13
қазан
2021
«Талантты және дарынды балалармен жұмыс- педагогикалық ұжым жұмысының басты нысаны»
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сай 2021 жылдың 13 қазанында мектеп директорының ғылыми- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Талантты және дарынды балалармен жұмыс- педагогикалық ұжым жұмысының басты нысаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп - гимназия директорының орынбасары А.Алибекова «Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары» тақырыбында мектебіміздің іс - тәжірибесімен бөлісті.
