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.
- Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру мерзімі – 5 жыл, бір жас тобында – 1 жыл.
№ 348 бұйрығына 2-қосымша
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және
- Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
- бастауыш білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
- бағалау – әзірленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген оқу нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;
- бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
- білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйіндегі өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау;
- білім беру құндылықтары – білім беру мазмұнын айқындау үшін негіз болатын, білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесін құрудағы бағдарлар;
- білім беру қызметі – білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру субъектілерінің мақсатқа бағытталған, педагогикалық негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
- білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын бастауыш білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
- жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
- инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
- оқу жүктемесінің инварианттық компоненті – білім беру ұйымдарының типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылар оқып білуге міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
- оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
- оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
- сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, үлгілік оқу жоспарында айқындалған оқу жүктемесінен тыс іске асырылатын білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысандарының бірі;
- үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
- формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
- элективті курс – білім алушылардың таңдауы бойынша курс, білім алушылардың білім дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарының вариативті компонентінің құрамдас бөлігі.
- Стандартты қолдану:
- оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген бастауыш білім берудің мақсаттары жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
- қазақ, орыс және шетел тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасауға;
- қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
- білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңмен толықтырып отыруға;
- күнделікті білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара
- балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
- орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
- білім беру ұйымдарындағы инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға;
- білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
- Жеңіл ақыл-ой кемістігі және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған білім беру ұйымдарындағы инварианттық компоненттің оқу пәндерінің көлемі мен мазмұны "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарларына және "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу бағдарламалармен айқындалады.
- тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
- Бастауыш білім беру мазмұнында:
- қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
- құрмет;
- ынтымақтастық;
- еңбек пен шығармашылық;
- ашықтық;
- өмір бойы білім алу базалық құндылықтар болып айқындалған.
- Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
- білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;
- сын тұрғысынан ойлау;
- зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
- коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
- топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.
- Бастауыш білім берудің мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланады және мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады:
- заманауи қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес болуы;
- сын тұрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;
- оқу пәндері мазмұнының ықпалдасуын күшейте түсудің орындылығы;
- оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
- Бастауыш білім берудің мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің алуан түрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз елінің мәдениетін бағалайтын, басқа елдердің мәдениетін түсінетін және сыйлайтын Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
- Үштілді білім беру іс жүзінде мынадай жолдармен іске асырылады:
- қазақ, орыс және шетел тілдерінің халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейлік меңгерілуін қамтамасыз ету;
- сабақтан тыс жұмысты қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру.
- "Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны оқу пәндерінің аясында жүзеге асырылады:
- "Сауат ашу", "Қазақ тілі" қазақ тілінде оқытатын сыныптарда, "Русский язык" орыс тілінде оқытатын сыныптарда, оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда "Қазақ тілі", оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда "Русский язык", "Әдебиеттік оқу", "Шетел тілі";
- Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын білім беру ұйымдарында "Тіл және әдебиет" білім беру саласына осы этностың "Ана тілі" оқу пәні қосымша енеді. Ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде оқытатын білім беру ұйымдарына арналған "Ана тілі" оқу пәні үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентіне енеді.
- Қазақ тілінде оқытылатын оқушылар үшін "Әліппе", "Ана тілі" пәндері бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері "Әліппе" оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері "Ана тілі" оқулығымен 2-жартыжылдықта; орыс тілінде оқытылатын оқушылар үшін "Букварь", "Обучение грамоте" пәндері бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері "Букварь" оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден
- "Тіл және әдебиет" білім беру саласындағы пәндердің мазмұнында Қазақстанның ұлт мәдениеттерінің бірлігі мен әртүрлілігі, ұлттық сана-сезімнің негізі ретінде мемлекеттік тіл туралы түсініктерін қалыптастыруға, сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша дағдыларды дамытуға бағытталған коммуникативтік тәсілді қолдану көзделеді. Тілдік пәндердің мазмұны ойын және танымдық іс-әрекеттер арқылы білім алушылардың бойында тілдерді үйренуге деген қызығушылығы мен оң қатынасын дамытуға, сондай-ақ ақпарат алмасу, тілдік материал ретінде мәтінмен жұмыс істей білу, фразалар мен сөз орамдарының мәнін түсіну және оларды нақты жағдайлар кезінде қолдану үшін бастапқы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
- Қазақ тілін / орыс тілін/ ана тілін оқыту тілі ретінде үйрету білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту, мәтіннің әртүрлі түрлерімен және типтерімен өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру үшін әдеби мәтіндерді пайдалануға негізделген.
- Екінші тілді (оқыту тіліне байланысты қазақ тілі/орыс тілі) және үшінші тілді (шетел тілі) оқыту тілді деңгейлеп меңгеруге бағдарланған.
- "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Цифрлық сауаттылық" оқу пәндерінде іске асырылады.
- "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
- "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану" оқу пәнінде іске асырылады.
- "Жаратылыстану" пәнінің мазмұны "Адам – Табиғат" жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл оқу пәні білім алушылардың табиғатты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға,қоршағанортанығылымитұрғыдантүсініп,көребілуді
- "Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны "Дүниетану" оқу пәнінде іске асырылады.
- "Адам және қоғам" білім беру саласы пәндерінің мазмұны "Адам –Қоғам" жүйесі шеңберінде кіріспе білімді қамтамасыз етуге бағытталған. Пәндердің мазмұны қоғамдық қатынастардың өткені мен бүгінін, олардың өзара байланысын, адамдардың отбасындағы, қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын танып-білуге; өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, отбасындағы, жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғуға; қазақстандық қоғамның құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге; әр білім алушының өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетінің көзін ашуына; өз халқының және басқа да халықтардың мәдениетіне деген құрмет сезімін дамытуға, өз қылығы үшін жеке басы жауапкершілігін ұғынуына, басқа адамдардың сезімдерін түсінуге және бірге бөлісуге, адам мен қоршаған ортаға деген ізгілік қатынасын тәрбиелеуге бағытталған.
- "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Музыка", "Көркем еңбек", "Еңбекке бауылу" және "Бейнелеу өнері" оқу пәндері арқылы беріледі";
- "Технология және өнер" білім беру саласы пәндерінің мазмұны қоршаған ортаны біртұтас қабылдауды қалыптастыруға, оны визуалды өнер мен музыка құралдары арқылы тануға; бейнелеу өнерінің, қолөнер мен музыканың адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді дамытуға, қазақтың ұлттық сәндік- қолданбалы өнеріне, музыкалық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, әлемдегі басқа халықтардың өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге; өнердің алуан түріне адам өмірінің көрінісі ретінде адамгершілік-эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуге, бастауыш мектеп білім алушыларының көркем және музыкалық-шығармашылық дамуына бағытталған.
- "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде жүзеге асырылады.
- "Дене шынықтыру" пәнінің мазмұны физикалық қасиеттерді, жалпы дамыту жаттығуларын өз бетімен орындауға деген қызығушылықты дамытуға; саламатты өмір салты мәдениетін дарытуға; дене шынықтырудың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерді қалыптастыруға, спорт, қазақтың ұлттық спорт түрлері туралы ақпаратты өз бетімен таба білу және оны өзінің денсаулығын нығайту үшін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға; оқу, ойын және жарыс қызметі жағдайында құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау мәдениетінің машықтарын қалыптастыруға бағытталған.
- 1-4-сыныптарда "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсын міндетті меңгеруқамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда "Дүниетану" оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады.
- "Жолда жүру ережелері" оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады.
- Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
- тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
- Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 27 сағаттан аспайды.
- Білім алушылардың инвариантты және вариативтік компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.
- Сыныпты екі топқа бөлу жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық болғанда:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
- шетел тілі бойынша;
- цифрлық сауаттылық бойынша (1 сыныптан басқа) бойынша жүзеге асырылады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.
- Инклюзивті білім беру шеңберінде 30-тармақта көрсетілген пәндер бойынша сыныпты топтарға бөлу әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға сынып толымдылығындағы білім алушылардың жалпы санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
- тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Білім алушылардың дайындық деңгейі "Тіл және әдебиет", "Математика және информатика", "Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Технология және өнер", "Дене шынықтыру" сияқты бірнеше мәндес оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім беру саласының ерекшеліктері ескеріле отырып жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.
- "Тіл және әдебиет" білім беру саласы бойынша бастауыш білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
- тыңдалым және айтылым:
- оқылым:
айқындайды, өзінің жауабына/таңдауына негіздеме береді; автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби көркемдеуіш құралдарын айқындайды; жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы қорытынды жасайды; мәтіндерді белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды; шығармалардағы оқиғалар барысын болжайды; мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды; әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; көркем әдебиет туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
- жазылым:
"Қазақ тілі" (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда,)/ "Орыс тілі" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтінсыныптарда):
- тыңдалым:
- айтылым:
- оқылым:
- жазылым:
"Шетел тілі":
- тыңдалым:
- айтылым:
- оқылым:
- жазылым:
- "Математика және информатика" білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
- "цифр", "сан", "координаталық сәуле", "санның үлесі", "жай бөлшек", "аралас сан", "санды өрнек", "әріпті өрнек", "теңдік", "теңсіздік", "бұрыштың градустық өлшемі", "пайыз", "жиын", "симметрия", "ақпарат", "объект", "файл", "папка", "затбелгі", "модель", "компьютер желісі", "Интернет" ұғымдарының мәнін; ондық санау жүйесіндегі разряд бірліктерінің мәндерін; жазық және кеңістік геометриялық фигураларының түрлерін және олардың элементтерін; шаршы және тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеу формулаларын, бірдей дәрежелі бөлшектерді қосу және азайту принциптерін; операциялық жүйе объектілерінің қызметін; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің негізгі құрылғыларын, енгізу мен шығару құрылғыларын; қолданбалы, сервистік бағдарламалардың және операциялық жүйенің мақсатын, компьютерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы принциптерін біледі;
- натурал сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа қатысты арифметикалық амалдардың мәні мен ретін; шамалар арасындағы қарапайым өзара тәуелділікті; жиындардың "қиылысуы" мен "бірігуіне" қатысты операциялардың мағынасын; пайызды бөлшек санмен өрнектеуді, бөлшек сандарды пайызбен өрнектеуді; тұрақты және айнымалы шамалар арасындағы айырмашылықтарды; компьютердің негізгі бөліктерінің қолданылуы, құрылымдарының, операциялық жүйе интерфейсі элементтерінің кіру және шығу құрылғысы; компьютерлік техниканың адам денсаулығына тигізетін әсері; ақпаратты және құрылымдарды зиян келтіретін бағдарламалардан қорғаудың маңыздылығы; ақпараттың авторларға сілтеме жасалған ілеспе қажеттілігін түсінеді;
- өрнектер жазу үшін, санды өрнектерді түрлендіру үшін, есептер шығару үшін математикалық символдарды, арифметикалық амалдар мен қасиеттерді; натурал сандар мен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша есептеу амалдарын; шамалардың стандартты және стандартты емес өлшем бірліктерін (ұзындық, аудан, көлем, масса, уақыт); шамаларды өлшеу құралдарын; есеп шарттарын жазудың математикалық тілі мен графикалық модельдерін; теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; периметр мен ауданды есептеу формулаларын (шаршының, тік төртбұрыштың, тікбұрышты үшбұрыштың); жиын элементтері арасындағы қатынастарды көрсету үшін Эйлер-Венн диаграммаларын; санның бөлігін және оның бөлігі бойынша санды табу білігін; ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге және жеткізуге арналған ақпараттық-
- ауызша және жазбаша санаудың рационалды тәсілдерін; геометриялық фигуралардың ерекшеліктерін; сандық өрнектер мен айнымалысы бар өрнектердің мәндерін салыстыру нәтижесін; әртүрлі шамалар арасындағы тәуелділіктер (сан, баға, құн, жылдамдық, уақыт, арақашықтық, еңбек (жұмыс) өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі); заңдылықтарды және тізбектің жетіспейтін элементтерін табуды; күрделі емес комбинаторикалық және логикалық есептерді; есеп шартының сызба, кесте түрлеріндегі жазбасын; санаумен, өлшеумен байланысты деректер мен нәтижелерді; қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін; желіде этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдарын; мәлімделген талаптарға сәйкес іріктеп, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты талдайды;
- заттарды олардың белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай сыныптауышын; шамалар арасындағы тәуелділіктің математикалық моделін; шынайы әлемнің нақты нысандары мен процестерінің бейнелер мен сызбалар түріндегі ең қарапайым модельдерін; ұсынылған мәліметтер немесе математикалық модельдер бойынша есеп құрастырады және оған кері есеп құрайды; берілген заңдылықтар бойынша тізбек құрастырады; практикалық міндеттерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, объектілер мен жағдаяттардың модельдерін; қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің мүмкіндіктері туралы білімдерін түрлі міндеттерді шешу үшін жинақтайды;
- өлшем нәтижелерін; сандар, шамалар, геометриялық фигуралар туралы қарапайым тұжырымдардың ақиқаттылығын немесе жалғандығын; графика, кесте, диаграмма түрінде берілген деректерді; модельдің берілген критерийлерге сәйкестігін; қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің түрлі міндеттерді шешуде пайдалану мүмкіндіктерін бағалайды.
- "Жаратылыстану" білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
- Күн жүйесінің ғаламшарларын және олардың ерекшеліктерін; Жер мен оның табиғаты туралы, Ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін; ғылыми таным әдістерін: бақылау, эксперимент, тәжірибе; зерттеуді жоспарлау мен жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасы негіздерін; апатты табиғи
- қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың және Жердегі биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын; жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігін; ағзаның қорғану функцияларын; табиғат компоненттерінің тірі ағзалар үшін маңызын; қоршаған ортаға енудің құралы ретіндегі ағзалар ерекшеліктерін; омыртқалы және омыртқасыз жан-жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын; табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігін түсінеді;
- табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды зерделеу үшін кейбір зерттеу әдістерін; табиғи объектілерді, құбылыстар мен процестерді өлшеудің стандартты және стандартты емес бірліктерін; табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды өлшеудің қарапайым құралдарын; жүргізген зерттеулерді түсіндіруге қажет тиісті ғылыми терминологияны; өзі тұрып жатқан жердегі өсімдіктер мен жан-жануарларды жіктеу үшін олардың қарапайым белгілері туралы білімді қолданады;
- табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; материалдарды қолдану мүмкіндіктерін айқындау үшін олардың қасиеттерін; белгілі бір аумақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемін; алуан түрлі өмір сүру орталарының ұқсастығы мен айырмашылығын; өз зерттеулеріндегі және түрлі дереккөздерден алынған материалдарды талдайды;
- тірі және өлі табиғаттың объектілері мен құбылыстарына зерттеу жүргізуді жоспарлау және өткізу үшін алынған білімі мен дағдыларын; сурет, сызба, графиктер, диаграммалар, кестелер түріндегі ақпараттық материалдарды; қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты идеяларды; микро- және макроәлемнің объектілері, құбылыстары мен процестерінің имитациялық және географиялық үлгілерін жинақтайды;
- табиғи объектілердің, құбылыстар мен процестердің даму факторлары мен жағдайын; адамның әрекеті мен қоршаған ортаның жағдайына ғылыми- техникалықпрогрестіңсалдары;ғылыми-техникалықпрогрестіңадамның
- "Адам және қоғам" білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
- білім алушының күнделікті өмірі өтетін отбасының, мектеп қоғамдастығының құрылымын, құрамы мен функциясын; адамның ең негізгі әлеуметтік функцияларын; "адам – қоғам" өзара байланысы туралы бастапқы мәліметтерді; "қауіпсіздік", "денсаулық" ұғымдары және олардың басты белгілерін; жеке тұлғаның, отбасының, қауымдастықтардың және тұтас қоғамның ерекшеліктерін және олардың адам өміріндегі маңызы мен атқаратын рөлін; тұтыну тауарларының негізгі түрлерін және олардың құрамын; Қазақстанның тарихы мен географиясы туралы жалпы мәліметті; Қазақстан халқы мен Қазақстан халықтарының негізгі дәстүрлері мен фольклорын; Қазақстанның әлемдегі орны мен рөлін; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін; жалпыадамзаттық құндылықтарды; оң және достық қарым-қатынас жасау принциптерін, этикет принциптерін, мектеп оқушысының құқықтары мен міндеттерін, саламатты өмір салтының принциптерін біледі;
- өзінің Қазақстанның жас азаматы ретіндегі азаматтық болмысын және белгілі бір ұлтқа қатыстылығын; отбасының, туған жері мен Атамекенінің құндылығын; көпұлтты қазақстандық қоғамның құндылығын; Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің маңызын; қоғамдағы адамның адамгершілік мінез- құлық нормаларын; өз өмірінің мектеп өмірімен, ауыл, қала, ел өмірімен тығыз байланыста екендігін; қоғамға қызмет етудің маңыздылығын; әртүрлі елді мекен түрлерінің функционалдық және құрылымдық ерекшеліктерін; өз ойы мен сөзінің, іс-әрекетінің бір жерден шығуының маңыздылығын, олар үшін өз жауапкершілігін; ұлттық салт-дәстүрлердің мәнін; адам өміріндегі және қоғам дамуындағы саяхаттардың рөлін; адамның өзін тануы мен өзін дамытудың маңыздылығын; "еңбек", "өзара түсіністік", "өмірге қуанышпен қарау", "қиындыққа мойымау", "мейірімділік", "жомарттық", "кеңпейілділік", "патриоттық", "шығармашылық" ұғымдарының мазмұнын және маңыздылығын; саламатты өмір салтын ұстануы керектігін; табиғаттың өмірлік қуат көзі ретіндегі мәнін; табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңызын түсінеді;
- таным әдістерін қоғамдық процестер мен құбылыстарды зерттеу үшін, оқу тапсырмалары мен шығармашылық, танымдық, зерттеу, жобалау сипатындағы жұмыстарды орындау үшін; қарапайым қаржылық қарым-қатынастардағы жеке басының тәжірибесі мен білімін; салауатты өмір салты туралы, жеке бас
- Қазақстанның әлемдегі орнын; қазақ халқының және елде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдени және салт-дәстүрлерінің ортақ және ерекше белгілерін; жеке тұлғаның, отбасының, мектеп қауымдастығының даму факторларын; адам өміріндегі негізгі ресурстардың мәнін; денсаулық пен қауіпсіздік факторларын; адамның көңіл-күйінің, сезімі мен адамдар іс-әрекетінің көрінісі, олардың себеп-салдарын; өзіндік эмоционалдық күйін талдайды;
- қоғамдық құбылыстар мен процестерді жүйелеу және топтастыру үшін білімі мен дағдыларын; қоғамның кейбір өзекті проблемаларын айқындау үшін білімі мен дағдыларын; кеңістікте (орын), уақытта (хронологияда), әлеуметтік ортада (қоғамда) бағдарлануы үшін жеке шешімдерін; отбасылық, тұлғааралық және қоғамдық салаларда коммуникация модельдерін; өмір қауіпсіздігі, саяхатты ұйымдастыру бойынша өз жобаларын, өзіндік рухани-адамгершілік дамуы бойынша шешімдерін жинақтайды;
- адамгершілік нормасы тұрғысынан өзінің мінез-құлқы мен айналадағы адамдардың істерін; отбасының, қоғамның, мемлекеттің әрбір адам өміріндегі маңыздылығын; заманауи өмірдегі дәстүр мен фольклордың рөлін; тұтыну заттарының маңыздылығы мен құны бойынша құндылығын; сабақта өз жұмысына қанағаттану дәрежесін; тұлғааралық, қоғамдық және қаржы- экономикалық қарым-қатынас саласында өзінің ілгерілеу деңгейін, өзінің эмоциялық және физикалық қалпын; адамдардың тәртібін жалпы қабылданған адамгершілік нормалары тұрғысынан бағалайды.
- "Технология және өнер" білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
- өнердің негізгі түрлері мен жанрларын; сызықтардың және формалардың негізгі түрлерін; негізгі және қосымша түстерді; сурет салуға және сәндік-көркем жұмыстарға керекті негізгі материалдар мен құралдарды; өнердің әр алуан түрлерінде жұмыс істеудің негізгі техникалары мен әдістерін; әлемдік және отандық өнер қайраткерлері туындыларының үздік үлгілерін; шығармашылық идеяларды берудің көркем әдіс-тәсілдерін; музыкалық сауаттылық негіздерін; әнді орындау және музыка тыңдау принциптерін; қазақтың дәстүрлі музыкасының негізгі түрлерін, жанрларын және стильдерін; халық аспаптар
- өнердің өмірмен байланысын; орындау техникасының өнердің түрімен, стилімен, жанрымен байланысын; Қазақстанның сәндік-көркем өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері мен маңызын; қазақ халқының және басқа да әлем халықтарының мәдениетіндегі өнер туындыларының маңызын; музыканың адам өміріндегі маңызын; музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын; қазақ халқы мен әлемнің басқа халықтарының мәдениетін көрсететін дәстүрлі музыканы; халықтық музыканың композиторлар музыкасы үшін негіз қалаушы рөлін түсінеді;
- заттарды бейнелеудегі композиция заңдарын; өнердің мәнерлілік құралдарын; идеяларды дамыту үшін әртүрлі ақпарат көздерін және ақпараттық- коммуникациялық технологияларды; шығармашылық жұмыс жасау үшін әртүрлі көркем материалдарды, құралдарды және техникаларды; шығармашылық жұмысты жасау үшін өнердің түрлері, стилдері мен жанрлары туралы білімді; қауіпсіздік техникасының ережелерін; жеке және ансамбльде, хорда/оркестрде ән айтуда, музыкалық аспаптарда ойнауда сезімді, көңіл-күйді жеткізу үшін, қарапайым шығармаларды, импровизацияларды, шығармашылық жобаларды, оның ішінде компьютерлік музыкалық бағдарламаларды пайдалана отырып жасау үшін музыкалық сауаттылық негіздерін; музыкалық құбылыстарды, қоршаған өмірдің құбылыстарын дыбыс тілі арқылы түсіндіргенде музыканың түрлері, стилдері және жанрлары туралы білімді қолданады;
- өзінің қызметін жоспарлау үшін әртүрлі дереккөздерінен алынған ақпаратты; қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтары өнерінің стильдері мен жанрларын; өнер туындыларын жасау үшін қолданылған материалдар мен техникаларды; эксперименталдық, зерттеу жұмыстарын жүргізуде көркем материалдар мен аспаптардың қасиеті мен сапасын; өзінің шығармашылық қызметінің процесі мен нәтижелерін; адам өміріндегі музыканың рөлі мен мәнін; дәстүрлі қазақ музыкасы мен әлем халықтары музыкасының ұқсастығы мен айырмашылығын, сондай-ақ мазмұнын; халық және симфониялық оркестрлердің музыкалық аспаптарының ерекшеліктерін; жеке музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау және импровизациялау үшін әртүрлі дыбыстар мен дыбыс әсерлерін талдайды;
- шығармашылық жұмыстарды жасау үшін тәсілдер мен техникаларды, материалдың қасиеті мен мүмкіндіктерін; идеяны дамыту үшін түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып алынған ақпаратты; шығармашылық жобаларды орындау және идеяларды, оның ішінде музыкалық компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып іске асыру үшін білімдерді, дағдыларды, ақпаратты, шығармашылық жұмысты әзірлеу үшін өнердің әртүрлі элементтерін синтездейді;
- көркем және музыкалық жұмыстардың негізгі мақсатын, образдары мен идеяларын; шығармашылық жұмыстарды жасау үшін мәнерлілік құралдары мен материалдың қасиетін; көркем еңбек бойынша жеке/ұжымдық орындалған жұмыстарды; үйренетін музыканың адамгершілік-эстетикалық жағын, алынған шығармашылық қызмет нәтижесін, музыка мен көркем шығармашылықтың өмірдегі рөлін бағалайды.
- "Дене шынықтыру" білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
- ағзаның дамуына ықпал ететін негізгі дене шынықтыру жаттығуларын, оларды орындаудың принциптері мен техникасын; дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік принциптерін; сергіту жаттығулары мен ширатып шынықтыру жаттығуларын орындау принциптерін; дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерді бақылау тәсілдерін; дене даярлығын жақсарту үшін дене бөліктері мен бұлшық еттерді дамыту әдістерін біледі;
- дене шынықтырудың денсаулықты нығайтудағы маңызын; дене шынықтыру мен спорттың елдің дамуындағы және сол үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудағы рөлін; орындалатын жаттығулардың күрделілік деңгейін; түрлі физикалық жүктемелердің талап етілетін қарқындылығына қол жеткізу қажеттілігін; дене, психикалық және эмоциялық саламаттылықты сақтау мен қолдаудың маңызын; түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын тәуекелдерді түсінеді;
- келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін өзіндік/бірлескен жұмысты орындау дағдыларын; кешенді дене жаттығуларын орындау кезінде қолданылатын композициялық амалдар мен ережелер туралы білімін; уақытты, кеңістікті, дағды мен қозғалыс координацияларын түсінетінін көрсете отырып, дене жаттығуларын орындаудың дұрыс бірізділігін; дене дамуындағы кемістіктерді және денсаулықүшінықтималтәуекелдерді жоятын арнайы
- болашақ оқуды және мінез-құлқын басқару үшін топта дене шынықтыру жаттығуларын орындаудағы өзінің жетістіктері мен тәжірибесін; дене шынықтырудың әр түріндегі жеке қабілеттерін және сенімділігін жақсарту; ортақ мақсатқа қол жеткізудегі ынтымақтастық және әділ жарыс жағдаяттарын талдайды;
- қозғалыс түрлерінен тұратын белгілі бір қозғалыстар комбинацияларын, сондай-ақ түрлі спорт тактикаларын пайдалана отырып стратегияларды; дене шынықтырудың алуан түрлі жағдаяттарына бейімделу үшін білім мен дағдыларды жинақтайды;
- әртүрлі физикалық жүктемелерді орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; өзінің және өзгелердің физикалық мүмкіндіктерін; мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды.
- Білім алушыларға үй тапсырмалары олардың орындау мүмкіндіктері ескеріле отырып беріледі, 2-сыныпта 50 минуттан, ал 3-4-сыныптарда 1 сағат 10 минуттан (астрономиялық сағатта) аспайды.
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін де ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін пайдаланылады.
- Бағалау нақты бөлім/ортақ тақырып бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау негізінде әрбір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.
- Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау 2-сыныптан бастап формативті және жиынтық бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
- Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуы үшін, даму бұзушылықтарын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.
- тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
- Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – төрт жыл.
- Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу аптасын, 2-4-сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.
- Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде - 25 күн.
- Каниулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. 1- сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты беріледі.
№ 348 бұйрығына 3-қосымша
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
- Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
- бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру процесі;
- бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
- білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын негізгі орта білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
- білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар.
- білім алушының дайындық деңгейі - тұлғалық, жүйелік-әрекеттік және пәндік нәтижелерінен көрінетін білім алушылардың орта білім мазмұнын меңгеру деңгейі.
- білім беру мазмұнын меңгерудің базалық деңгейі - білім алушылардың білім, іскерлік және дағдының міндетті көлемін меңгеру деңгейі.
- білім беру мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі - білім алушылардың білім, шеберлік және дағдының кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.
- ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
- жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
- жұмыс оқу жоспары - білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат
- инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
- негізгі орта білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті негізгі орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
- оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылардың оқып білуі үшін міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті
- оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
- оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі - үлгілік оқу жоспарының инварианттық және вариативтік (мектеп және оқушы) компоненттеріндегі оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін қажетті және негізгі орта білім беру деңгейлері мен оқу жылдары бойынша белгіленген оқу уақытының көлемі;
- оқытудан күтілетін нәтижелер– оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
- сабақтан тыс іс-әрекет – біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;
- үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
- формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
- элективті курс – білім алушының таңдауы бойынша курс, білім алушылардың білім алу дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарындағы вариативті компоненттің құраушы бөлігі.
- Стандартты қолдану:
- оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген негізгі орта білім беру мақсаттары жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
- қазақ, орыс және шетел тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасау;
- білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруін және алған білімдерін қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін қолдана білу іскерлігін дамытуды көздейтін негізгі орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
- білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
- білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға;
- балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметтерін алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
- орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында негізгі орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
- білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
- білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
- Білім беру ұйымдары тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың әртүрлі педагогикалық технологияларын қолдану арқылы денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.
- Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға білім беретін ұйымдардағы білім көлемі мен инвариантты компоненттегі оқу пәндерінің мазмұны "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарларымен (бұдан әрі - ҮОЖ) және "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) бекітілген бағдарламаларымен белгіленеді.
- Арнайы оқу бағдарламалары Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды (балаларды) оқытуға және дамытуға бағытталады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.
- тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
- Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
- қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
- құрмет;
- ынтымақтастық;
- еңбек пен шығармашылық;
- ашықтық;
- өмір бойы білім алу.
- Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың мынадай қабілеттері дамуы тиіс:
- Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын құрметтеу және сақтау;
- әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай алу;
- мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану;
- Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттік алуан түрлілігін құрметтеу;
- рухани келісім және толеранттылық идеяларын қолдау;
- қоршаған ортаға және экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң қарым- қатынас;
- шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлау;
- коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білу;
- өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге талпыну.
- Негізгі орта білімнің мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру.
- Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:
- рухани-адамгершілік қасиеттерін;
- ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін;
- өздігінен білім алу және тұлғалық өзін-өзі дамыту дағдыларын;
- оқу, жобалау, зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын;
- сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдыларын;
- қауымда өзін-өзі іске асыру және өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
- Негізгі орта білім берудің мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және Стандарт талаптары негізінде әзірленетін оқу пәндерінің оқу бағдарламаларымен айқындалады.
- Негізгі орта білім берудің мазмұны оқу, жобалау және зерттеу іс- әрекеттерінің мақсатты ұйымдастырылған тәрбие жұмысымен үйлесімі арқылы іске асырылатын академиялық дайындықты, білім алушылардың дербестігін дамытуды және рухани-адамгершілік тәрбиені кіріктіру негізінде айқындалуы тиіс.
- Негізгі орта білім берудің мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
- заманауи қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес болу;
- сын тұрғысынан, шығармашылық және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;
- оқу пәндері мазмұнын кіріктіруді күшейтудің орындылығы;
- бастауыш білім беру және негізгі орта білім беру деңгейлері арасындағы білім беру мазмұнының үздіксіздік және сабақтастық қағидатын сақтауды қамтамасыз ету;
- білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
- оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
- Негізгі орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиенің бірлігі қағидатын іске асыруға, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеруге бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі.
- Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбие мәселелері шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
- Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру жинақтала келе білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем- эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз етеді.
- Оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларды ізденуге, мәселелерді талқылауда, көзқарасын дәлелдеуде белсенділікке, сындарлы шешімдер қабылдауға ұмтылу жолымен өздігінен тәжірибе меңгеруін ұйымдастыруға негізделген оқытудың интерактивті әдістерін пайдалануды көздейді.
- Міндетті оқу пәндерін оқытумен қатар элективті курстар, сыныптан тыс сабақтарды өткізу, білім алушылардың ғылыми жобаларға қатысуы көзделген.
- Білім алушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады.
- Негізгі орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты көптілді тұлғаны – кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі салаларында үш тілде еркін диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
- Үштілді білім беру іс жүзінде:
- қазақ, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру;
- оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және шетел тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;
- сабақтан тыс іс-әрекеттер мен элективті курстарды қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
- Негізгі орта білім берудің әр білім беру саласы бойынша базалық мазмұны білім алушыларға тек ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, олардың тиімді
- "Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті" және оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Орыс тілі", "Орыс әдебиеті";
- оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін "Қазақ тілі мен әдебиеті" және оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін "Орыс тілі мен әдебиеті";
- "Шетел тілі";
- Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын білім беру ұйымдарында "Тіл және әдебиет" білім беру саласына осы этностың ана тілі мен әдебиеті қосымша енеді. Оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Ана тілі", "Әдебиет" ("Ұйғыр әдебиеті", "Өзбек әдебиеті", "Тәжік әдебиеті") оқу пәндері ҮОЖ инвариантты компонентіне енеді.
- "Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті" және оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Орыс тілі", "Орыс әдебиеті";
- қазақ емес тілде оқытатын сыныптар үшін "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті", орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін "Орыс тілі", "Әлем әдебиеті".
- "Шетел тілі";
- Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын білім беру ұйымдарында "Тіл және әдебиет" білім беру саласына осы этностың ана тілі мен әдебиеті қосымша енеді. Оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін "Ана тілі", "Әдебиет" ("Ұйғыр әдебиеті", "Өзбек әдебиеті", "Тәжік әдебиеті") оқу пәндері ҮОЖ инвариантты компонентіне енеді.
- "Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны басқа тілдік және тілдік емес оқу пәндерімен пәнаралық байланысты пайдалануды; білім алушылардың ойдағыдай әлеуметтенуін; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын дамытуды; қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын түсінуді; рухани-адамгершілік құндылықтардың дамуын; көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсінуді; қарым-қатынас процесінде тұлғаарлық және мәдениетаралық байланыстарды орнатуды; өзге елдердің мәдениетімен танысу арқылы әртүрлі көзқарастарды сыйлай білуге тәрбиелеуді; оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде интернет ресурстарымен өз бетінше жұмыс істей білуді;
- "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Алгебра", "Геометрия", "Информатика" оқу пәндерінде іске асырылады.
- "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруды; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуді; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді; бағдарламалау технологиясының және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз етеді.
- "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану", "Физика", "Химия", "Биология", "География" оқу пәндерінде іске асырылады.
- "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны "Жаратылыстану", "Физика", "Химия", "Биология", "География", "География. Қазақстан географиясы" оқу пәндерінде іске асырылады.
- "Жаратылыстану" білім беру саласының мазмұны функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ойлауды дамытуды; патриоттық
- "Адам және қоғам" білім беру саласының оқу пәндерінің мазмұны "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзі тарихы", "Құқық негіздері" оқу пәндерінде іске асырылады.
- "Адам және қоғам" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда "Адам – Қоғам" жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша білім негіздерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Оқу пәндерінің мазмұны білім алушыларда тарихи ойлау, өткен және қазіргі жағдайды, олардың өзара байланысын түсіну мен ұғыну, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік ақпарат көздері материалдары бойынша талдау мен негізделген қорытындылар жасау және соның негізінде ешкімге тәуелсіз тұжырым жасау, өзіндік сараланған шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға; патриотизм сезімін тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен құндылықтарын түсінуді, әлеуметтік-мәдени байланыс жағдайында тиімді өзара қарым-қатынасты іске асыру және коммуникативтік құралдарды таңдау үшін белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға; жалпыадамзаттық, этномәдени құндылықтар жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға жеке қатынасын айқындай білуін дамытуға, адамгершілік таңдауды жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бақылау мен бағалауға бағытталады.
- "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Музыка", "Көркем еңбек" оқу пәндерінде іске асырылады.
- Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Музыка", "Технология", "Бейнелеу өнері" оқу пәндерінде іске асырылады.
- "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны қоршаған әлемнің бейнесін, өскелең ұрпақтың ортақ мәдениетін тұтастай қабылдауды, білім алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық саласын қоғамның ұлттық және әлемдік көркем құндылықтары негізінде дамытуға, адам өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді дамытуға, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтарының салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне және әртүрлі өнер түрлерін түсінуге және құрметтеуге; өнердің әртүрлі түрлерінде көркем, музыкалық және жобалық әрекетті жүзеге асыру білімдерін, біліктерін және дағдыларын одан әрі дамытуға; негізгі технологиялық білім, білік, дағдыларды, соның ішінде компьютерлік цифрлық технологияларды қолдану арқылы; әртүрлі музыкалық цифрлық технологияларды қоса алғанда,
- "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны "Дене шынықтыру" оқу пәнінде іске асырылады.
- "Дене шынықтыру" білім беру саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене бітімі қасиеттерін дамытуға және ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға; қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс тәжірибесін жалпылай дамыту мен түзетуге бағытталған физикалық жаттығулар арқылы байытуға; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс- әрекеті дағдысы мен іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз бетінше ұйымдастыруға үйретуге; базалық және ұлттық спорт түрлерінің техникалық қимылдарымен амалдарын меңгеруге; патриоттық сезімге, өз Отанын сүюге және рухани ерік-жігер қасиеттеріне тәрбиелеуге бағытталады.
- "Жол қозғалысы ережелері" оқу курсы 5-8-сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылады.
- Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
- тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
- Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 29 сағаттан, 6-сыныпта – 30 сағаттан, 7-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 34 сағаттан, 9-сыныпта – 35 сағаттан аспауы тиіс.
- Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі ҮОЖ-да белгіленеді.
- Апталық оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарында (инвариантты және вариативті компоненттер) айқындалған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті қарастырылған. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзеу және
Инвариантты компоненттен таңдалған вариативті компоненттінің таңдау бойынша пәндеріне "сыналды" / "сыналмады" қойылады.
- Сыныпты екі топқа бөлуге білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны – 24 және одан артық болғанда:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
- шетел тілі;
- көркем еңбек;
- информатика бойынша жүзеге асырылады.
- Сыныпты екі топқа бөлуге білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық болғанда:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
- шетел тілі;
- технология;
- информатика бойынша жүзеге асырылады.
- Жоғарыда аталған пәндерден инклюзивті білім беру аясында сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы саны ерекше білім беру қажеттіліктері бар әр балаға барлық білім алушылар санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.
- тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуына және кәсіптік бағдарлануына, сондай-ақ білім алушылардың бейіналды даярлығына бағытталады.
- Білім алушылардың дайындық деңгейі бірнеше мәндес оқу пәндерін біріктіретін "Тіл және әдебиет", "Математика және информатика", "Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Технология және өнер", "Дене шынықтыру" білім беру салаларының ерекшеліктері ескеріле отырып жобаланған оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.
- Білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер негізгі орта білім берудің базалық мазмұнын айқындау үшін негіз болып табылады.
- Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларында білім беру салалары (және оқу пәндері) бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарында нақтыланады.
- Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке даму траекторияларын қалыптастыруға және олардың оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына кезең-кезеңмен қол жеткізуге ілгерілеуіне мүмкіндік жасайды.
- "Тіл және әдебиет" білім беру саласы бойынша негізгі орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
- тыңдалым және айтылым:
- оқылым:
- жазылым:
"Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)
/ "Орыс тілі мен әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)
- тыңдалым:
- айтылым:
- оқылым:
дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады;
- жазылым:
"Тәжік әдебиеті":
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
- әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;
- ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
- әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды
- оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
- көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады;
- оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
- тыңдалым:
- айтылым:
қояды; оқу тапсырмаларын орындау үшін құрбы-құрдастарымен (жұпта, топта) бірлесіп жұмыс жасайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндерді салыстырады және қарама-қарсы қойып салыстырады; өз көзқарасын негіздей отырып, пікірін білдіреді;
- оқылым:
- жазылым:
- "Математика және информатика" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
- қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын; сандар жіктемесін; нақты сандармен есептеу амалдарын; қарапайым математиканың негізгі формулаларын; функция ұғымын, оның қасиеттері мен графигін; алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін; көпбұрыштар жіктемесін; жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін; комбинаторика ережелерін; оқиға ықтималдығының классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамаларын; статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін;
- математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін; квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын; аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын; жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын; таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын; сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін;
- практикалық есептерді шешуде математикалық білімін; математикалық есептерді шешу алгоритмдерін; түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны; нақты сандарды есептеу амалдары; ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді; геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді; математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын және бағдарламалық қамтылымды;
- заңдылықтарды талдайды және олардың негізінде математикалық модельдер құрастырады; статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді; рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді; геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; функциялардың қасиеттерін; математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын; графика, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін;
- математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін; статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды; аксиомалар мен теоремалар арқылы дәлелді пікірлерді; геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып құрастыру есептерін шешу тәсілдерін;
- есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін; берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын; шамалардың жуық мәндерін және олардың стандартты түрде жазылуын; жүргізілген тәжірибелер санының артуына байланысты оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін; ақпараттың сапасын, маңыздылығын, пайдалылығын және тиімділігін; пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты компьютердің пішін үйлесімін және бағдарламалық қамтылымын таңдауды; компьютерлік модельдің шынайы объектілерге сәйкестігін; алгоритмнің тиімділігін және оны орындаудың нәтижелерін; ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының адам денсаулығына теріс әсер етуін бағалайды.
- "Жаратылыстану" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
- бастапқы географиялық, биологиялық, физикалық және химиялық ұғымдарды; заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының рөлін; негізгі биологиялық, физикалық және химиялық теориялар мен заңдардың мәнін; атақты
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси географиялық жағдайын, аумақтық- әкімшілік бөлінуін; Қазақстан аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерін; халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын біледі;
- шамалардың физикалық мағынасын, механика, электр және магнетизм, оптика, атом физикасы, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын; биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстардың адам өміріндегі маңыздылығын; химиялық реакциялардың жүру жағдайларын; тотығу және қалпына келу процесін; органикалық және бейорганикалық заттар кластарының арасындағы айырмашылықтарды; ИЮПАК Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы халықаралық номенклатурасын; химиялық өндірістің технологияларын және ғылыми қағидаттарын; микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын; жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді; өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын; метаболизм процестерін; жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды; жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін; табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерекшеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал өрісін, өзара әрекеттестігін; "Байқоңыр" ғарыш айлағының өңірлік және халықаралық маңыздылығын түсінеді;
- тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін; қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика, химия, биология, географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; алынған білімдерін биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; ағзалардың әртүрлі топтарын
- ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; заттардың қасиеті мен қолданылуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты; адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын; биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын; тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын; трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды; биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми- жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын талдайды;
- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді; эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды;
- жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді, түрлі биологиялық, физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын; өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін бағалайды.
- "Адам және қоғам" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
- отан және дүниежүзі тарихы кезеңдерін; Қазақстан және дүниежүзі тарихының ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; отан және әлем тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді; тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін; тарих ғылымының базалық ұғымдарын; тарихи деректердің түрлерін; құқық пәні мен ұғымын; заманауи құқық жүйелерін; іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды: адам құқығы, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, заңдылық және құқық тәртібі; қазақстандық құқық саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдарын; құқық дереккөздерін; гуманизмге, адалдыққа,отан алдындағы борыш пен толеранттылыққа негізделген құндылықтар мен нормалар мәнін; адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа деген қарым-қатынасын ескеретін адамгершілік мінез-құлық негіздерін,әлеуметтік маңызды бағдарды; адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы ұғымдарды біледі;
- тарихтың барлық кезеңдері бойы отан және дүниежүзі тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін; Қазақстан мен түрлі әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін; заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін; Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, әлем тарихындағы оның рөлі мен орнын; отан және әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын; өзін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуі нысанында азаматтық және ұлттық біртектілігін; отан және әлем тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін; мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың өзара байланысы; қазақстандық құқық салаларының негізгі ұғымдары мен базалық санаттарын; құқық мазмұнын, нақты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде азаматтың міндеттері мен жауапкершілігін; әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігін; тұлғаның құқығын құрметтеу қажеттілігін; адамның ұдайы өзін-өзі дамыту мен тану қажеттілігін; жалпы адамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысын; сөзі мен әрекеті үшін жауапкершілікті; отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы
- тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін; тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі объектілердің орналасқан жерін анықтау кезінде; тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде; Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің саяси, әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде; тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде; тарихи материалдармен жұмыс кезінде; күнделікті өмірде және практикалық әрекетінде құқықтық ақпаратты; құқықпен реттелген, күнделікті өмірде заңға сәйкес іс-қимыл мен мінез-құлық тәртібін таңдау кезінде; құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру тәсілдерін айқындау кезінде, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау кезінде; тиісті органдар мен ұйымдарға білікті заң көмегіне жүгіну кезінде; өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде; қоғамға қызмет етуге бағытталған, проблемаларды шешуде шығармашылық тәсілді; адамгершілік нормаларына сәйкес түрлі мәселелерді сындарлы шешуде; басқа адамдармен және қоршаған ортамен тілектестік қарым-қатынас орнату кезінде алынған білімді, білікті және дағдыны қолданады;
- себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді; жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын; тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін; тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстан мен әлемнің жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін; проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді; бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды; түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды; қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен тетіктерді; құқықтық қатынастар субьектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін; қоғамдағы құқықтық қатынастарға байланысты, күрделі емес практикалық жағдаяттарды; жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін және құқықтық ережелерінің ерекшеліктерін; түрлі деректерден алынған құқықтық сипаттағы ақпараттарды; адамдарда тұлғалық өзін-өзі анықтау, өзін-өзі таныту, өзін-өзі бақылау қабілетін қалыптастыру нысандары мен әдістерін; материалдық және материалдық емес
- жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды; қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді; қоғамда әлеуметтік бейімделу үшін құқықтық және адамгершілік нормаларын ескере отырып, түрлі практикалық жағдаяттардағы мінез-құлық моделін жинақтайды;
- тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді; әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын; заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен проблемаларды; қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі рөлін; қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметі, олардың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігін; қоғам өміріндегі оң және келеңсіз құбылыстарды; құқық қорғау мен заңдылық мәнін; нақты мәселелерді шешуде саналы белсенділік таныту қабілетін көрсету; адамгершілік нормаларына сәйкес белгіленген міндеттерді сындарлы шешу үшін өзінің ұжымда және топта ынтымақтасу қабілетін бағалайды.
- "Технология және өнер" білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
- өнер түрлерінің әртүрлі стильдері, бағыттары мен жанрларының жіктеуіші мен ерекшеліктерін; музыка мен өнердің бейнелеу және суреттеу құралдарын; өнер түрлерінің стильдері мен жанрларының пайда болу тарихын; қазақ халқының және әлемнің басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнердегі салт- дәстүрлерін; әлемдік және ұлттық үздік музыка мен өнер туындыларын; халық және классикалық музыка аспаптарының жіктемесін; табиғи, жасанды және көркем материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін; кейбір материалдардың қолмен, механикалық және көркем өңдеудің негізгі технологияларын; тамақ дайындаудың негізгі технологияларын; электротехникалық жұмыстардың негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасын; электротехникалық материалдардың жіктемесін; технологиялық машиналардың, аспаптардың, аппараттар мен құралдардың жіктемесін; технологиялық машиналар мен жабдықтардың тұтынымдық және функциялық сипаттамасын; тоқыма бұйымдарын өңдеу, құрастыру және модельдеу негіздерін; өнер саласында қолданылатын заманауи
- адам мен қоғам өмірінде, қоршаған ортаны қорғау мен сақтауда өнер түрлерінің, техника мен технологияның маңызы мен рөлін; қазақ халқының және әлемнің басқа халықтарының музыка мен бейнелеу өнері туындыларының құндылығын; өнер түрлерінің стильдері мен бағыттарының тарихи кезеңдермен байланысын; шығармашылық ойды түрлі өнер құралдары арқылы жеткізудің ерекшеліктерін; табиғи және жасанды материалдар қасиеттерінің бұйымдардың функциялық және эстетикалық сапасына әсерін; шешім қабылдау, идеяларды дамыту, шығармашылық бұйымдарды жасау үшін топтық және ұжымдық жұмыстың маңызын түсінеді;
- әртүрлі өнер түрлерінде шығармашылық жобаларды жасау үшін; қарапайым электромонтаждау жұмыстарын жүргізу үшін; қоршаған әлемдегі образдарды, заттар мен құбылыстарды бейнелеуде көркем әдістер мен тәсілдерді, оның ішінде компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды пайдалану арқылы; бұйымдарды, сондай-ақ өнер туындыларын жасау және дайындау барысында конструктивтік, көркем материалдардың түрлі қасиеттері туралы білімін; жаңа бұйымдардың прототиптерін, сондай-ақ ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын пайдалана отырып жасау үшін материалдарды өңдеудің негізгі технологияларын; өз идеяларын коммерциялық салада жүзеге асыру үшін шығармашылық өнімдерді жылжытудың түрлі тәсілдерін; өз еңбегін жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін; қоршаған ортадағы экологиялық проблемаларды өнер арқылы көрсету тәсілдерін қолданады;
- түрлі өнер туындыларындағы шығармашылық идеялар мен ойларды; өнер қайраткерлерінің және өзінің жұмысында пайдаланылған тәсілдерді, техникалар мен материалдарды; сапаны жақсарту мақсатында жасалған бұйымдардың прототиптерін; шығармашылық еңбек нәтижелерінің тұтынушылық мүмкіндігін; әлеуметтік-тарихи, өңірлік, ғылыми-техникалық, мәдени факторлардың өнер туындыларына ықпалын; өнердің, технологиялар мен өндірістің қоршаған ортаға және адамның тіршілік әрекетіне әсерін талдайды;
- әртүрлі өнер түрлері бойынша шығармашылық жобаларды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып; әртүрлі материалдар және құралдарды пайдалану арқылы түрлі техникаларда жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін; түрлі стильдер мен жанрларда импровизация, аранжировка жасау үшін әртүрлі идеяларды; шығармашылық жұмыстарды жасау үшін гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім мен
- түрлі өнер туындыларындағы негізгі ойды, образдар мен идеяларды; ұлттық және әлемдік өнер туындыларының көркемдік және эстетикалық құндылығын; өздігінен/ұжыммен орындаған көркемдік, техникалық жұмыстарды; бұйымдардың функционалдық, эргономикалық және тиімділік мүмкіндіктерін; еңбек өнімдерінің тұтынушылық сапасын және технологиялық операцияларды орындаудың сервистік мүмкіндіктерін бағалайды.
- "Дене шынықтыру" білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер. Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
- дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік ережелері мен техникасын; қимыл-қозғалыстарды, әр бағыттағы дене шынықтыру жаттығуларының кешендерін; дене шынықтыру сабақтары кезіндегі ағзадағы өзгерістерді (сыртқы және ішкі белгілері бойынша) және дене шынықтыру жүктемесінің режимдерін (жүрек соғуының жиілігі бойынша) бақылау әдістері мен тәсілдерін біледі;
- еңбекке қабілеттілік деңгейін арттыру үшін денсаулықты сақтау және нығайту қажеттілігін; күн режимінде дене шынықтыру жаттығуларының рөлін; дене шынықтырудың ағза жүйелерінің функционалдық күйіне ықпал етуін; салауатты өмір сүрудің қажеттілігін; орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделілік деңгейін; дене даярлығының түрлі сатыларында дене шынықтыру жүктемесінің талап етілетін қарқынына жету қажеттілігін түсінеді;
- денені жетілдіру үшін кең диапазондағы іс-қимыл дағдыларын; өзінің және топтың қызығушылығын есепке ала отырып, жеке және бірлескен дене шынықтыру сабақтарын болжау; өзінің және басқалардың дене шынықтыру тәжірибелерін байыту үшін білімі мен дағдыларын; оқу бағдарламасында көрсетілген спорт ойындары мен циклдік спорт түрлерінде тактикасы мен стратегиясын; бағдарламадағы спорт түрлері бойынша мектеп жарыстарында қазылық жасау кезіндегі қағидалар туралы білімін қолданады;
- болашақ оқуды және топтағы мінез-құлықты басқару үшін дене шынықтыру жаттығуларындағы жетістіктер мен тәжірибені; іс-әрекетті оңтайландыру негізінде өзі-өзі дамытуға және білімін жетілдіруге даярлығын және қабілеттілігін; қысқа және ұзақ уақытты жаттығулар кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді басқарудың түрлі әдістерін талдайды;
- қозғалыстың түрлері мен олардың ретін қозғалыстың жақсартылған комбинациясында; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастыруда білім мен дағдыларды; дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде проблемаларды
- өзінің физикалық қабілеттері мен басқалардың қабілеттерін; түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; денсаулықтың түрлі аспектілеріне дене жаттығуларының әсерін; салауатты өмір салтын таңдау мен қалыптастыруда, мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысуда белсенді шығармашылық іс-әрекетке араласу үшін өзінің әлеуетін бағалайды.
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін өлшеу үшін пайдаланылады.
- Бағалау критерийлері әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді, сонымен бірге білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі.
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.
- Білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін олардың білім алуына, даму бұзушылықтарын түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасалады.
- тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
- Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – бес жыл.
- Оқу жылының ұзақтығы – 36 оқу аптасы.
- Күнтізбелік жылдағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 115 күнді, оның ішінде оқу жылында кемінде 25 күнді құрайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына 4-қосымша
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы, 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім берудің мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
- Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
- бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген критерийлер негізінде салыстыру процесі;
- бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
- білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
- білім берудегі құндылықтар – білім алушының тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырудағы бағдарлар;
- ерекше білім беру қажеттіліктері – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларына мұқтаж балалардың қажеттіліктері;
- жалпы орта білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
- жиынтық бағалау – анықталған оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
- инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділік үшін жағдайлар жасау;
- оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарында типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, барлық
- оқу жүктемесінің вариативті компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымдары айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
- оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғаннан кейін білім алушының білуін, түсінуін, көрсетуін сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;
- сабақтан тыс іс-әрекет – біртұтас оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі, білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысаны;
- үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін реттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
- формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;
- Стандартты қолдану:
- оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға;
- қазақ, орыс және шетел тілдерінде білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
- қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуін дамытуды көздейтін жалпы орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
- білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен тереңдетуді қамтамасыз етуге;
- білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидатын іске асыруға;
- балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, білім алушылардың ерекше білімге деген қажеттіліктерін, сондай-ақ қосымша білім беру қызметтерін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
- орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
- білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдауға және дамытуға;
- білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
- тарау. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына қойылатын талаптар
- Жалпы орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
- Жалпы орта білім беру мазмұнында базалық құндылықтар ретінде:
- қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
- құрмет;
- ынтымақтастық;
- еңбек пен шығармашылық;
- ашықтық;
- өмір бойы білім алу айқындалған.
- Білім беру құндылықтарын сіңіру негізінде білім алушыларда:
- Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуге әзірлігі;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын құрметтеу және сақтау;
- әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай білу;
- мемлекеттік тілді меңгеру уәждемесі;
- Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдени әралуандығын құрметтеу;
- рухани келісім мен төзімділік идеяларына бейімділік;
- қоршаған әлемге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң көзқарас;
- шығармашылық және сыни ойлау;
- коммуникативтілік және ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды тиімді қолдана білуі;
- өмір бойы білім алу және өзін-өзі жетілдіруге уәждемелеуі дамуы қажет.
- Жалпы орта білім берудің мақсаты:
- білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
- сын тұрғысынан ойлау;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
- коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
- топта және жеке жұмыс жасау білігі;
- мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.
- Жалпы орта білім беру деңгейінің нәтижесі ретіндегі кең ауқымды дағдылар білім алушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіне үйлесімді үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге, сондай-ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
- Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:
- міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру;
- оқу пәндерін оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлерін үйлестіру негізінде жоғары оқу орындарына түсуге білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз ету;
- рухани-адамгершілік қасиеттерін, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын және проблемаларды сын тұрғысынан және шығармашылықпен ойлау негізінде шешу біліктігін мақсатты дамыту;
- бітірушілерге олардың мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу;
- бітірушілерге өмір бойы білім алуын жалғастыруға оң көзқарасының, өмірде мансаптық өсуі мен танымдық процесін реттеуге даярлығының қалыптасуына көмектесу болып табылады.
- Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны білім алушыларды жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу мен дербестігін мақсатты дамыту үшін білім алушылардың академиялық дайындығын кіріктіру негізінде айқындалады.
- Білім алушылардың академиялық дайындығы әлемді танудың ғылыми әдістерін меңгеруге бағытталған білімнің іргелілігін күшейтумен қамтамасыз етіледі.
- Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады:
- қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына және ғылымның даму деңгейлеріне сәйкес болу;
- сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту;
- пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейту;
- негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім мазмұнының үздіксіздігі және сабақтастығы қағидатын сақтау;
- білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
- оқытудың, тәрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету.
- Білім алушылардың міндетті оқу пәндерін оқумен қатар инвариантты компонентте оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейлеріндегі бейіндік оқу пәндерін таңдауы қарастырылған.
- Бейінді оқыту білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқытудың екі деңгейінде оқу пәндерін таңдаудың икемді жүйесі ұсынылады. Білім алушы қалауынша өздеріне маңызды оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлеріндегі оқу пәндерін таңдайды. Стандарттық деңгейдегі оқу пәндеріне қарағанда, бейінді оқытудың тереңдетілген деңгейдегі оқу пәндеріне сағат саны көп бөлінеді. Стандарттық деңгейде бейіндік емес оқу пәндері оқытылады.
- Жалпы орта білім беру деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиелеу бірлігі қағидатына бағдарланған. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқушылардың жетекші қызметі ретінде оқуға басым рөл беріледі. Оқу оқушылардың ізденуге, мәселелерді талқылауда белсенділік танытуға, көзқарасын дәлелдеуге, сындарлы шешім қабылдауға деген ынтасын таныту арқылы тәжірибені игеруін ұйымдастыруға негізделген интерактивті оқыту әдістерін пайдалануды қарастырады.
- Оқыту процесінде әр оқу пәні арқылы тәрбиелеу мәселесі шешіледі. Тәрбие жұмысының барлық түрлері білім алушылардың жаңа білімді субъективті тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
- Сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асуын қамтамасыз етеді.
- Білім алушылардың жобалық және зерттеу іс-әрекеттерін дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
- Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Үштілді білім берудің мақсаты кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
- Үштілді білім беру іс жүзінде:
- қазақ, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру;
- оқыту тіліне қарамастан жекелеген пәндерді қазақ, орыс және шетел тілдерінде оқытуды ұйымдастыру;
- білім алушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін және әртүрлі тәрбие жұмыстарын қазақ, орыс және шетел тілдерінде ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
- Жалпы орта білім берудің практикалық бағыттылығы оқыту процесі мен тәрбие жұмысы кезінде оқу, коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік дағдыларын дамыту арқылы іске асырылады.
- Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша анықталған оқытудан күтілетін нәтижелерге сәйкес әзірленетін оқу бағдарламаларымен нақтыланады.
- Бейінді оқытудың барлық бағыттары үшін міндетті оқу пәндері бойынша мазмұны.
- "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиет" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін) / "Орыс тілі", "Орыс әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ "Ана тілі", "Әдебиет" (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін).
Пәннің мазмұны образдық және талдамалық ойлауды дамытуға, шығармашылық қиялдауға, оқырман мәдениеті және автор ұстанымын түсінуге; білім алушылардың ауызша, жазбаша сөйлесімін дамытуға; әдебиет теориясының түсініктерін және негізгі тарихи-әдеби мәліметтерді, көркем шығарма мәтінінің
мазмұны мен түрін бірлікте түсінуге бағытталады. Әдебиет тарихына қажетті мәліметтерді және әдебиеттану түсініктерін қатыстыра отырып пәнді оқыту процесі барысында көркем шығармаға терең талдау жасау.
Оқу пәндерін оқыту сөздік қорын байыту мен қолданылатын грамматикалық құралдардың аумағын кеңейтуді, стилистикалық ресурстарды, сөйлеу этикеті мен әдеби тілдің негізгі талаптарын, тілдің қызметі мен қолданылуын түрлі қарым- қатынас аялары мен жағдайларында білім спектрін кеңейтуді қарастырады. Білім алушылардың тілді оқу процесінде алынған дағдыларды тиімді пайдалану тілдік бірліктер талаптарына, қарым-қатынас жағдайына сәйкестігі деңгейін бағалау.
Тұлғаны рухани жағынан тәрбиелеуді дамыту, гуманистік дүниетанымын, азаматтық сана-сезімін, патриоттық сезімін, әдебиетке және отандық құндылықтарға, отандық және әлемдік мәдениетке деген сүйіспеншілігі мен сыйласымдылығын қалыптастыру пән мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады;
- "Қазақ тілі мен әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін) / "Орыс тілі мен әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін).
Аталған оқу пәндерін оқыту тілді оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік жасауды, білім алушылардың Қазақстан халықтарының мәдениетімен араласуы олардың ұлтаралық қарым-қатынасқа дайын болуын қамтамасыз етеді.
Оқу пәндері мазмұнының негізі тәжірибе мен қызығушылыққа сәйкес қарым- қатынастың кез келген саласы мен жағдайындағы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін және ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениетінің негіздерін, тілді қолдануда білік пен дағдыны меңгеруге бағытталған.
Тіл мен әдебиетті оқыту процесінде білім алушылар тіл туралы тілдің таңбалық жүйесі және қоғамның құбылысы ретінде, оның құрылысы, дамуы мен қызметі туралы білім алады.
Тіл мен әдебиетті оқыту әдеби тіл нормаларын меңгеру деңгейін жетілдіре түсуге, білім алушылардың сөздік қорын молайтуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді және әдеби шығармаларды талдау және оларға баға беру қабілеттерін дамытуға бағытталған;
- "Шетел тілі"
"Шетел тілі" оқу пәнінің мазмұны талдау икемділіктерін дамытуға, тәжірибені таратуға, маңызды ақпаратты кәсіби тұрғыдан саралауға, тілді ғылыми және кәсіби іс-әрекеттегі қарым-қатынас үшін тиімді пайдалануға, сонымен қатар жеке, іскерлік хаттарды жазу, түйіндеме құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу, шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
"Шетел тілі" оқу пәнінің кіріктірілген мазмұнын басқа пәндермен қатар білім алушыларға пәнаралық байланыс арқылы икемділіктерін қалыптастыру үшін дәлел аралық байланыстың себеп-салдарын, шет тіліндегі дереккөздерден негізгі және фрагментті алып, ақпаратпен жұмыс жасау үшін, орналастырып іске асыруға мүмкіндік беріледі.
"Шетел тілі" оқу пәнінің құралы ретінде рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуды, өз Отанына деген патриоттық сезімін тәрбиелеуді, өз халқына және басқа мәдениеттің өкілдеріне төзімділікпен қарау қарым-қатынасын, отбасында тұлғааралық қарым-қатынас әдебін тәрбиелеу, мектепте құрбы-құрдастарымен, мұғалімдерімен, тіл үйретушілермен қарым-қатынас барысында әлеуметтік мәдениет материалдарын қолдану икемділіктерін дамыту жүзеге асырылады;
- "Алгебра және анализ бастамалары", "Геометрия".
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың қоршаған әлемнің математикалық заңдылықтары туралы түсініктерін жүйелеу және дамытуға, олардың математикалық құралдар мен әдістер тәжірибеде барлық білім салаларында құбылыстар мен процестерді сипаттау және зерттеуде қолданылатынын жете түсінулеріне бағытталған.
Оқу пәні мазмұнында жалпы зияткерлік және танымдық, оқу біліктерін одан әрі дамыту көзделген. Математикалық заңдылықтарды түсіну барысында гипотезаны тексеру және ұсыну проблемаларын тұжырымдау үшін салыстыру, саралау, тарату, талдау, жинақтау, дерексіздендіру, нақтылау сияқты біліктер қолданылады.
Оқу пәнінің мазмұны мектептегі математика курсының тақырыптарын қамтитын математиканың негізгі бөлімдерінен тұрады: "Сан", "Алгебра", "Статистика және ықтималдық теориясы", "Математикалық модельдеу және анализ", "Геометрия";
- "Информатика".
Курстың оқу бағдарламасымен нақты объектілер мен процестердің ақпараттық модельдерін қолдану, талдау және түрлендіру дағдыларын дамыту; алгоритмдік және есептік ойлау; компьютерлік модель құралдарымен зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді.
Оқу пәнінің мазмұны компьютерлік технологиялар арқылы ақпараттық процестерді іске асыруды, компьютерлік жүйелер және модельдермен жұмыс атқаруды, ақпаратты сақтау әдістерін зерделеуді, интерактивті компьютерлік модельдерді пайдалана отырып модельдеу, визуализациялау және формализациялау үшін тәсілдерді қарастыруды болжайды.
Курс мынадай мазмұндық бағыттарды қамтиды: "Компьютерлік жүйелер", "Ақпарат және ақпараттық процестер", "Алгоритмдеу және бағдарламалау" және "Денсаулық және қауіпсіздік";
- Қазақстан тарихы:
Берілген курс түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
"Қазақстан тарихы" пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялыққызметіпатриотизмдіқалыптастырумен,ұлттықжәне
жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсету қасиетін дағдыландырумен жасалады;
- "Дене шынықтыру":
"Дене шынықтыру" оқу пәні білім алушыларға пән бойынша алған білім, біліктілік және дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға; қимыл-қозғалыс құзыреттілігі мен дене дамуларын жақсарту қажеттілігін бағалауға; адамгершілік қасиеттерін дамытуға және әділ ойын мен үздіксіз өздік дамуды сезінуге; жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; адамның денелік және энергетикалық жүйесіне дене жаттығуларының әсер ету дәрежесін, өздік дене дамуы және қимыл-қозғалыс дайындығы деңгейі, ағзаның қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін бағалауға;, қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді;
- "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық":
қалыптастыруды; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, оның дәстүрлері, әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктері, жалпы әскери мамандыққа деген қызығушылықты дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Оқу пәні білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, олардың сана-сезімі мен танымдық қызығушылықтарын, қарым-қатынас орната білу қабілеттерін, жігер сапаларын, әскери іс, робототехника, автомобиль жүргізу бойынша теориялық негіздерін, білік және дағдының, сандық фото және бейне жабдықтарды пайдаланудың алғышарттарын дамытудың жалпы жүйесінде маңызды орынға ие.
Оқу пәні қазақстан әскерінің даму тарихымен танысу және оның бүгінгі жай- күйін оқу арқылы әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты, білімді тұлғаны дамытуға бағытталған.
- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
- "Биология".
"Биология" оқу пәнінің тереңдетілген курсы мазмұны табиғи биологиялық көріністер мен процестердің болмысын, білім алушылардың тереңірек түсінуін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде адамның іс-әрекетінің алатын орнының мәнін ұғынуды, сондай-ақ адам денсаулығына қатысын қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және тірі әлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды.
"Биология" оқу пәнінің негізгі құрылымдық мазмұнын мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың құрылысы мен қызметі, көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық және эволюциялық дамуы; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар;
- "Химия".
эксперименттік біліктерін кең ауқымда дамытуға; табиғи құбылыс ретінде химия туралы білімдерін тереңдету негізінде білім алушылардың түсінігін кеңейтуге бағытталған.
Оқу пәні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға баулиды және өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады.
Тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді.
"Химия" оқу пәні бойынша жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады: "Бөлшектер және олардың құрылысы", "Химиялық реакциялардың заңдылықтары", "Химиядағы энергетика", "Біздің айналамыздағы химия", "Химия және өмір";
- "Физика".
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың табиғаттың жалпы заңдары ретіндегі механиканың, жылу физикасының, электр және магнетизмнің, оптиканың және атомдық физиканың заңдары туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Танымның ғылыми әдістері негізінде білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктері кеңейеді және ғылыми көзқарастары қалыптасады.
"Физика" курсы табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді.
Тереңдетілген курстың мазмұнында эксперимент нәтижелерін жинау мен талдау негізінде эмпирикалық байланысты айқындауға бағытталған экспериментті жоспарлау және жүргізу мүмкіндігі туғызылады.
Физикадан тереңдетілген жалпы білім беруге дайындық білім алушылардың игерген білімдерін әртүрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіруге, модельдер құруға және болжам жасауға қолдануларын ұйғарады;
- "География".
Оқу пәнінің мазмұны география тұрғысынан ойлануды дамытуға, адамзаттың және қоршаған ортаның қазіргі және болашақтағы жағдайына жеке жауапкершілікті сезінуге, осының барлығы білім алушылардың құндылықтарды бағалауын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Оқу пәнінің географиялық мазмұны заманауи әлемнің кеңістіктегі көптүрлілігін, оның жалпы және өңірлік ерекшеліктері мен серпіні туралы түсінігін қалыптастыру; кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын, себеп-салдарлық байланысын түсінуге дағдылану, кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының географиялық құбылыстар мен процестердің аралығын; географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық құбылыстар мен процестерді, түрлендіру мен географиялық ақпараттарды күнделікті өмірде қолдануды қалыптастыру және дамытуға бағытталған.
- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
- "Графика және жобалау".
Оқыту пәнінің мазмұнының жиынтығы мынадай білім беру желісімен анықталады: "Ақпаратты визуализациялаудың әдістері мен тәсілдері", "Кескіндердің негізгі түрлері және оларды құрастыру. Кескіндерді түрлендіру", "Пішінді қалыптастыру және құрастыру. Пішінді қайта түрлендіру", "Техникалық, архитектуралық-құрылыстық және ақпараттық графика элементтері", "Жобалау. Жобалау графикасы. Шығармашылық тапсырмалар";
- "Дүниежүзі тарихы".
Осы курс білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған.
"Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады.
Аталған оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады;
- "Құқық негіздері".
Пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
"Құқық негіздері" құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыруға негізделген.
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
- "Дүниежүзі тарихы".
Осы курс білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған.
"Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды қарастырады.
Аталған оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады;
- "География".
Пәннің оқу бағдарламасы елтану туралы түсініктерін қалыптастыру тұрғысынан құрылып, бүгінгі күнгі географиялық ерекшеліктерін танытуға және өңірлердің сипаттамасын беруге құрылған.
География курсы білім алушылардың ғылыми көзқарасын қоғамның табиғатпен бірлікте болатынын түсіндіру негізін қалыптастыруға, географияның адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынастағы рөлін танытуға бағытталған.
Аталған курс қоғамдағы заманауи адамзаттық және ғаламдық мәселелерді зерделеу негізінде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын және оларда туындаған мәселелерді шешу жолдарын түсінуді дамытады; әлемде және Қазақстан көлемінде географиялық мәселелер бойынша тұрақты дамуды, табиғатты тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге арналған;
"География" оқу пәнінің мазмұны кеңістіктегі уақыт заңдылықтарының және географиялық нысандардың қызмет ерекшеліктері мен қызметін, процестер мен құбылыстарын, географиялық білімдерін түсіндіру және түрлі табиғи құбылыстарды бағалау үшін, әлеуметтік-экономикалық және геосаяси құбылыстар мен процестерді қалыптастыру және дамытуға бағытталған;
- "Құқық негіздері".
Пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
"Құқық негіздері" стандарттық деңгейде құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық сауаттылықтылығын құқықтық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыруға негізделген;
- "Шетел тілі".
Аталған курс білім алушылардың өмірдің түрлі жағдаяттарымен араласу барысында өздеріне сенімдерін күшейтеді, Қазақстанда ғана емес шетелде жоғары білім алуға мүмкіндік береді, әдеби шығармалардың аутенттік мәтінін түпнұсқа тілінде оқуға мүмкіндігін кеңейтеді.
Бұл оқу пәні мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікті, басқа тілге және мәдениетке позитивті көзқараспен қарауға, жалпы мәдениетін көтеруге, көзқарасын және оқылып отырған тілдің елі туралы білімін кеңейтуге, тілдік қабілеттілік пен тілдік болжамын, сөйлеу мәдениетін дамытуға, шетел тілін оқуға қызығулышылығы бар, негізгі екінші тілдік сипатты тұлғалық қасиеттері бар, өз бетімен шетел тілдерін оқуға қабілетті және дайын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
- "Физика".
Оқу пәнінің мазмұны білім алушылардың әлемнің физикалық бейнесі туралы түсініктерін кеңейтуге және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.
Физика курсы табиғи құбылыстарға бақылау жүргізе алу, нәтижелерді сипаттай алу және қорытындылай алу, физикалық құбылыстарды зерделей алу үшін өлшеу құралдарын пайдалана алу дағдысын дамытуды көздейді.
Физикадан тереңдетілген жалпы білім беруге дайындық білім алушылардың игерген білімдерін әртүрлі табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, маңызды техникалық қондырғылардың жұмыс жасау қағидаттарын түсіндіруге, модельдер құруға және болжам жасауға қолдануларын ұйғарады;
- "Химия".
Оқу пәні жаңа заттарды ашуға мүмкіндік береді, бар деректерге сүйеніп, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалауға баулиды және өмірмен тығыз байланысын қалыптастырады.
Тереңдетілген курстың мазмұны білім алушылардың химиялық құбылыстар мен процестердің айналасында орын алып жатқан өзгерістерді түсінуге және олардың салауатты өмір сүруіне түрткі болады; күнделікті өмірлік іс-әрекетінің сапасын жетілдіру үшін, күнделікті практикада сапалы өнімдер мен құралдарды таңдау үшін химиялық білімін қолдануға мүмкіндік береді;
- "Биология"
"Биология" оқу пәнінің тереңдетілген курсының мазмұны табиғи биологиялық көріністер мен процестердің болмысын, білім алушылардың тереңірек түсінуін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде адамның іс-әрекетінің алатын орнының мәнін ұғынуды, сондай-ақ адам денсаулығына қатысын қарастырады. Тірі табиғаттың ерекшелігін, эволюциялық процестердің мәнісін ұғыну білім алушылардың экологиялық жағдайларды бағалауына және жанды әлемді қастерлеудің қажеттігін түсінуіне жағдай жасайды.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі "Биология" оқу пәнінің негізгі құрылымдық мазмұнын мынадай жетекші жүйелі идеялар құрайды: тірі ағзалардың құрылысы мен қызметі, көптүрлілігі; көбеюі, тұқым қуалаушылық және эволюциялық дамуы; қоршаған орта және ағза; қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
- Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың стандарттық деңгейіндегі оқу пәндері бойынша білім мазмұны.
"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні қазақстандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, кәсіпкерлік саласындағы негізгі түсініктер мен заңдарды зерделеуге бағытталған, кәсіпкерлік ойлау мен оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың практикаға бағытталған үлгісі енгізілген.
Бұл пән Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауына сәйкес ұсынылған басымдықтардың бірі – Өніммен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті
дамыту бағдарламасын іске асыру арқылы бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту контекстінде Қазақстан Республикасы мектептері үшін әзірленді.
Оқу пәнінің мазмұндық желісі коучингтік және тренингтік элементтерді пайдалана отырып Бизнес, Кәсіпкерлік бойынша кіріктірілген материалды, мүлде жаңа курсты ұсынады.
Пән оқушылардың бизнестік ойлауын және кәсіпкерлік, бизнес және экономика негіздері туралы базалық білімді қалыптастыруға; өз таңдауы бойынша жауапкершілікке баулу және кәсіпкерлік ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға; қазіргі нарықтық жағдайда болашақ өзіндік қызметі үшін практикалық дағдылар базасын құруға бағытталған.
- Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
- тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
- Жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта аптасына 35 сағаттан аспайды.
- Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі ҮОЖ-да белгіленеді.
- Апталық оқу жүктемесі ҮОЖ-мен (инвариантты және вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығын ескере отырып, міндетті түзету компоненті қарастырылған. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзету және вариативті компоненттер ерекше оқытуды қажет ететін білім алушыларды ескерумен белгіленеді.
- Сыныпты екі топқа бөлуге білім беру ұйымдарында сыныптарға білім алушылар саны 24 және одан артық болғанда:
- оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
- шетел тілі;
- информатика бойынша жүзеге асырылады.
- Сыныптарды топтарға бөлу 33-тармақта көрсетілген пәндерден басқа инвариантты компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.
- тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
- Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
- Білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың дайындық деңгейі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.
- Міндетті оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады.
- Міндетті оқу пәндері қатарына "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Орыс тілі" және "Орыс әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Ана тілі" мен "Әдебиет" (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), "Қазақ тілі мен әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), "Орыс тілі мен әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), "Шетел тілі", "Алгебра және анализ бастамалары", "Геометрия", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Дене шынықтыру", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәндері енеді.
- Әр бағыттағы бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер тиісінше оқытудың стандарттық және тереңдетілген деңгейлері бойынша көрсетілген және олар оқыту бейінінің ерекшелігін ескеріп оқу пәндерінің мазмұнын анықтауға негіз болады.
- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына "Биология", "Химия", "Физика", "География" пәндері енеді. Осы бағыттағы бейінді оқытудың стандарттық деңгейдегі оқу пәндері қатарына "Дүниежүзі тарихы", "Құқық негіздері", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау" пәндері енеді.
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері қатарына "Шетел тілі", "Дүниежүзі тарихы", "География", "Құқық негіздері"пәндеріенеді.Осыбағыттағыбейіндіоқытудыңстандарттық
- Жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларында оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқыту мақсаттарымен нақтыланады.
- Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке-дара даму траекторияларын қалыптастыруға және оларды орта білім беру ұйымын аяқтағандағы оқытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына кезең-кезеңмен жетуге жағдай жасайды.
- Міндетті оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда оқытудан күтілетін нәтижелер.
- тыңдалым және айтылым:
- оқылым:
- жазылым:
"Қазақ әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ "Орыс әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
- тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдауы бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
- әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
- көркем-бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін, белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөйлеуде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін құрауда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
- әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
- көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;
- мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.
- тыңдалым және айтылым:
- оқылым:
- жазылым:
- әдебиет дамуындағы негізгі үрдістерді, оның қоғам дамуымен байланысын; әдебиет саласындағы көрнекті қайраткерлердің биографиялық деректерін; әлемдік әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әдебиет теориясы туралы негізгі түсініктерді; толық және шолып оқу бағытында олардың нақты мазмұнын айту үшін, (басты кейіпкерлерді, негізгі сюжеттік желісі мен оқиғаларды) шығарманың мазмұнын біледі;
- тарихи-мәдени және әдеби процестегі шығармалардың орны мен рөлін; көркем әдебиетте көрсетілген ұлттық құндылықтарды, оның тарихи дамуында әдебиеттің қалыптасу процесін; шығармалардың идеясын және оны жеткізе білудегі автордың шеберлігін, қолданған әдістерін; шығармадағы құрылымдық элементтердің мағынасын (сюжет және композиция, көпқырлы көркем детальдар мен оның мәтінде берілген проблемамен астарласуы, көркем сөзді бейнелеуіш құрал ретінде тиімді пайдалануы); автордың негізгі ойын, жазушының өз шығармасындағы кейіпкерлері мен оқиғаларға көзқарасын, авторлық ұстанымды; шығарма арқылы берілетін көңіл-күйді түсінеді;
- әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындау барысында, өзінің талдамалы сипаттағы мәтінін құруда, зерттелген мәтінді түсіндіруде; өзі үшін оқуға белгілеген идеялық-тақырыптық тұрғыдан алуан түрлі өнер туындыларын және көркем шығармаларды бағалауда; пікірталастарда, жұрт алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін білдіруде, көркем әдеби шығарманы өзіндік талдауда жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
- әдеби шығарманы оның мазмұнын тұжырымдай отырып, әңгімелеу арқылы; әртүрлі жанрдағы шығармаларды талдай отырып, шығарма желісінде оқиға болған уақытты, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінікті, нақты тарихи және өзекті мәселелерді; автордың шығарма негізіне алған идеясы бойынша ой қозғайды, талдайды;
- аннотация, пікір жазу үшін оқыған шығарманың мазмұнын; түрлі ақпарат көздерінен, оның ішінде Интернет желісінен алынған ақпараттарды шығармашылық жұмыстарға негізге алу үшін, өзінің жеке көзқарасы мен алынған ақпаратты; қазақтың және өзге ұлттардың құндылықтарымен байланыстырудағы әдістерді; көркем шығарманың жанрлық шығу тегіне сәйкес талдаудың әдістерін жинақтайды;
- көркем шығармалардың құндылығын; ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін және оның әлем мәдениетінің контексіндегі алатын орнын; көркем шығарманың мазмұны жағынан өзектілігін және оның адамның рухани- адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мәнін; шығарманың композициялық және стильдік тұрғыдан үйлесімін, тілінің байлығын, қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудегі тиімділігін ауызша және жазбаша жеткізуді; басқа да көркем шығарма құралдары арқылы көркем мәтінді әңгімелеуді бағалайды.
- тыңдалым:
- айтылым:
- оқылым:
шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың өнегелік идеалы туралы түсінігін талдай отырып, әдебиет туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
- жазылым:
"Шетел тілі":
- тыңдалым:
- айтылым:
- оқылым:
пайдаланады; оқиғалар мен құбылыстардың уақытша және себеп-салдарлық өзара байланысын анықтайды; кітаптар және электронды ресурстарды пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және салыстырады; түрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің мазмұнын сын тұрғысынан бағалайды.
- жазылым:
"Алгебра және анализ бастамалары", "Геометрия":
- көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін және графиктерін; күрделі функция ұғымын; кері функция ұғымын; кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын; тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін; рационал және иррационал теңдеулерді шешу әдістерін; рационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін; көпжақтар мен айналу денелерінің түрлерін және олардың жазбаларын; көпжақтар және айналу денелерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын; стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын; кеңістіктегі вектор ұғымын; сфераның теңдеуін; статистиканың негізгі ұғымдарын; дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын; фунцияның нүктедегі және шексіздіктегі функция шегінің анықтамаларын; нүктедегі және жиындағы функция үзіліссіздігінің анықтамаларын; функцияның туындысының анықтамасын; функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін; алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың алғашқы функцияларының анықтамаларын; анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табу формулаларын біледі.
- бір айнымалысы бар көпмүшенің стандарт түрде жазылуын; "бас жиынтық", "таңдама", "дисперсия", "стандартты ауытқу" терминдерін; туындының геометриялық және физикалық мағыналарын; интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде; стереометрияның аксиомалар жүйесін
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша координаталар әдісінің мәнін; алмастырулар саны, теру, қайталанбалы орналастыру формулаларының мәнін түсінеді;
- тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; иррационал теңдеулерді шешу алгоритмін; қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын; есептерді шығаруда түзулердің параллель, айқас және перпендикуляр болуының, жазықтықтардың параллель және перпендикуляр болуының белгілері мен қасиеттерін; геометриялық денелердің беттерінің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын; геометриялық есептерді шешуде векторларға қолданылатын амалдар ережелерін; векторлардың коллинеарлық және компланарлық шарттарын; функцияның күдікті нүктелері мен экстремум нүктелерін, кему және өсу аралықтарын табу тәсілдерін; туындыны табуда дифференциалдау техникасы мен туындылар кестесін; анықталған интегралды табуда интегралдар кестесі мен Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады.
- кеңістіктегі түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың, жазықтық пен айналу денелерінің өзара орналасуын; айналу денелерінің жазықтықпен қимасын; графигі бойынша функцияның қасиеттерін талдайды; геометриялық және физикалық мазмұндағы есептерді талдайды және ол есептерді туындының және/немесе интегралдың көмегімен шығарады; кездейсоқ шамалардың типтерінің өзгешеліктерін талдайды және дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын есептейді.
- тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі әдістерін; иррационал теңдеулерді шешудің әдістерін; көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларының модельдерін; нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін жинақтайды.
теңсіздіктерді шешудің түрлі тәсілдерін; кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары және өзара кері функциялардың қасиеттері негізінде кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайды;
- тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімдерін; иррационал теңдеулердің шешімдерін; статистикалық мәліметтердің вариацияларының көрсеткіштері мәндерін бағалайды.
"Информатика":
- жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеті мен негізгі функцияларын; деректер қорын басқару жүйелерімен жұмыс істеу негіздерін; программалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін өмірлік циклдің модельдерін; веб- бағдарламалау негіздерін, сондай-ақ веб-сайттарды жасау үшін деректер қоры теориясын; желілік хаттамаларды және Интернет жұмысының қағидаттарын; деректер мен компьютерлік жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленген қауіпсіздік шараларын біледі;
- реляциялық деректер қорын ұйымдастыру принциптерін; желілік технологияның қызмет етуінің негізгі принциптерін; дыбыстық және бейнеақпараттарды өңдеу принциптерін, ақпараттық технологияларды дамытудың негізгі үдерістерін түсінеді;
- ақпараттық объектілерді жасау және өзінің жұмыс нәтижелерін ресімдеу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; деректер қорында сұраныс құрастыру ережелерін; құжаттарды редакциялау мен сақтау барысында бұлтты технологияларды; web-сайттарды және мобильдік қосымшаларды жасау барысында бағдарламалау элементтерін; желіде жеке қауіпсіздік және желі этикеті ережелерін; дыбысты және бейнені өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады;
- ақпаратты іздеу үшін бірнеше белгілер мен қатынас операторларын қолдану арқылы сұранысты; есепті модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы шешудің тиісті әдістері мен тәсілдемелерін анықтау үшін есепті; компьютерде өңдеу мен есептеудің қойылған міндетке сәйкестігінің нәтижелерін; анағұрлым тиімдісін анықтау үшін әртүрлі тәсілдермен есептерді шешу жолдарын талдайды;
- өзінің идеялары мен ойларын білдіру үшін әртүрлі түрлерде ақпаратты; басқару формалары мен элементтері көмегімен деректер қорын; қолданушы міндеттерін шешу үшін веб-сайттарды жинақтайды;
- жобаны модельдеу мен әзірлеу барысында қойылған мақсаттарға сәйкес өз қызметінің нәтижелерін (нақтылық, өлшемділік, қолжетімділік, шынайылық, қатыстылық); бағдарламалау құралдарын қоса алғанда қолданыстағы бағдарламалық қамсыздандырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды.
- Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарын және олардың орналасқан жерлерін; көшпенділіктің тарихи түрлерін; еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын; әлемдік мәдени- тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін; қазақ халқының этникалық тарихын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын; Қазақстан полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихын; Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерін; Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; түрлі тарихи кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін; Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді біледі;
- Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарын, негізгі оқиғалардың мәнін; ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің түрлері мен формасын, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін; әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін; Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін; ұлттық бірегейлікті сақтаудағы қазақтардың мәдени мұрасының маңызын; қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін түсінеді;
- Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде; Орталық Азия көшпенділері мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде; Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың
- Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контексінде, ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері мен деректерді; Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
- тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; Қазақстан мен әлемнің басқа аймақтарындағы тарихи дамудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларды; Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды;
- түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; отан тарихына ықпалы контексінде тарихи тұлғалардың қызметін; Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін; тарихи мәліметтердің шынайылығын; Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
- дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін; әртүрлі бағыттылығы бар дене жаттығулары сабақтарының кешенін, қозғалыс қимылдарын орындаудағы ереже мен техниканы; дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін; дене жүктемелері кезінде өз ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру арқылы оларды дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерін біледі;
- өз ағзасының психикалық-функционалдық ерекшеліктерін; дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір салтын ұстануға қажеттілікті; атқарылатын қозғалыс әрекеттерінің ауырлық деңгейін; физикалық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген қарқындылығына жету қажеттілігін түсінеді;
- салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын; ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық- тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалдық қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларын өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жарақаттанудың алдын алу және дәрігер алды көмек көрсету білімін қолданады;
- сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының функционалды қызмет ету жағдайын талдайды;
- қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастырудағы дағдыларды; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін меңгеруін жинақтайды;
- жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын; өз бетінше жетілу және қимыл- қозғалыс дайындығының деңгейін; дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның функционалды қызмет ету жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін; дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсер ету бағытын мөлшерлеуді бағалайды.
- әскери іс, белгілеу, ұйымдастыру құрылымы, штаттық қаруландыру және техника негіздерін, төменгі тактикалық буын бөлімшесінің мүмкіндіктерін, бағдарлау құралдарын қолдануды, робототехника және IT-технология негіздерін, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыруды; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданғанда, лаңкестік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау барысында әрекет ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын,
- әскери іс, робототехника және IT-технология негіздерін, ядролық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) қарулардың және басқа да адамдарды зақымдаудың қазіргі заманғы құралдардың әсер ету ерекшеліктерін, оларды қолданудағы шаруашылық нысандарына, қоршаған ортаға және экологияға тигізетін әсерін; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдары мен залал келтіруі мүмкін экономикалық және экологиялық шығынын түсінеді;
- орын алған әртүрлі жағдаятта соғыс алаңында солдаттың рөлінде, радиациялық және химиялық бақылау жүргізу бекетінің құрамында барлаушы ретінде әрекет етуді; штаттық қаруды, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік шалғанда, күн өткенде, электрлі жарақат алғанда, суға батқанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, таңуды; дененің түрлі бөліктерінде сынықтың ашық және жабық түрі бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетуді; интернет байланысты, аудио-визуалды технологияларды пайдаланады, автомобиль көлігін жүргізудің теориялық негіздерін, робототехника дағдыларын меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады;
- зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайды; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын талдайды;
- зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін тосын жағдайда әрекет ету алгоритмін; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритімін жинақтайды;
- қабылданған шешімнің салдарын бағалайды.
- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
- механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро- аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың;
- механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро- аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын, қағидаттары мен постулаттарын; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың негізгі заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
- физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының символикалары мен терминологияларын; физикада қолданылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; ғаламтор желісі мен компьютердің дерекқорларындағы физиканың ақпараттарын іздеу және өңдеу үшін жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін; эксперименттер мен өлшеу нәтижелерін өңдеу, физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді анықтау тәсілдерін қолданады;
- дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; екі айнымалы арасындағы қатынасты; ғаламдағы құбылыстарға, нысандар мен денелерге әртүрлі физикалық күштердің әрекетін, физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; құрылғылар мен аспаптардың сипаттамалары мен жұмыс істеу қағидаттарын, ғылыми жаңалықтарды қолданылу салаларын; нанотехнологияның қолдану салаларын, адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп- салдарлық байланыстарды ғалам күйін сипаттайтын параметрлерді және оның дамуының мүмкін жолдарын талдайды;
- жиналған және өңделген мәліметтердің, ақпараттың кесте, график, хабарлама баяндама, презентация түрінде қарастырылуы үшiн; ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді болжамдар, дәлелдеулер, түсiндiрмелер ұсыну үшiн; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
- заңдар мен олардың қолданысын білуін, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін; нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын; экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын бағалайды.
- негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді; органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін; полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуы және ерекше қасиеттерін; нанотехнологияның кейбір салаларда қолданылуын біледі;
- түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; химиялық реакциялардағы энергиялардың өзгерулерін; химиялық айналымдардың негізгі механизмдерін; кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің, электрохимияның негіздерін; ауыспалы металдардың ерекше қасиеттерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін; талдаудың инструментальды әдісі арқылы қосылыстарды зерттеу қағидаттарын; ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
- табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін, әртүрлі жағдайларда химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктерін анықтау және олардың салдарларын бағалау үшін білімдері мен біліктерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдістерін; қоршаған ортада экологиялық сауатты болу ережесін; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды, зертханалық құрал- жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
- заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланыстылығын; заттардың құрылымы мен қасиеттерін анықтауға арналған олардың қарапайым спектрлерін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдіктің түрлі факторларға байланыстылығын; Периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін; қышқылдар мен негіздердің түрлі теорияларын, ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктерді талдайды;
- органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
- әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпалын; қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; радиоактивті ыдырауының әсерлерін; түрлі дереккөздер ақпараттарының дұрыстығын бағалайды.
- ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдарының құрылымын, құрамын және міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның хромосомалық ауруларының тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйлерін; тірі ағзалардың қоректенулері мен метаболизмінің түрлерінің/типтерінің өзгергіштігін; түрдің пайда болуы әдістерін; генетика негіздері және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен схемаларын; антропогенезді; ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемаларды және табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
- фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; гендік-инженерлік манипуляциялардың мәнін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен эволюция арасындағы өзара байланыс; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің механизмін; экологиялық пирамиданың ережесін; қоршаған ортаға антропогендік әсер етулердің зардаптарын түсінеді;
- молекулалық биология және генетика есептерін шешудің схемалары мен әдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық әдістерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдісін; тәжірибелерді әзірлеу, жүргізу, бақылау, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектер, улы заттар, зертханалық жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
- фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен репарация процестерін,ДНҚқұрылымыменоныңатқаратынқызметіарасындағы
- адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, график, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін жинақталған және өңделген мәліметтерді, ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен дәлелдемелерді; зерттеушілік, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын жинақтайды;
- ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, фотосинтездің нәтижесін; моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз аймағының экожүйесін; биотехнологияда зерттелетін генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.
- географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын; геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси- географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын; геосфераларға антропогендік әсердің көздерін, факторларын және себептерін; табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының айырмашылықтарын; жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар мен елдердің географиялық өзгешеліктерін, олардың әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның аймақтық, халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, қатысын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін біледі;
- дүниежүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси- географиялық көрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық, әлеуметтік, геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін; "табиғат - халық (қоғам) - шаруашылық (экономика)" географиялық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рөлін; адамның ғаламдықтан жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) ортасын қалыптастыратын және өзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; өмір сүру сапасының қоршаған табиғи орта сапасынан тәуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар мен елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен оларды шешу жолдарын түсінеді;
- географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын; географиялық деректердің түрлі көздерін; тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістіктік дереккөздерін; географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; қажетті мәнмәтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды қолданады;
- географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарын; табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыс және басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық геокеңістіктік деректерді; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі елдерінің рейтингтері мен индекстерін талдайды;
- модельдерді, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
- географиялық дереккөздердің шынайылық дәрежесін; геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгерістердің дәрежесін және олардың салдарын; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен индекстердегі көрсеткіштері мен орнын; кез келген дәрежедегі аумақтың географиялық және геосаяси жағдайын; негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша дүниежүзі елдерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін бағалайды.
- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
- өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттердің негізгі ғылыми теорияларын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
- мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттардың маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді;
- әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттерінің құрылуын уақыт пен кеңістікте анықтауда; мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердіңөзіндікерекшеліктерін;түрлітарихикезеңдердегіәлем
- әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік- экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
- тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын жинақтайды;
- түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем тарихының ықпалы контексінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын; әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
- көрнекі ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, әдістерін және тәсілдерін; графикалық бейнелердің негізгі түрлерін; графика құралдары мен жобалаудың негізгі әдістерін; геометриялық денелердің сырт пішінінің құрылу (қалыптасу) заңдылықтарын; машина жасау, сәулет – құрылыс сызбалары туралы жалпы түсініктерді; топографикалық сызбалар элементтерін; бұйымды жасау және жобалау кезеңдерін; көрнекі ақпаратты қол және компьютерлік графика құралдары арқылы бейнелеу әдістері мен тәсілдерін біледі;
- құбылыстар, процестер және заттық әлем туралы ақпаратты ұсыну және визуализациялау кезінде графикалық бейнелер рөлінің маңыздылығын; графикалық модельдеу әдістері заңдылықтарын; зат формасын көрсетудегі графикалық бейнелердің түрлері арасындағы айырмашылықты, олардың кеңістік және метрикалық сипаттамасын; тәжірибелік іс-әрекеттегі қолмен жасалған және компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін; макет жасау және модельдеу ерекшеліктерін түсінеді;
- графикалық жұмысқа арналған материалдар мен құралдарды; проекциялау әдісін; заттың геометриялық (конструктивтік) формасын құрастыру тәсілдерін; геометриялық денелер бетінің жаймасының сызбасын құрастыру әдістерін; бейненің көрінісі мен құрамын өзгерту әдістерін; жобалық және конструктивтік шешім қабылдау үшін анықтамалық құжаттарды; графикалық модельдеу, макеттеу және жобалау бойынша әртүрлі есептерді (мәселелерді) шешу барысында қол және компьютерлік графика құралдарын қолданады;
- көрнекі ақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдерін және бейненің қасиеттерін; заттардың бейнесін жасағанда олардың геометриялық формалары мен конструкцияларын; заттың формасын анықтау үшін бейненің түрлі көрінісін пайдалану мүмкіндігін; бейненің графикалық құрамын және заттың формасын анықтау үшін кешенді сызбаны талдайды;
- зат формасын қайта құру үшін контурлы бейнені; түрі және құрамы бойынша жүйелеу үшін бастапқы бейнедегі графикалық ақпаратты; қажетті графикалық ақпаратты толық және жеткілікті көрсету үшін түрлі бейне көріністерін; шығармашылық ойды іске асыру үшін графиканың әртүрлі құралдарын жинақтайды;
- көрнекі ақпаратты бекітудің әдістерін; әртүрлі объектілердің графикалық бейнелерін; бейнені қайта құрудың түрлі тәсілдерін; жобалау іс-әрекеті процесінде қолданылатын графика құралдары мен жобалау әдістерін; заттардың геометриялық және конструктивтік сипаттамасын; шығармашылық іс-әрекет барысын және нәтижесін бағалайды.
- Конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін; конституциялық саяси құқықтарын; әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін; еңбек құқығы, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық; азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын; отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін; қылмыстық құқық ұғымы, белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін біледі;
- қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды, құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті түсінеді;
- нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін; күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысуда құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өзіндік іздену дағдыларын қолданады;
- құқықтық нормаларды, түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды талдайды;
- адамгершілік және құқықтық нормаларымен қабылданған өз мінез- құлықтары мен басқалардың әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты; жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды жинақтайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында қолдану ерекшеліктерін өздігінше бағалайды.
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
- тыңдалым: белгілі тақырыптарға әдеби тіл нормасы шегінде нақты айтылған сөздің негізгі мағынасын түсінеді, оқумен және болашақ кәсіби қызметімен байланысты күнделікті сұрақтар мен тақырыптар туралы қарапайым ақпараттық хабарламаларды түсінеді; ұзақ пікірталастағы негізгі ойды жалпы ұғына алады, сөйленетін сөздің тақырыбы таныс, ал сөйленетін сөз қарапайым тілде және нақты құрылған жағдайда оқу және кәсіби тақырыптар бойынша дәрісті немесе әңгімені ұғады, техникалық сипаттағы егжей-тегжейлі нұсқауларды түсінеді; өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша нақты әрі баяу айтылған телевизиялық бағдарламалардың көпшілік бөлігін, мысалы, сұхбаттарды, қысқаша дәрістерді, репортаждарды түсінеді;
- айтылым: қандай да болмасын жағдайды суреттей алады немесе бір-бірімен байланысты пікірлер түрінде әңгімелеп бере алады; кітаптың немесе фильмнің сюжетін және өзінің одан алған әсерін айтып береді; оқу іс-әрекеті аясында тақырып бойынша алдын ала дайындалған қысқаша хабарландыру жасайды; өзіне таныс тақырып бойынша түсінікті болғаны сонша, айтылған ой мен негізгі ережелерді нақты жеткізе отырып, ондағы айтылған барлық ойға ілесе алу мүмкін болатындай баяндама жасайды, баяндама бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, дегенмен кей кездері сұрақты қайталап айтуын өтінуі мүмкін; күрделі
- оқылым: қызықтыратын тақырып бойынша нақты ақпаратты, оқиғалардың сипаттамасын, жеке хаттардағы сезімдер мен тілектерді қамтитын қарапайым мәтіндерді толық түсінеді; таныс емес жалпы және оқу тақырыптары кездесетін көркем және оқу әдебиеттерінің көлемді мәтіндерін оқиды; газет мақалаларының түрлі типтерінің негізгі ойларын анықтайды, таныс емес қағаз және цифрлық ресурстарды мағынасын тексеру және түсінігін кеңейту үшін қолданады;
- жазылым: көпшілікке таныс және қызықтыратын сұрақтар бойынша жекелеген қысқа элементтерді бірге байланыстырып қарапайым мәтін жазады, іс- әрекет аясында болатын күнделікті таныс және әлеуметтік мәселелер бойынша нақты жиналған ақпараттарға қатысты өз пікірін еркін жинақтайды және хабарлайды; абстрактілі тақырыптар және мәдениетке: музыкаға, фильмдерге байланысты тақырыптар бойынша жаңалықтарды және өзінің ойларын айтып хат жазады; қарапайым дәріс уақытында егер тақырып таныс болған жағдайда, тақырыбы таныс, сөз қарапайым және нормативті диалектіде нақты айтылған болса, негізгі түйінді сәттерді көрсетіп жазбалар жазады; оқиғаны жазбаша баяндап жазады.
- өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
- мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихиаспектілерді;тарихтыңдамуынатұлғалардыңықпалын;жаһандық
- әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттерінің құрылуын уақыт пен кеңістікте анықтауда; мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін; түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін; әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін; өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады;
- әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік- экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды;
- тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын; әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды;
- түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем тарихының ықпалы контексінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын; әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
- география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың, геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты пайдалану саласындағы, экономикалық, әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін антропогендік әсердің факторларын, көздерін және салдарын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін;
- заманауи әлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық және жергілікті табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің серпінін; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми- техникалық прогрестің ролін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторлардан тәуелділік дәрежесін; өмір сүру сапасының қоршаған орта сапасына тәуелділігін; заманауи әлеуметтік- экономикалық және экологиялық проблемалардың және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттестігінің сипатын түсінеді;
- геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістіктік дереккөздерін; геокеңістіктік деректерді іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті контексте деректерді өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін қолданады;
- сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық нысандарды, процестерді және құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне географиялық
геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін талдайды;
- модельдер, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерттеп жатқан географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
- геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін антропогендік жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы көрсеткіштері мен орнын; дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін бағалайды.
- Конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін; конституциялық саяси құқықтарын; әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін; еңбек
- қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін, қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды, құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті түсінеді;
- нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін; күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өзіндік іздену дағдыларын қолданады;
- құқықтық нормаларды, заңнаманың барлық салаларында құқықтық қатынас процесінде пайда болған даулы мәселелер тууы аясында берілген ақпараттарды, түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды талдайды;
- адамгершілік және құқықтық нормалармен қабылданған өз мінез- құлықтары мен басқалардың әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты; жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды жинақтайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында қолдану ерекшеліктерін өздігінше бағалайды.
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
- механиканың (кинематика, динамика, статика, гидроаэростатика, гидроаэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын; Ғалам
- молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық) заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
- физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының терминологиясы мен символикасын; физикада пайдаланылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді айқындау тәсілдерін қолданады;
- дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; Ғаламдағы құбылыстарға, денелер мен нысандарға әртүрлі физикалық күштердің әсерін, екі айнымалы арасындағы қатынасты; физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, нанотехнологияның қолдану салаларын; Ғаламның жай-күйін сипаттайтын параметрлерді және оны дамытудың ықтимал жолдарын талдайды;
- кесте, графика, хабарлама, баяндама, презентация түрінде беру үшiн жиналған және өңделген деректерді, ақпаратты; болжамдар, айғақтар және түсiндiрмелер ұсыну үшiн ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
- заңдар мен олардың қолданысын білуін, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін; нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын; экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын бағалайды.
- негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді; органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін; полимерліматериалдардың,металдарменқоспалардың,бейметалдармен
- түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің негіздерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін; ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
- табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін; заттарды сапалық талдау әдістерін; қоршаған ортада экологиялық сауатты болу ережесін; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
- заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланысты екенін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдік түрлі факторларға байланысты екенін; периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін талдайды;
- органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың болып өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
- әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсер етуін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпал етуін; қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; түрлі дереккөздердің ақпараттарының дұрыстығын бағалайды.
- ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдардың құрылымын, құрамын және міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның хромосомалық ауруларының тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйлерін; тірі ағзалардың қоректенулері мен метаболизмінің түрлерінің/типтерінің өзгергіштігін; генетика негіздері және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен схемаларын, антропогенезді; жаһандық және аймақтық экологиялық проблемаларды және табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
- фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен эволюция арасындағы өзара байланыс; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің механизмін; қоршаған ортаға антропогендік әсер етулердің зардаптарын түсінеді;
- молекулалық биология және генетика есептерін шешудің схемалары мен әдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық әдістерін; тәжірибелерді әзірлеу, жүргізу, бақылау, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектер, улы заттар, зертханалық жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
- фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен репарация процестерін, ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі арасындағы байланысты; сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты; экожүйе түрінің әртүрлілігін және тұрақтылығын; әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайларды талдайды;
- адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, график, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін жинақталған және өңделген мәліметтерді, ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен дәлелдемелерді; зерттеушілік, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын жинақтайды;
- ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, фотосинтездің нәтижесін; моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз аймағының экожүйесін; биотехнологияда зерттелетін генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.
- Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарының стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
- кәсіпкерлікті экономикалық құбылыс ретінде түсінеді және оның рөлін сипаттайды; кәсіпкерлік пен бизнес арасындағы айырмашылықты сипаттайды;
- экономика және маркетинг контекстіндегі нарықтың не екенін біледі; кәсіпкерлік идеясының мәнін түсінеді; "бизнес бизнеске" және "бизнес тұтынушыға" сегменті арасындағы айырмашылықты анықтайды; идеяларды жасау құралдарын қолданады; идея дизайны жоспарын ұсынады; идеяны іске асыру қажеттілігін команда құрамына қойылатын талаптарға айналдарады; команда құру құралдарын қолданады; бизнес-үлгі құралдарын қолданады; бизнес-үлгінің құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты анықтайды; мәліметтерді өзгертудегі болжамды себеп-салдарды сипаттайды; бизнес үлгі құру құралдарын қолданады; кәсіпкерлік жағдайында Lean Start up (Леан стартап) (Үнемшіл өндіріс) түсінігі мен принципін қолданады.
- маркетинг ұғымы мен қызметін түсіндіреді; бәсекелестік ұғымын анықтайды; түрлі күштердің бәсекелестікке ықпал жасау формаларын талдайды; өзтұтынушысының бейінін сипаттайды; өткізу каналдарының мәнін түсінеді және олардың жіктеуішін ажыратады; өз өнімінің/қызметінің құндылығын соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің жоспарын ұсынады; тұтынушының әр сигментімен өзара қарым-қатынасты сипаттайды;
- экономикадағы ақшаның мәнін түсінеді; кіріс пен шығыстың мәнін түсінеді; активтер мен пассивтер арасындағы айырмашылықты түсінеді; артықшылық пен жетіспеушілік ұғымының мәнін түсінеді, баға белгілеу процесіндегі олардың әсерін бағалайды; "баға", "құн", "баға белгілеу құрылымы" ұғымдарын ажыратады; баға белгілеу процесіндегі тұрақты және құбылмалы шығындардың маңызын түсінеді; кірістің жаңа каналдарын қалыптастырудағы креативті және инновациялық тәсілдердің мүмкіндігін бағадайды; AB-тестілеу (өнімнің тиімді нұсқасын бағалау әдісі)құралын қолданады;
- бизнестегі ресурстардың мәні мен маңызын түсінеді; бизнес ресурстарды біршама тиімді қолданудың жоспарын ұсынады; бизнес ресурстардың құнын бағалайды; бизнес ресурстардың тапшылық принциптерін біледі; тапшылық жағдайында ресурстарды тиімді қолдану мысалдарын келтіреді; бизнестегі зияткерлік ресурстардың мәнін түсінеді; өндіріс ресурстарын толықтыру стратегиясын әзірлейді;
- серіктестік және оның түрлерінің мәнін түсінеді; бизнеске арналған аутсорсингтің пайдасын бағалайды; тұтқалы қызмет түрлерін сипаттайды; адами,
- бизнестің мемлекет алдындағы негізгі міндеттерін түсінеді; салықтық тәртіп пен бизнестің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы арасындағы өзара байланысты анықтайды; өзінің бизнес-идеясы бойынша кірістің жалпы жоспарын құрады; түсім мен шығын туралы есеп құрудың сызбасын түсіндіреді; ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп құрудың сызбасын түсіндіреді; жобаның табыстылығы мен тұрақты және құбылмалы шығындар арасындағы өзара байланыстарды анықтайды;
- нарықтың даму болжамын сипаттайды; бизнес дамуының экстенсивті және интенсивті тәсілдерінің айырмашылығын анықтайды; бизнесті масштабтаудың әр түрінің тиімділігін бағалайды; сапаны басқару құралдарын түсінеді; стратегиялық жоспарлаудың мәнін түсінеді; өзінің болашақ компаниясының миссиясы мен жоспарын құрады; бизнестің стратегиялық және қаржылық мақсаттары арасындағы айырмашылықты анықтайды; кәсіпкердің құқықтық жауапкершілік құрамын түсінеді.
- "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсының мазмұны "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы- ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.
- Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін қолданылады.
- Бағалау критерийлері әрбір оқу бағдарламасындағы оқыту мақсаттарына сәйкес әзірленеді.
- Оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау формасында жүзеге асырылады.
- Білім алушылардың білімін бағалау критерийлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін олардың білім алуына, даму бұзушылықтарын түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасалады.
- тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар
- Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
- 10-11-сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы 36 оқу аптасын құрайды.
- Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде 25 күн.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына 5-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
- МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
- ӘАОО-ның компоненті – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО өз бетінше айқындайтын оқу пәндердiң тізбесі мен академиялық кредиттердiң тиiстi ең аз көлемi;
- әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, білікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі.
- базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың жиынтығы;
- базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
- білім алушының жеке компоненті – жобалау жұмысы арқылы біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі;6) білім беру ұйымының таңдау компоненті – WorldSkills стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру ұйымы анықтайтын модульдер және(немесе) пәндер тізбесі;
- демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
- дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
- жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы шегінде жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;
- жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық жұмысы;
- жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты пәні және (немесе) модулі үшін ТжКБ ұйымы әзірлейтін құжат;
- жұмыс оқу жоспары – ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және/немесе модульдердің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ олардың игерілуін бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
- кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;
- кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
- консультация – білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде білім алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;
- кредит – біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;
- кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;
- міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі;
- факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.
- тарау. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар
- ТжКБ-ның мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін:
- жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;
- зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
- өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді;
- аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді. орта буын мамандарының деңгейі үшін:
- жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін пәндерді, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;
- зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
- кәсіптік практикадан өтуді;
- егер жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарында өзгеше жұмыс түрлері көзделмесе, курстық және дипломдық (жазбаша немесе практикалық) жұмысты орындауды;
- аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көздейді. ӘАОО-да ТжКБ беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін,
- Жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша мамандық бейінін ескере отырып айқындалады.
"Информатика", "Қазақстан тарихы", "Дене тәрбиесі", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" жатады.
Мамандық бейініне байланысты ТжКБ ұйымдары оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлерінің екі пәнін таңдайды.
Жаратылыстану-математикалық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне "Физика", "Химия", "Биология", "География" жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандарттық деңгейдегі пәндерге "Дүниежүзі тарихы", "Биология", "География" жатады.
Қоғамдық-гуманитарлық бейіннің тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне "Дүниежүзі тарихы", "Химия", "Биология", "География" жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандартты деңгейдегі пәндерге "Физика", "Химия", "Графика және жобалау" жатады.
"Өнер және мәдениет" бейіні бойынша тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне "Шетел тілі", "Дүниежүзі тарихы", "География", "Химия" жатады. Бейіндік оқытудың осы бағытында стандарттық деңгейдегі пәндерге "Физика", "Биология", "Графика және жобалау" жатады.
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты дербес айқындайды.
Жалпы білім беру пәндері 1-2 курстарда оқытылады және базалық және/немесе кәсіптік модульдерге біріктірілуі мүмкін.
"Дене шынықтыру" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және теориялық оқыту кезеңінде аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады, оның ішінде факультативтік сабақтар немесе спорт секциялары есебінен аптасына 2 сағат жоспарлауға жол беріледі.
ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады. Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Жоғары дене жүктемесін көздейтін мамандықтар (хореография, спорт, цирк, актерлік өнері) үшін "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар арнайы пәндер немесе кәсіптік модульдер шеңберінде іске асырылады.
Білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар қыз балаларға ұлдармен бірге, "Медициналық білім негіздері" бөлімі бойынша – бөлек өткізіледі. "Әскери іс негіздері" бөлімі бойынша практикалық сабақтарға қыз балалар тартылмайды. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін білім алушылармен оқу-далалық (лагерьлік) жиындар
("Өнер және мәдениет" бейінін қоспағанда) өткізіледі. Оқу-дала жиындары кезінде қыз балалар медициналық қызметкердің жетекшілігімен білім беру ұйымдарында медициналық-санитарлық дайындықтан өтеді. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" кіріктірілген білім беру бағдарламасының мазмұны "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсы шеңберінде жүзеге асырылады (ӘАОО-ны қоспағанда).
- Білім беру бағдарламаларын ТжКБ ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы МЖБС, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.
- Базалық құзыреттерді қалыптастыру үшін ТжКБ ұйымы жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе базалық модульдерді зерделеуді көздейді (әскери мамандықтарды қоспағанда).
Білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:
- дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
- ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;
- экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;
- қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану.
"Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану" модулін қосуды орта буын мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларында көздеу қажет.
ТжКБ ұйымының қалауы бойынша базалық модульдер әскери мамандықтарды қоспағанда, мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.
- Кәсіптік модульдер/арнайы пәндер экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, біліктілік бойынша еңбек функциялары мен кәсіби міндеттердің мазмұнын көздейді.
ТжКБ ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады.
- ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Дуальды оқытуды пайдаланылатын ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.
ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтар сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуда және далалық жорықтарда жоспарланады. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған.
Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
ӘАОО-да кәсіптік практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.
- Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.
ӘАОО-да барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделген, оның негізгі түрі емтихан болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілінде оқытатын топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; орыс тілінде оқытатын топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және тереңдетілген деңгейдегі пән бойынша емтихандар өткізуді көздейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихандар "Жалпы білім беретін пәндер" модуліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.
Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында ТжКБ ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттау шығармашылық тапсырмалардың орындалуын көздейді.
Шығармашылық тапсырма туралы ережені ТжКБ ұйымы дербес әзірлейді.
ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсырудан және дене тәрбиесі пәні бойынша емтихан тапсырудан тұрады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (ақыл-ойы сақталмаған) үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында, өткізіледі, басқа санаттағылар үшін ТжКБ ұйымы айқындайды.
- Жұмыс оқу жоспарлары МЖБС 1, 2-қосымшаларына сәйкес ТжКБ оқу жоспарының моделі негізінде әзірленеді.
- Жұмыс оқу бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша әзірленеді және ТжКБ ұйымы бекітеді.
- "Хореография өнері" мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары 4 (5) - сыныптан және 9-сыныптан (9-сыныптан кейін) бастап қабылдауды ескере отырып әзірленеді.
- Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде ТжКБ ұйымы:
- міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, циклдердің, модульдердің/пәндердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды;
- бір мамандық шеңберінде модульдердің/біліктіліктердің жүйелігін, тізбесін және санын айқындайды;
- оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.
- Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі
- білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ білім беру бағдарламасын ішінара немесе толық меңгеруді көздейтін арнайы оқу бағдарламалары (ақыл-ойы сақталмаған адамдар үшін);
- білім алушылардың физикалық бұзушылықтары мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКБ мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы негізінде жеке оқу бағдарламалары мен жоспарлары (ақыл-ойы сақталған адамдар үшін).
- Оқыту нәтижелеріне негізделген білім беру бағдарламасының мазмұны: жұмысшы біліктілігін;
орта буын маманын игере отырып, оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді.
- тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
- Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды.
- ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар, полигондарда, практикалардың барлық түрлерін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 54 сағатына дейінгі есеппен жоспарланады.
- Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредит/1440 сағатты құрайды.
- Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді.
- Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.
- тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
- Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.
- білікті жұмысшы кадрларды даярлау кезінде: қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық
- орта буын мамандарын даярлау кезінде: маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.
- тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар
- ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері біліктіліктердің күрделілігіне және/немесе санына байланысты және МЖБС модельдеріне сәйкес көзделген кредиттер/сағаттардың көлемімен айқындалады.
жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі
№ | Модульдердің және оқу қызметі түрлерінің атауы | Кредит/сағат саны | |||
ЕББҚ бар тұлғалар үшін (ақыл-ойы сақталмаған) | негізгі орта білім базасында | жалпы орта білім базасында | техн кәсіп базас | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1 | "Жалпы білім беру пәндері" модулі* | + | 60/1440 | - | - |
2 | Базалық модульдер | + | + | + | |
3 | Кәсіптік модульдер | + | + | + | |
3.1 | Жұмысшы біліктілігі бойынша кәсіптік модульдер** | + | + | + | |
3.2 | Орта буын маманы бойынша кәсіптік модульдер** | + | + | + | + |
4 | Аралық аттестаттау | + | + | + | + |
5 | Қорытынды аттестаттау | ||||
Міндетті оқыту қорытындысы |
Білікті жұмысшы кадрлар | 120/2880 | 120/2880-180/4320*** | 60/1440-120/2880*** | - | |
Орта буын маманы | - | 180/4320-240/5760**** | 120/2880-180/4320**** | 60/14 | |
6 | Факультативтік сабақтар | аптасына 4 сағаттан аспайды | |||
7 | Консультациялар | оқу жылына 100 сағаттан аспайды | |||
Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен | 138/3312 | 206/4944-274/6576 | 138/3312-206/4944 | 69/16 |
- "Хореографиялық өнері" мамандығы бойынша 38/912 кредит/ сағатты құрайды.
*** Біліктіліктің күрделілігіне және (немесе) санына байланысты анықталады.
**** Білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін бөлінген оқу уақытының көлеміне байланысты анықталады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
2-қосымша
Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлері үшін техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі
№ | Циклдердің, пәндердің және оқу жұмысының атауы | Кредит/сағат саны | |||
ЕББҚ бар тұлғалар үшін (ақыл-ойы сақталмаған) | негізгі орта білім базасында | жалпы орта білім базасында | техн кәсіп білім | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Білікті жұмысшы кадрлар | |||||
1 | Жалпы білім беру пәндері | + | 60/1440 | - | - |
2 | Жалпы гуманитарлық пәндер | + | + | + | + |
3 | Жалпы кәсіптік пәндер | + | + | + | + |
4 | Арнайы пәндер | + | + | + | + |
5 | Өндірістік оқыту және кәсіптік практика* | міндетті оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 4 | |||
6 | Аралық аттестаттау | + | + | + | + |
7 | Қорытынды аттестаттау | + | + | + | + |
Міндетті оқыту қорытындысы | 120/2880 | 120/2880-180/4320** | 60/1440-120/2880** | 60/14 | |
8 | Факультативтік сабақтар | аптасына 4 сағаттан аспайды | |||
9 | Консультация | оқу жылына 100 сағаттан аспайды | |||
Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен | 138/3312 | 138/3312-207/4968** | 69/1656-138/3312** | 69/16 | |
Орта буын маманы | |||||
1 | Жалпы білім беру пәндері | 60/1440 | - | - | |
2 | Жалпы гуманитарлық пәндер | + | + | + | |
3 | Әлеуметтік- экономикалық пәндер | + | + | + | |
4 | Жалпы кәсіптік пәндер | + | + | + | |
5 | Арнайы пәндер | + | + | + | |
6 | Өндірістік оқыту және кәсіптік практика* | міндетті оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 4 | |||
7 | Аралық аттестаттау | + | + | + | |
8 | Қорытынды аттестаттау | + | + | + | |
Міндетті оқыту қорытындысы | 180/4320-240/5760 | 120/2880-180/4320 | 60/14 | ||
9 | Факультативтік сабақтар | аптасына 4 сағаттан аспайды | |||
10 | Консультация | оқу жылына 100 сағаттан аспайды | |||
Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен | 206/4944-274/6576** | 138/3312-206/4944** | 69/16 |
- оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық- практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына 6-қосымша
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
- МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
- базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білім, білік және дағдылардың жиынтығы;
- базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
- білім алушының жеке компоненті – жобалау жұмысы арқылы біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі;
- білім беру ұйымының таңдау компоненті – WorldSkills стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру ұйымы анықтайтын модульдер тізбесі;
- демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
- дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
- жеке оқу жоспары – меңгерілетін орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы шегінде жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;
- жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық жұмысы;
- жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты модулі үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
- жұмыс оқу жоспары – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін модульдерінің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ олардың игерілуін бақылау нысанын регламенттейтін құжат;
- кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;
- кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
- консультация – білім беру бағдарламаcын меңгеру кезінде білім алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;
- кредит – біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;
- кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;
- міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін модульдерінің тізбесі;
- факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.
- Орта білімнен кейінгі білімнің мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
- Білім беру бағдарламаларын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы МЖБС-ның, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.
- Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының жекелеген модульдерін немесе пәндерін енгізе отырып, модульдерге интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді.
- Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары кредиттік- модульдік технологияны қолдана отырып, құзыреттілік тәсіл негізінде құрылады.
- Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары базалық құзыреттерді қалыптастыратын базалық модульдерді оқытуды көздейді.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай базалық модульдер оқытылады:
- дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
- ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;
- қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану;
- кәсіби қызметте қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін қолдану.
Қосымша базалық модульдерді қосуға рұқсат етіледі.
- Кәсіптік модульдер экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, біліктілік бойынша еңбек функциялары мен кәсіби міндеттердің мазмұнын көздейді.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының қалауы бойынша біліктілікті меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейту мақсатында кәсіптік модульдер шеңберінде жобалау жұмысы арқылы білім алушының жеке компоненті іске асырылады.
- Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Дуальды оқытуды пайдаланылатын орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.
- Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әр түрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.
Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттауды өткізу кезінде шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген. Шығармашылық тапсырма туралы ережені орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес әзірлейді.
Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында өткізіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.
- Жұмыс оқу жоспарлары МЖБС-ның қосымшасына сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі негізінде әзірленеді.
- Жұмыс оқу бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, оқу жоспарының барлық модульдері бойынша әзірленеді және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бекітеді.
- Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы:
- міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, циклдердің, модульдердің көлемі мен мазмұнын дербес айқындайды;
- бір мамандық шеңберінде модульдердің/біліктіліктердің жүйелігін, тізбесін және санын айқындайды;
- Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының мазмұны жұмысшы біліктілігін игере отырып, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейді және білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді және мәндес мамандықтар (біліктіліктер) бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту нәтижелері мен кредиттерді/сағаттарды қайта есептеуді қамтамасыз етеді.
- тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
- Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды.
- Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредитті/1440 сағатты құрайды.
- Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді.
- Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.
- тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
- Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді.
әзірлеу және ұсыну шеберлігі мен дағдысы), ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзетуді орындау.
- тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар
- Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері білім беру деңгейлеріне байланысты анықталады:
- жалпы орта білім базасында 180 кредит;
- техникалық және кәсіптік білім базасында білікті жұмысшы біліктілігімен 120 кредит;
- техникалық және кәсіптік білім базасында орта буын маманы біліктілігімен 60 кредит.
қосымша
Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі
р/н | Оқу қызметінің модульдері мен түрлерінің атауы | Кредиттер/сағаттар саны | ||
Орта буын маманы біліктілігімен техникалық және кәсіптік білім базасында | Білікті жұмысшы кадрларының біліктілігімен техникалық және кәсіптік білім базасында | Жалпы базасынд | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Базалық модульдер | + | + | + |
2 | Кәсіптік модульдер | |||
2.1 | Білікті жұмысшы кадрларының деңгейі бойынша кәсіптік модульдер* | 60/1440 | - | - |
2.2 | Қолданбалы бакалавр біліктілігінің кәсіптік модульдері* | 120/2880** | 120/2880** | 60/1440 |
3 | Аралық аттестаттау | + | + | + |
4 | Қорытынды аттестаттау | + | + | + |
Міндетті оқыту жиыны | 180/4320 | 120/2880 | 60/1440 | |
5 | Факультативтік сабақтар | аптасына 4 сағаттан аспайды | ||
6 | Консультация | оқу жылына 100 сағаттан аспайды | ||
Барлығы | 206/4944 | 138/3312 | 69/1656 |
* өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдің кемінде 40% -ын құрайды.
** орта буын маманының мәндес біліктілігінің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы "3" тамыздағы
№ 348 бұйрығына
7 қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
- "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
- "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20580 болып тіркелген).
- "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21146 болып тіркелген).
- "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК