14
желтоқсан
2018
Логикалық тапсырмалардың оқушының сыни ойлауына әсері
2018-2019 оқу жылы. Биология пәні мұғалімі К.Әбілқасымова аудандық ашық есік күнінде "Логикалық тапсырмалардың оқушының сыни ойлауына әсері" атты аудан ұстаздарына шебер-сынып өтті. Шебер-сыныпта биология пәні бойынша логикалық сұрақтармен жұмыс жасалды. Оқушы рөліне енген ұстаздар логикалық сұрақтармен жұмыс жасауда қызу белсенділік танытты. Шебер - сынып нәтижесінде әр мұғалімнің көкейінде баланың пәнге қызығушылығын арттыруда логикалық тапсырмалардың рөлі ерекше екендігі туралы ой қалыптасты.